Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


Балалар: Біз - Тәуелсіз елдің ұланымыз! Жүргізуші



Pdf көрінісі
бет53/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99
Байланысты:
Китапша

Балалар:
Біз - Тәуелсіз елдің ұланымыз!
Жүргізуші: 
Осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Асқақ та, абыройлы 
мереке құтты болсын! Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын! 
//ОРТАҚ ФОТОҒА ТҮСУ РӘСІМІ//
«СИҚЫРЛЫ ОЙЫНШЫҚТАР ӘЛЕМІ» АТТЫ ЖАҢА 
ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК
4+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий
 
 МАҚСАТЫ:

Балаларға ертегінің мән мағынасы арқылы әрбір мезгілдің, әр мерекенің өзіндік ерекшелігі бар 
екенін ұғындыру. 
- Бүлдіршіндерді көпшілік алдында өз өнерлерін қысылмай көрсетуге, дұрыс сөйлеуге, өзін-өзі 
мәдениетті ұстауға баулу, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
- Сыйластыққа, достыққа, бір-біріне мейірімділік көрсете білуге тәрбиелеу.
ҚАТЫСУШЫЛАР: 
 
ӨТЕТІН КҮНІ: 
 
УАҚЫТЫ:
 
КЕЙІПКЕРЛЕР:
Ханшайым, ханзада, сиқыршы, тышқандар, ойыншық қуыршақтар, Аяз ата, 
Ақша қар, қоян, қуыршақтар
 
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
Ертегі кейіпкерлері туралы презентация, қар қиындылары, 
сиқырлы айна, алтын жаңғақ, сағат.
 
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР:
Ханшайымға арналған сәнді көйлек, Аяз ата мен 
Ақша қардың сахналық костюмдері, сиқыршыға арналған образдық киім, тышқандардың, қоянның 
киімі.
 
БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
Әсем безендірілген шырша, мақтадан, 
әртүрлі қағаздардан жасалған қарлар, ақ түсті шарлар
ҰЗАҚТЫҒЫ: 
25 минут
БАРЫСЫ:
БАСЫ (8 МИНУТ)
• 
Қатысушылар: 
Ханзада, ханшайым, қуыршақ қыздар, сиқыршы
• 
Музыкалық номер: 
«Ертегілер әлемінде» әні 
• 
Қойылым барысы: 
Сахнаның ортасында әсем безендірілген шыршаны ханзада және қуыршақ 
қыздар айнала қоршай ойыншықтар секілді бір орында тұрады. Прожектор жанады. Жарықпен бірге 
балл кешінің сұлуларындай әсем киінген қыздар мен ханшайым шығып «Ертегілер әлемінде» әнін 
орындайды. Ән аяқталған сәтте сиқыршы да шырша жанында жиналған қауымға қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет