Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


БАРЛЫҒЫ ОРТАҒА ЖИНАЛЫП ЕСТЕЛІК СУРЕТКЕ ТҮСЕДІ//



Pdf көрінісі
бет50/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
Байланысты:
Китапша

БАРЛЫҒЫ ОРТАҒА ЖИНАЛЫП ЕСТЕЛІК СУРЕТКЕ ТҮСЕДІ//
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ» 
атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
4+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий
 
МАҚСАТЫ:
- Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан 
етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, 
мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
- Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың
байлығын қорғауға, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
ҚАТЫСУШЫЛАР: 
 
ӨТЕТІН КҮНІ: 
 
УАҚЫТЫ: 
 
КЕЙІПКЕРЛЕР:
Батыр бала, Алтын адам киіміндегі биші қыздар, өзге ғаламшарлықтар
жүргізуші.
 
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР:
Батыр киімдері, Алтын адам киімдері, ұл балаларға 
арналған көгілдір түсті жейде, қыз балаларға арналған сары түсті көйлек, өзге ғаламшарлықтардың 
сахналық костюмдері.


45
 
БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 
Безендіруге мемлекеттік рәміздердің 
суреттері, шаңырақ, ақ ленталар, жұлдыздар, космостық кеме, өзге ғаламшарлықтар костюмдері, бала-
лардың салған суреттері. 
ҰЗАҚТЫҒЫ: 
25 минут
БАСЫ (10 МИНУТ)
Қатысушылар: 
жүргізуші, батырлар, Алтын адамдар
Музыкалық номер: 
«Тәуелсіз елдің ұранымыз» әні, «Ұлытау» күйі, «Алтын адам» биі
Барысы:
«Тәуелсіз елдің ұланымыз» әні қосылады (
https://www.youtube.com/watch?v= 
WKYMHOUqI90
)

Батыр киімін киген тәрбиеленуші ортаға шаңырақ макетін алып шығады. Алтын 
адам киімін киген алты қыз бала ортаға шығып, шаңырақтың жан-жағындағы ақ лентаны (уық) алып, 
алты бағытта созып ұстайды. Көгілдір түсті жейде киген ұл балалар және сары түсті көйлек киген қыз 
балалар екі қатармен ортаға шығып, батырдың екі жақ шетіне тұрады. Музыка аяқталып, Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік Гимні қосылады. Тәрбиеленушілер және қонақтар орындарынан тұ-
рып, оң қолын жүрек тұсына қойып әнұранды орындайды. 
Жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Армысыздар, құрметті қонақтар! Егеменді елдің күміс қоңырауы __ жылдың қуаныш дабылын 
қағып тұр. Ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! «Тәуелсіз елдің ұланымыз» 
атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет