Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет47/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99
Байланысты:
Китапша

МАҚСАТЫ

Балалардың төрт мезгіл туралы түсініктерін кеңейте отырып, күз мезгілінің маусымдық 
өзгерістері жайлы түсінік қалыптастыру.

Балалардың ой-қиялдарын дамыту, өзін басқа заттың немесе тірі жанның орнына қойып сезіну 
іскерліктерін дамыту.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкер-
шілікке тәрбиелеу. 
 
ҚАТЫСУШЫЛАР: 
 
ӨТЕТІН КҮНІ: 
 
УАҚЫТЫ: 
 
 ОРНЫ: 
 
КЕЙІПКЕРЛЕР: 
Еркебала, әже, жүргізуші, Қыс, Көктем, Жаз, Алтын күз.
 
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ:
жасанды сары жапырақтар, кереует, суреттер, безендіруге 
арналған көрнекіліктер, интербелсенді тақта.
 
ҰЗАҚТЫҒЫ:
25 минут
 
БАРЫСЫ:
БАСЫ (10 МИНУТ)
Қатысушылар:
Әжесі, Еркебала,
Музыкалық номер:
Қойылымның барысы: 
Балалар көрермен болып отырады. Сахнаға кішкентай кереует қойы-
лады. Интербелсенді тақтада бөлменің суреті фон болып тұрады. Ортаға Еркебала жүгіріп шығады, 
артынан әжесі келеді. 
Әже: 
Еркебала, ұлым! Осылай күні бойы доп ойнап жүре бересің бе? Алаңсыз асыр салып, 
таңнан кешке дейін ойын-сауық құрып жүретін жаз мезгілі аяқталып, күз мезгілі де келіп жетті. 
Еркебала:
Ой, әже, күз келсе не болыпты? Допты жыл бойы ойнауға болады емес пе?
Әже: 
Жылдың төрт мезгілі бар. Қыс, көктем, жаз және күз. Әр жыл мезгілі өзінше ерекше. 
Адамдар табиғаттың өзгерістеріне сай іс-әрекет етеді. Әр жыл мезігіліне дайын болуымыз қажет. 
Еркебала:
Білемін! Қыста шанамен сырғанаймыз, қар ойнаймыз, жаңа жылды қарсы аламыз. 
Көктемде мерекелер өте көп, соларды тойлаймыз. Жазда шомыламыз, ойнаймыз. Ал, күзде жаңбыр 
жауады, балабақшаға барамыз, сабақ оқимыз. Күз келгенін қаламаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет