Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет38/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   99
Байланысты:
Китапша

ҚАТЫСУШЫЛАР:
 
ӨТЕТІН КҮНІ: 
 
УАҚЫТЫ: 
 
КЕЙІПКЕРЛЕР: 
жүргізуші, Қыдыр Ата, Наурыз әже, Наурыз мерекесін тойлаушы балалар. 
 
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
интербелсенді тақта, презентация, мультфильм, киіз үй, 
дастарқан, ұлттық тағамдар, ұлттық киім, ұлттық бұйымдар.
ҰЗАҚТЫҒЫ:
25 минут 
БАРЫСЫ:
БАСЫ (5 МИНУТ)
БАСТАЛУЫ
: Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Бір бұрышта ішкі көрінісі жабдықталған 
киіз үй (дөңгелендіре төсек көрпелер төселген, ортада дөңгелек үстелде ұлттық тағамдар қойылған) 
тұрады.
Жүргізуші:
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастарқан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам - Наурызға шақырамыз!
//МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІН КИГЕН БАЛАЛАР ЗАЛҒА КІРІП 
ЖАЙҒАСАДЫ//
Жүргізуші:
Армысыздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі 
есігімізден енгелі тұр. Ендеше, Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни 
бұл күн – біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. 
Наурыз тойы құтты болсын! 
(Ж – ЖҮРГІЗУШІ, Б – БАЛАЛАР). 


34
Ж: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Б: - Көктем. 
Ж: - Ал, қазір көктемнің қай айы?
Б: - Наурыз. 
Ж: - Наурызда қандай мереке тойланады?
Б: - Әз-Наурыз мерекесі.
Жүргізуші
: Дұрыс, балалар! Наурыз айында ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланады. 
Сендер осы мереке туралы жақсы білулерің үшін бірге мультфильм көрейік, жарай ма?
Балалар хормен
: Иә, иә, иә!
ОРТАСЫ (10 МИНУТ):
Музыкалық номер: 
«Наурыз айы туғанда» әні
Барысы
: Балалар мен қонақтар интербелсенді тақтадан «НАУРЫЗ - НАҒЫЗ ЖАҢА ЖЫЛ» атты 
қазақша мультфильмді тамашалайды, Наурыз мерекесі туралы ақпаратты тыңдайды. Мультфильм біт-
кен соң балалар қол шапалақтайды. (
https://www.youtube.com/watch?v=TkJcKbrWQ5o
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет