Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет48/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99
Байланысты:
Китапша

Әже: 
Балам, күз мезгілінің берер сыйы туралы әлі де біле жатарсың. Ал қазір жатып ұйықтай ғой. 
//ЕРКЕБАЛА КЕРЕУЕТКЕ ЖАТЫП ҰЙЫҚТАЙДЫ//ӘЖЕСІ БӨЛМЕДЕН ШЫҒЫП 
КЕТЕДІ. САҒАТ ЖҮРІСІНІҢ ДЫБЫСЫ ҚОСЫЛАДЫ. (
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/
WATCH?V=CKIHK1XVZI0
 ) БӨЛМЕГЕ ҚЫС (АҚ КӨЙЛЕК КИГЕН ҚЫЗ БАЛА), КӨКТЕМ 
(ГҮЛДІ КӨЙЛЕК КИГЕН ҚЫЗ БАЛА) ЖӘНЕ ЖАЗ (ЖЕҢІЛ ЖЕЙДЕ МЕН ШОЛАҚ ШАЛБАР, 
БАСЫНА КЕПКА КИГЕН ҰЛ БАЛА) КІРІП, ЕРКЕБАЛА ЖАТҚАН КЕРЕУЕТТІҢ ЖАНЫНА 
ҚАЗ-ҚАТАР ТҰРАДЫ. ЕРКЕБАЛА ОЯНЫП КЕТІП, ОТЫРЫП КӨЗІН УҚАЛАЙДЫ//
Еркебала:
Сендер кімсіңдер, ей?
Үшеуі:
Біз жыл мезгілдеріміз. 
Еркебала:
Бір, екі, үш. Жыл мезгілі төртеу ғой. Ал сендер үшеусіңдер. 
Қыс: 
Мен қыс мезгілімін.
Көктем:
Мен көктем мезгілімін. 
Жаз: 
Мен жаз мезгілімін. 
Еркебала:
Ал, күз мезгілі қайда?
Жаз: Күз мезгілі саған ренжіп кетіп қалды. 
Қыс:
Ол қайтып келуі үшін, сен күз мезгілінің кереметін түсінуің қажет. 
Көктем:
Бізбен бірген жүр. «Өлкемізге күз келді» ертеңгілігін тамашалайық. 
Жаз: 
Сонда сен күздің ерекшелігін түсінесің және күз бізге қайтып оралады. 
ОРТАСЫ (8 МИНУТ)
//ҚЫС, КӨКТЕМ, ЖАЗ МЕЗГІЛДЕРІ ЖӘНЕ ЕРКЕБАЛА ОРТАНЫ БІР АЙНАЛЫП, САХНАНЫҢ 
ОҢ ЖАҚ ШЕТІНЕ ЖАЙҒАСАДЫ. МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ. ОРТАҒА БАЛАЛАР (САРЫ КӨЙЛЕК 
КИГЕН ҚЫЗ БАЛАЛАР МЕН САРЫ ЖЕЙДЕ КИГЕН ҰЛ БАЛАЛАР, ҚОЛДАРЫНДА САРЫ 
ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ ЖАПЫРАҚТАРЫ БАР) ШЫҒАДЫ. 
(
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=8PEW28JUQME
) «АЛТЫН КҮЗ» БИІН БИЛЕЙДІ. 
БИЛЕП БОЛҒАН БАЛАЛАР ҚАТАР ТІЗІП ТҰРАДЫ. ОРТАҒА ЖҮРГІЗУШІ ШЫҒАДЫ.//


43
Жүргізуші: 
Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.
Армысыздар, қадірлі қонақтар! «Өлкемізге күз келді» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! 
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
Ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет