//ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ ОРЫНДАЛАДЫ//
Жүргізуші:
Бейбіт елдің бүлдіршіндері - сендерсіңдер. Біздің елдің ертеңі де өздерің. Тәуелсіз елде
тәтті күлкімен болашаққа қадам басып келе жатқан өздеріңдей балапандардың өнерін тамашалағаннан
артық бақыт бар ма?!
//ҚЫЗДАР МЕН ҰЛДАР ХОРМЕН «БЕЙБІТШІЛІК ЕЛ ҰРАНЫ, БЕЙБІТ ЕЛДІҢ БІЗ
ҰЛАНЫ» ДЕГЕН ҰРАНДЫ АЙТЫП, ҚОЛДАРЫНДАҒЫ ШАРДЫ ЖОҒАРЫ ЛАҚТЫРАДЫ
(КӨГІЛДІР ШАРЛАР ЖЕРДЕ ТӨГІЛІП ЖАТАДЫ// БАЛАЛАР ОРТАҒА ҚАРАЙ ШЫҒЫП,
ЖҰП-ЖҰБЫМЕН ДАЙЫНДАҒАН ОРЫНДАРЫНА ТҰРАДЫ// МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ,
БАЛАЛАР ВАЛЬС БИЛЕЙДІ// (
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=93UEMUY9AIM
)
ВАЛЬСТЕН КЕЙІН ЖҰП-ЖҰБЫМЕН ЕКІ ҚАТАР ТІЗІП, БІРІНІҢ АРТЫНА БІРІ ТҰРАДЫ//
ОҢ ЖАҚ ҚАТАР ОҢҒА БҰРЫЛЫП, СОЛ ЖАҚ ҚАТАР СОЛҒА БҰРЫЛЫП, КІШІ ШЕҢБЕР
ЖАСАП БАРЫП ОРЫНДАРЫНА ЖАЙҒАСАДЫ// ҰЛДАР АЛДЫМЕН ЖҰПТАРЫНА ОТЫРУҒА
КӨМЕКТЕСІП, ЖАНЫНА ӨЗДЕРІ ОТЫРАДЫ//
Жүргізуші:
Ей, қазақ жігіттері, елін сүйген
Бабалар айтқан сөзге ақыл түйген.
Қасиетті туған жер, елі үшін
Алаулап от секілді жанып күйген.
Ей, қазақ жігіттері, ұлттан туған!
Қазақты көркейтуге білім қуған.
Басқалар атағы үшін жер өртесе,
Қазақтың батырлары қорған болған.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі. Мереке күні біз ата, әке, ағаларымыздың ержүрек
істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ – еліміздің бар-
ша ер азаматтарын шын жүректен құттықтаймыз. Абзал азаматтарымызды құттықтауға бүлдіршін
қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Бірінші қыз бала:
Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім өнеге,
Ақ тілеуі атаның.
|