Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


Жүргізуші : Балалар, мульфильм ұнады ма? Балалар



Pdf көрінісі
бет39/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99
Байланысты:
Китапша

Жүргізуші
: Балалар, мульфильм ұнады ма?
Балалар
: Иә, ұнады.
Жүргізуші
: Мультфильм не туралы?
Балалар
: Наурыз мерекесі туралы.
Жүргізуші
: Мультфильмде қандай ұлттық бұйымдарды көрдіңдер?
Балалар
: Асық, торсық, қамшы.
Жүргізуші
: Жарайсыңдар! Қандай ұлттық тағамдарды көрдіңдер?
Балалар
: Наурыз көже, бауырсақ, құрт, қымыз, ірімшік. 
Жүргізуші
: Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар! Наурыз мерекесінде дастарқанымыз 
ұлттық тағамдарға толады. Әжелеріміз жеті түрлі дәм салып наурыз көже пісіреді.Наурыз күні қазақ 
халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі. Қыз қуу, асық ату, көкпар, аударыспақ, күрес, арқан тарту 
сияқты қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады. Ендеше, балалар, біз де ойын ойнаймыз.
Балалар
: Алақай, алақай!
Жүргізуші
:
Наурыз тойын тойлайық
Қолға асық алайық.
Кел, балалар, жиналып,
«Ханталапай» ойнайық!
//БАЛАЛАР ОЙЫН ЖҮРГІЗУШІНІҢ АЙНАЛАСЫНА ЖАРТЫ ШЕҢБЕР ҚҰРЫП 
ОТЫРЫСАДЫ// ОЙЫН ЖҮРГІЗУШІ ҚОЛЫНДАҒЫ АСЫҚТЫ «ХАНТАЛАПАЙ» ДЕП 
ОРТАҒА ҚАРАЙ ШАШЫП ЖІБЕРЕДІ// ОТЫРҒАНДАР ТЕЗ-ТЕЗ ЖИЫП АЛУЛАРЫ 
КЕРЕК// ОЙЫННЫҢ МАҚСАТЫ - БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН АРТТЫРУ, ЖҮЙКЕ 
ЖҮЙЕЛЕРІН ШЫҢДАУ, ТІЛІН ДАМЫТЫП, ЕСЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ//(1 
МИНУТ)
Жүргізуші
:
Наурыз тойын тойлайық, 
Екі топ болып тұрайық. 
Күшімізді біз сынап,
«Арқан тартыс» ойнайық!
//«НАУРЫЗ АЙЫ ТУҒАНДА» ӘНІ ҚОСЫЛАДЫ// БАЛАЛАР ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНІП 
ТҰРАДЫ// АРҚАННЫҢ ЕКІ ЖАҒЫНАН ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНГЕН БАЛАЛАР 
ТАРТЫСАДЫ// ҚАЙ ТОП АРҚАНДЫ ӨЗ ЖАҒЫНА ТАРТЫП АЛСА, СОЛ ТОП ЖЕҢІСКЕ 
ЖЕТЕДІ (3 МИНУТ)//
Жүргізуші
:
Ақсерек, көксерек
Шауып алдым бәйтерек. 
Ақсерек, көксерек, 
Бізден сізге кім керек? 
– деп «Ақсерек-көксерек» ойынын ойнайсақ қайтеді?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет