Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


//ОЙЫННЫҢ ШАРТЫ БОЙЫНША БАЛАЛАР ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНІП, АРАЛАРЫН



Pdf көрінісі
бет40/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99
Байланысты:
Китапша

//ОЙЫННЫҢ ШАРТЫ БОЙЫНША БАЛАЛАР ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНІП, АРАЛАРЫН 
ЖИЫРМА ҚАДАМДАЙ АШЫП, ТІЗІЛІП, ҚОЛ ҰСТАСЫП ТҰРАДЫ// АТЫ АТАЛҒАН БАЛА 
ЖҮГІРГЕН КҮЙІ ҚАРСЫ ТОПТЫҢ ҰСТАСЫП ТҰРҒАН ҚОЛДАРЫН ҮЗІП ӨТУІ КЕРЕК// 
ҮЗСЕ, СОЛ ТОПТЫҢ БІР БАЛАСЫН ӨЗІМЕН АЛА КЕЛЕДІ, АЛ ҮЗЕ АЛМАСА, СОЛ 
ТОПТА ҚАЛА БЕРЕДІ. ҚАЙ ТОПТА БАЛА КӨП БОЛСА, СОЛ ТОП ЖЕҢЕДІ// БАЛАЛАР 
ЕПТІЛІККЕ, БІРЛІККЕ, ТОБЫ ҮШІН НАМЫСТАНЫП, ЖЕҢІСКЕ ТАЛПЫНУҒА ҮЙРЕНЕДІ 
(3 МИНУТ)//


35
СОҢЫ (10 МИНУТ):
Музыкалық номер: 
«Наурыз айы, алақай!» әні
Барысы:
Ойын аяқталған соң балалар өз орындарына тұрады. 
Жүргізуші: 
Балақайлар, ұлыстың ұлы күнінде, ұлттық мерекемізде ұлтымыздың ежелден келе 
жатқан ойындарын ойнап, көңілімізді бір көтеріп алдық. Ендігі кезекті балабақшамыздың білімді, 
өнерлі бүлдіршіндеріне берейік.
1-бүлдіршін:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне!
2- бүлдіршін:
 Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән саламыз бәріміз.
Би билейміз бәріміз!
«НАУРЫЗ АЙЫ, АЛАҚАЙ!» ӘНІ ҚОСЫЛАДЫ// БАЛАЛАР БИЛЕП, БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 
ӘНДІ ҚОСЫЛЫП АЙТАДЫ// (
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=4BBJOVRDW_A
 )
Жүргізуші

Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір!
Балалар, Ұлыстың Ұлы күні ақ батасын беріп, шашу шашатын кімдер екенін білесіңдер ме?
Балалар
: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші
: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды, шашуын шашуға Наурыз 
әжемізді шақырайық!
Наурыз әже

«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.)
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар
- деп Қыдыр атамыздан бата сұрайық.
Қыдыр ата
:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыстың ұлы күніңде,
Ұлың оңға қонсын,
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына шалынсын!
Әумин!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет