Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет49/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99
Байланысты:
Китапша

1-балақай: 
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
2-балақай: 
Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
3-балақай: 
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
4-балақай: 
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
5-балақай: 
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
6-балақай: 
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
7-балақай: 
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.
8-балақай: 
Думан толы асқарлы
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Жүргізуші:
Жарайсыңдар, балалар! Иә, балалар, табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін 
сыйлайтын сары «Алтын күзіміз» тағы келді. Балалар, мен сендерге тағы жұмбақ жасырғым келіп тұр. 
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады? (қыс)
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады. (көктем)


44
Қойының толы жеміске,
Көк майсалы еңісте. 
Көбелек куып ойнайтын, 
Қай мезгіл деп ойлайсың. (жаз)
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі. (күз)
Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, бізге жыл мезгілдері қонаққа келген екен. 
Музыка қосылады. Жыл мезгілдері балаларға қол бұлғап ортаға шығады. Амандасады. 
Жүргізуші:_Расымен_де,_күз_мезгілі_кешігіп_жатқан_болар_Еркебала'>Тәрбиеленуші:
Апай, жыл мезгілі төртеу емес пе?
Жүргізуші:
Расымен де, күз мезгілі кешігіп жатқан болар?
Еркебала:
Күзді мен ренжітіп алдым, - деді ортаға шығып. – Мен күз мезгілін қызықсыз деп 
ойладым. Ал қазір балалардың биін тамашалап, тақпақтарын тыңдап, күздің берекелі, мерекелі мезгіл 
екенін түсіндім. 
Жүргізуші:
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Балалар, Еркебаланың күзді қайта оралтуына
көмектесейік. Қанекей, бәріміз бірге көңілді ән салайық. 
СОҢЫ: (7 МИНУТ)
//МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ. БАРЛЫҒЫ БІРГЕ «СӘЛЕМ, СӘЛЕМ АЛТЫН КҮЗ!» ӘНІН 
ОРЫНДАЙДЫ. ӘН АЯҚТАЛҒАН СОҢ ОРТАҒА «КҮЗ» МЕЗГІЛІ КЕЛЕДІ//
Күз:
Сәлеметсіздерме, достар! Мен – Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. Тамаша әндеріңді 
естіп, қонаққа келдім сендерге. Сендермен бірге Еркебала да көңілді ән салыпты. 
Еркебала: 
Иә, күз, мені кешірші! Сенің ерекшелігінді енді түсіндім. Әр жыл мезгілі өзгеше, әр 
мезгілі тамаша болады екен. Қош келдің, Алтын күз!
Күз: 
Бәрекелді, керемет! Менің кереметім,байлығым өте көп. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктері 
мен әсемділігі болады. Соны түсінгенің өте дұрыс болыпты, балақай!
Жүргізуші:
Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз 
де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын 
күзімізге арналған «Өлкемізге күз келді» атты ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!
//БАЛАЛАР ҚОЛ ШАПАЛАҚ СОҒАДЫ. МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет