Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


//БАЛАЛАР «ӘУМИН» ДЕП ҚЫДЫР АТА, НАУРЫЗ ӘЖЕМЕН БІРГЕ



Pdf көрінісі
бет41/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99
Байланысты:
Китапша

//БАЛАЛАР «ӘУМИН» ДЕП ҚЫДЫР АТА, НАУРЫЗ ӘЖЕМЕН БІРГЕ 
ОРЫНДАРЫНА ЖАЙҒАСАДЫ// 
Жүргізуші
:
Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым!
Мереке құтты болсын! Осымен бүгінгі мерекелік кешіміз аяқталды. Барлығыңызды Наурыз 
көжеден дәм татуға шақырамыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!
//БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ОРТАҚ ФОТОСУРЕТКЕ 
ТҮСУ РӘСІМІ//


36
«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҰЛДАРЫ» 
3+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий
 
 МАҚСАТЫ:
-
Балаларға 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі туралы түсінік беру. 
- Ән айту, өлең оқу арқылы балалардың сөздік қорын дамыту. 
- Елінің патриоты болуға, ер азаматтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
ҚАТЫСУШЫЛАР:
 
ӨТЕТІН КҮНІ: 
 
УАҚЫТЫ: 
 
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
сурет ілуге арналған стенд, ертеңгілік тақырыбы, көгілдір 
шарлар, ұлдарға арналған сыйлық. 
 
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР:
жүргізушінің сахналық костюмі, бүлдіршіндерге 
арнайы тігілген әскери киімдер, пилоткалар
 
БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
көк түсті перделер, қыранның, алтын 
күннің суреті
ҰЗАҚТЫҒЫ:
20 минут
БАРЫСЫ:
БАСЫ (8 МИНУТ):
БАСТАЛУЫ:
Ақ жейде киген ұлдар мен ақ көйлек киген қыздар мерекеге сай безендірілген 
сахнаға шығады. Екі қатар тізіп тұрады. Қолдарына көгілдір түсті шар ұстайды. Фан-фар дыбысымен 
ортаға жүргізуші шығады. 
Жүргізуші:
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыға!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі де 
келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға 
деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ендеше бүгінгі «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР 
ҰЛДАРЫ» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет