Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


//ОРТАҒА КІТАП БОЛЫП КИІНГЕН БҮЛДІРШІН ШЫҒАДЫ//



Pdf көрінісі
бет45/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99
Байланысты:
Китапша

//ОРТАҒА КІТАП БОЛЫП КИІНГЕН БҮЛДІРШІН ШЫҒАДЫ//
Кітап: 
Ағарып атқан таң нұрын,
Ғылымнан ғана ұғасың.
Халқыңның тарих-тағдырын,
Менен оқып шығасың.
Сәлем, балалар. Мені таныдыңдар ма? 
Балалар «Кітап» деп жауап береді.
Жүргізуші: 
Балалар, кітап бізге не үшін қажет? 
Балалар: 
Кітап – адамның ең сенімді серігі. Кітап бізге оқу үшін, білім алу үшін, дүниенің қыр-
сырын білу үшін қажет. 
//ОРТАҒА ДӘПТЕР БОЛЫП КИІНГЕН ЕКІ БҮЛДІРШІН ШЫҒАДЫ//
1-дәптер: 
Дәптер сенің сырласың,
Дәптер досың болады.
Әріптердің тұлғасы
Дәптеріңе қонады.


41
2-дәптер:
Айтқан сөзін құпта да,
Ұстазыңды құрметте.
Дәптеріңді күт, бала,
Дәптеріңді кірлетпе.
Жүргізуші:
 Балалар, дәптердің
де біз үшін пайдасы көп. Дәптерге әріп, сандарды жазып, сызу 
сызып үйренеміз. Дәптердің сыртын қаптап, таза ұстау керек.
//ОРТАҒА ҚАЛАМ МЕН ҚАРЫНДАШ БОЛЫП КИІНГЕН ЕКІ БҮЛДІРШІН ШЫҒАДЫ//
Қалам:
Мен - қаламмын, қаламмын, 
Қағазға жазу жазамын. 
Із қалдырып сияммен,
Түрлі әріпті білдім мен. 
Қарындаш:
Түрлі пішін сызамын,
Суретті де саламын.
Қызыл, жасыл, сары, көк
Түрлі-түсті боламын.
Жүргізуші:
Балалар, жазуды немен жазамыз? Суретті немен саламыз? 
(Балалар жауап береді).
//ОРТАҒА ӨШІРГІШ ПЕН СЫЗҒЫШ БОЛЫП КИІНГЕН ЕКІ ТӘРБИЕЛЕНУШІ 
ШЫҒАДЫ//
Өшіргіш:
Қате жазсаң, өшіремін.
Бар міндетім – осы менің.
Тазалап ақ қағаз жүзін,
Жоқ етемін қарындаш ізін.
Сызғыш:
Жасыл, сары, қызылмын,
Әжептеуір ұзынмын.
Тұла бойым толған сан,
Түп-түзумін қолдансаң.
Балалар, бізді таныдыңдар ма? 
(Балалар жауап береді)
Жүргізуші: 
Балалар, сендер тағы қандай оқу құралдарын білесіңдер? (Балалар өзге де оқу құ-
ралдарын атайды). Жарайсыңдар, осы оқу құралдары біздің білім алудағы көмекшіміз. Әдепті баланың 
оқу құралдары таза, жинаулы, ұқыпты болуы керек. Ал, енді, балалар, «Сөмкеге сал» ойынын ойнайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет