41
2-дәптер:
Айтқан сөзін құпта да,
Ұстазыңды құрметте.
Дәптеріңді күт, бала,
Дәптеріңді кірлетпе.
Жүргізуші:
Балалар, дәптердің
де біз үшін пайдасы көп. Дәптерге әріп, сандарды жазып, сызу
сызып үйренеміз. Дәптердің сыртын қаптап, таза ұстау керек.
//ОРТАҒА ҚАЛАМ МЕН ҚАРЫНДАШ БОЛЫП КИІНГЕН ЕКІ БҮЛДІРШІН ШЫҒАДЫ//
Қалам:
Мен - қаламмын, қаламмын,
Қағазға жазу жазамын.
Із қалдырып сияммен,
Түрлі әріпті білдім мен.
Қарындаш:
Түрлі пішін сызамын,
Суретті де саламын.
Қызыл, жасыл, сары, көк
Түрлі-түсті боламын.
Жүргізуші:
Балалар, жазуды немен жазамыз? Суретті немен саламыз?
(Балалар жауап береді).
//ОРТАҒА ӨШІРГІШ ПЕН СЫЗҒЫШ БОЛЫП КИІНГЕН ЕКІ ТӘРБИЕЛЕНУШІ
ШЫҒАДЫ//
Өшіргіш:
Қате жазсаң, өшіремін.
Бар міндетім – осы менің.
Тазалап ақ қағаз жүзін,
Жоқ етемін қарындаш ізін.
Сызғыш:
Жасыл, сары, қызылмын,
Әжептеуір ұзынмын.
Тұла бойым толған сан,
Түп-түзумін қолдансаң.
Балалар, бізді таныдыңдар ма?
(Балалар жауап береді)
Жүргізуші:
Балалар, сендер тағы қандай оқу құралдарын білесіңдер? (Балалар өзге де оқу құ-
ралдарын атайды). Жарайсыңдар, осы оқу құралдары біздің білім алудағы көмекшіміз. Әдепті баланың
оқу құралдары таза, жинаулы, ұқыпты болуы керек. Ал, енді, балалар, «Сөмкеге сал» ойынын ойнайық.
Достарыңызбен бөлісу: