//ФАН-ФАР ДАУЫСЫ ҚОСЫЛАДЫ//БАЛАЛАР САХНАДА ЖАРТЫЛАЙ ШЕҢБЕР ЖАСАП
ОТЫРАДЫ//БАТЫР ШАҢЫРАҚТЫ АЛЫП КЕТЕДІ// АЛТЫН АДАМ КИІМІНДЕГІ АЛТЫ
ҚЫЗ ОРТАҒА ШЫҒАДЫ//«ҰЛЫТАУ» КҮЙІ ҚОСЫЛАДЫ// БИШІ ҚЫЗДАР «АЛТЫН
АДАМ» БИІН ОРЫНДАЙДЫ (
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=HLJDLAJIUC4
)//
ОРТАСЫ (10 МИНУТ):
Қатысушылар:
жүргізуші, өзге ғаламшарлықтар, Алтын адамдар
Музыкалық номер:
«Тәуелсіз елдің ұранымыз» әні,
Барысы
: Алтын адам киіміндегі қыз балалар қолдарына қиылған алтын түсті (40-50
см) жұлдыздарды ұстап ортада айналады. НЛО музыкасы қосылады. (
https://www.youtube.com/
watch?v=tFUsl6-gyLg
) Сахнада космостық кеме макеті пайда болады. Кемеден өзге ғаламшарлықтар
шығады.
1- өзге ғаламшарлық:
Сәлем, достар. Біз өзге ғаламшардан келген қонақпыз.
2-өзге ғаламшарлық:
Космоста ұшып жүріп, «Жер» ғаламшарынан әдемі дауыс естіп, жарқ-
жұрқ етіп билеп жүрген алтын адамдарды көріп келіп тұрмыз.
1-өзге ғаламшарлық:
Біз қандай елге, қандай жерге келдік екен?
Жүргізуші:
Балалар, өзге ғаламшарлық қонақтарға «Қош келдіңіздер» деп, біздің еліміз туралы
айтып берейік.
Балалар:
Қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Сан ғасырлар тарихы мол кешегі,
Туған жердің шежіресі деседі.
Менің елім Қазақстан- Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
(Қазақстан)
- Қазақстан жері қандай?
(Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға,
солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр. Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен
қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған
егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол. Осы айтылған ойларымыздың
дәлелі ретінде қонақтарымызға тақпақ айтып берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |