Жүргізуші
: Балалар, мульфильм ұнады ма?
Балалар
: Иә, ұнады.
Жүргізуші
: Мультфильм не туралы?
Балалар
: Наурыз мерекесі туралы.
Жүргізуші
: Мультфильмде қандай ұлттық бұйымдарды көрдіңдер?
Балалар
: Асық, торсық, қамшы.
Жүргізуші
: Жарайсыңдар! Қандай ұлттық тағамдарды көрдіңдер?
Балалар
: Наурыз көже, бауырсақ, құрт, қымыз, ірімшік.
Жүргізуші
: Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар! Наурыз мерекесінде дастарқанымыз
ұлттық тағамдарға толады. Әжелеріміз жеті түрлі дәм салып наурыз көже пісіреді.Наурыз күні қазақ
халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі. Қыз қуу, асық ату, көкпар, аударыспақ, күрес, арқан тарту
сияқты қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады. Ендеше, балалар, біз де ойын ойнаймыз.
Балалар
: Алақай, алақай!
Жүргізуші
:
Наурыз тойын тойлайық,
Қолға асық алайық.
Кел, балалар, жиналып,
«Ханталапай» ойнайық!
//БАЛАЛАР ОЙЫН ЖҮРГІЗУШІНІҢ АЙНАЛАСЫНА ЖАРТЫ ШЕҢБЕР ҚҰРЫП
ОТЫРЫСАДЫ// ОЙЫН ЖҮРГІЗУШІ ҚОЛЫНДАҒЫ АСЫҚТЫ «ХАНТАЛАПАЙ» ДЕП
ОРТАҒА ҚАРАЙ ШАШЫП ЖІБЕРЕДІ// ОТЫРҒАНДАР ТЕЗ-ТЕЗ ЖИЫП АЛУЛАРЫ
КЕРЕК// ОЙЫННЫҢ МАҚСАТЫ - БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫН АРТТЫРУ, ЖҮЙКЕ
ЖҮЙЕЛЕРІН ШЫҢДАУ, ТІЛІН ДАМЫТЫП, ЕСЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ//(1
МИНУТ)
Жүргізуші
:
Наурыз тойын тойлайық,
Екі топ болып тұрайық.
Күшімізді біз сынап,
«Арқан тартыс» ойнайық!
//«НАУРЫЗ АЙЫ ТУҒАНДА» ӘНІ ҚОСЫЛАДЫ// БАЛАЛАР ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНІП
ТҰРАДЫ// АРҚАННЫҢ ЕКІ ЖАҒЫНАН ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНГЕН БАЛАЛАР
ТАРТЫСАДЫ// ҚАЙ ТОП АРҚАНДЫ ӨЗ ЖАҒЫНА ТАРТЫП АЛСА, СОЛ ТОП ЖЕҢІСКЕ
ЖЕТЕДІ (3 МИНУТ)//
Жүргізуші
:
Ақсерек, көксерек,
Шауып алдым бәйтерек.
Ақсерек, көксерек,
Бізден сізге кім керек?
– деп «Ақсерек-көксерек» ойынын ойнайсақ қайтеді?!
Достарыңызбен бөлісу: |