46
3-бүлдіршін:
Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
4-бүлдіршін:
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
5-бүлдіршін:
Отанды жас - кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де,
Туып, өмір сүреміз.
6-бүлдіршін:
Отан - менің өзегім,
Қиының болса төземін.
Алдағы бақыт шақтарды,
Жүрегіммен сеземін.
7-бүлдіршін:
Отаным - менің өзегім,
Қырыңды шарлап, кеземін.
Білу керек әр ұрпақ,
Бес саусақтай өз елін.
8-бүлдіршін:
Отаным - мәңгі қорғаным,
Қалаймын бақыт қонғанын.
Сүйемін және сондықтан,
Өзенін, көлін, орманын.
9-бүлдіршін:
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.
10-бүлдіршін:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің, сен Отан!
1- өзге ғаламшарлық:
Бәрекелді, қандай тамаша өлең жолдары!
2- өзге ғаламшарлық:
Отан дегеніміз не?
Жүргізуші:
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туыс-қандарымен, жақындарымен
бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі
таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар.
Егеменді Қазақстанбыз.
//«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРАНЫ» ӘНІ ҚОСЫЛАДЫ// БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫНА АЛДЫН-АЛА
САЛЫП ДАЙЫНДАҒАН (МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР, АЛТЫН АДАМ, БӘЙТЕРЕК, ОТАН,
ТУҒАН ЖЕР) СУРЕТТЕРІН АЛЫП, ЖАРТЫЛАЙ ШЕҢБЕР ЖАСАП ТҰРАДЫ// ХОРМЕН
ӘНДІ ОРЫНДАЙДЫ //(
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=ZT_FCTPQ-T4
)//
1-өзге ғаламшарлық:
Бүгін «Жер» ғаламшарына келіп, Тәуелсіз қазақ елімен, киелі қазақ жері-
мен танысқанымызға қуаныштымыз. Осындай өнерлі, ақылды ұландары бар Қазақстан мемлекетінің
болашағы жарқын деп ойлаймыз.
2-өзге ғаламшарлық:
Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, қазақ
жеріне бірлік, бейбітшілік және ырыс тілейміз. Ал біз өз ғаламшарымызға ораламыз. Сау болыңдар,
достар!
Балалар: Сау болыңыздар!
47
СОҢЫ (5 МИНУТ):
Барысы
: «Мен қазақпын» әні қосылады. Ортаға ұл балалар мен қыз балалар шахмат ретімен
орналасады, алдына Алтын киімді қыздар мен батыр жігіт бір қатарға тұрады. Тәрбиешінің көмегімен
балалар флешмоб билейді. (
https://www.youtube.com/watch?v=aa1w6pREua8
)
Жүргізуші:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз
сенің атыңды айтып, жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Достарыңызбен бөлісу: