44
Қойының толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек куып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың. (жаз)
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. (күз)
Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, бізге жыл мезгілдері қонаққа келген екен.
Музыка қосылады. Жыл мезгілдері балаларға қол бұлғап ортаға шығады. Амандасады.
Жүргізуші:_Расымен_де,_күз_мезгілі_кешігіп_жатқан_болар_Еркебала'>Тәрбиеленуші:
Апай, жыл мезгілі төртеу емес пе?
Жүргізуші:
Расымен де, күз мезгілі кешігіп жатқан болар?
Еркебала:
Күзді мен ренжітіп алдым, - деді ортаға шығып. – Мен күз мезгілін қызықсыз деп
ойладым. Ал қазір балалардың биін тамашалап, тақпақтарын тыңдап, күздің берекелі, мерекелі мезгіл
екенін түсіндім.
Жүргізуші:
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Балалар, Еркебаланың күзді қайта оралтуына
көмектесейік. Қанекей, бәріміз бірге көңілді ән салайық.
СОҢЫ: (7 МИНУТ)
//МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ. БАРЛЫҒЫ БІРГЕ «СӘЛЕМ, СӘЛЕМ АЛТЫН КҮЗ!» ӘНІН
ОРЫНДАЙДЫ. ӘН АЯҚТАЛҒАН СОҢ ОРТАҒА «КҮЗ» МЕЗГІЛІ КЕЛЕДІ//
Күз:
Сәлеметсіздерме, достар! Мен – Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. Тамаша әндеріңді
естіп, қонаққа келдім сендерге. Сендермен бірге Еркебала да көңілді ән салыпты.
Еркебала:
Иә, күз, мені кешірші! Сенің ерекшелігінді енді түсіндім. Әр жыл мезгілі өзгеше, әр
мезгілі тамаша болады екен. Қош келдің, Алтын күз!
Күз:
Бәрекелді, керемет! Менің кереметім,байлығым өте көп. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктері
мен әсемділігі болады. Соны түсінгенің өте дұрыс болыпты, балақай!
Жүргізуші:
Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз
де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын
күзімізге арналған «Өлкемізге күз келді» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
//БАЛАЛАР ҚОЛ ШАПАЛАҚ СОҒАДЫ. МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ.
Достарыңызбен бөлісу: