Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет43/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99
Байланысты:
Китапша

Екінші қыз бала:
Ойнаймыз, күлеміз,
Жарқылдап жүреміз.
Әкені сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
Үшінші қыз бала:
Отан қорғаушы ағалар, 
Елімізді қорғайды. 
Олар барда біздерге, 
Еш жамандық болмайды.
Төртінші қыз бала: 
Абыройың асқақтап
Қанаттарың талмасын. 
Аман болшы ағалар, 
Бейбіт күн тауып жалғасын.
Бесінші қыз бала: 
Жаны ашып тұратын, 
Көңілдерін бұратын,
Аға-ініге мың алғыс, 
Бар жақсыны қылатын.
Алтыншы қыз бала:
«Балғын бөбек, балалар,
Болсыншы, – деп, – көңілді»,
Ер жауынгер ағалар,
Күзетеді өмірді.
ОРТАСЫ (7 минут)
Музыкалық номер:
«Алға, Қазақстан» әні
Барысы: 
Музыка қосылады. Қыз балалар ортаға шығып «Алға Қазақстан» әніне би билейді. 
(
https://www.youtube.com/watch?v=gYmU5aax5XE
).
//БИДЕН КЕЙІН БАРЛЫҚ БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫНА «ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ» 
ТАҚЫРЫБЫНА АЛДЫН АЛА САЛҒАН СУРЕТТЕРІН АЛАДЫ (ТӘРБИЕШІНІҢ 
КӨМЕКШІСІ ҮЛЕСТІРІП БЕРЕДІ)// ӘР БАЛА ОРТАҒА КЕЗЕКПЕН ШЫҒЫП, СУРЕТІН 
АРНАЙЫ СТЕНДКЕ ІЛЕДІ// ҚЫЗДАР ОҢ ЖАҚ ШЕТКЕ ОРНАЛАСАДЫ, ҰЛ БАЛАЛАР 
ОРТАДА ҮШ ҚАТАР ТІЗІП ТҰРАДЫ//
Бірінші қатар хормен:
Кең жазық Отан мекенім,
Сенде өсіп көктедім.
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.
Екінші қатар хормен:
Еркін елдің түлегіміз,
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жүрегіміз,
Жалындап тұр жүрегіміз.
Үшінші қатар хормен: 
Отаным менің Қазақстан,
Қарызбын саған әрқашан.
Азаматтық борышты,
Өтеуге мәңгі талпынам.
СОҢЫ (5 минут): 
Музыкалық номер:
«Ел қорғауға әзірміз» әні
Барысы: 
Ұл балалар тақпақ айтып болған соң музыка қосылады. Қыз балалар қатармен шығып 
ұлдарға сыйлықтарын (ойыншықтар) табыстайды. 
//ЖАРТЫЛАЙ ШЕҢБЕР ЖАСАП ТҰРЫП, БАРЛЫҒЫ БІРГЕ «ЕЛ ҚОРҒАУҒА ӘЗІРМІЗ» 
ӘНІН ОРЫНДАЙДЫ (
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=EHXHPM2EN78
)//
Жүргізуші: 
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға 
деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала берері сөзсіз. Ендеше аспанымыз ашық
еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі 
кездескенше аман сау болыңыздар!
//ОРТАҚ ФОТОҒА ТҮСУ РӘСІМІ//


38


39


40
«КЕЛ БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!» 
АТТЫ БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІК
4+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий
 
МАҚСАТЫ 

Білім күні туралы түсінік қалыптастыру, оқу құралдарының не үшін керек екенін ұғындыру. 
- Балалардың сөздік қорын байыту, сөйлеу әрекетін, қиялын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Балаларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын ұқыпты, таза ұстауға 
тәрбиелеу.
 
ҚАТЫСУШЫЛАР: 
 
 КҮНІ:
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет