Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері



Pdf көрінісі
бет34/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

49) Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 
Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 19 ғасырдың ортасында болған 
Сырдария бойындағы көтерілістің себебі Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен 
Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Көтеріліс жетекшісі – Жанқожа Нұрмұхамедұлы. 
Көтеріліске Арал маңындағы ірі рулар қатысты.1843 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлының 
бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін 
талқандады.1845 жылғы көктемде Жанқожа тобы хиуалық 2000 əскерді жойып жіберді. 1847 жылы 
Хиуа ханының Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан əрекеті сəтсіз аяқталды. Жаңақала ауданы 
көтеріліс ошағы болды. 1856 жылдың жазында Жанқожаның жанына 2 мыңдай қарулы топ 
жиналды. 1856 жылы желтоқсанның аяғында көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды. 
Күштерді біріктірмеу үшін генерал-майор Фитингов тобы жіберілді. 1860 жылы Жанқожа көтерілісі 
талқандалды. Патша әскерінің қуғындауынан Жанқожа Арал маңынан шегінуге мәжбүр болды. 
Арал теңізінің солтүстігінде Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс жалғасын тапты. 1855 жылғы 8 
шілдеде Есет тобы сұлтан Арыстан Жантөрин лагеріне шабуылдап, сұлтанды сыбайластарымен қоса 
мерт қылды. 1857 жылы наурызда тұтқынға түскен 3 қазақ атылып, 18-і Сібірге жер аударылды. 1858 
жылғы қыркүйекте Есет батыр Орынборға барып, патша билігін лажсыздан мойындады. 
Көтерілістің себебі: Мырза Ахметтің қазақ, қырғыз жерлерін күшпен тартып алып, өз жақындарына 
беруі. берді. 3 мыңдық қолы бар Мырза Ахмет Қоқан ханынан көмек сұрады. Көтерілісті басуға 
келген топтың бірін Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан басқарды. 1858 жылғы мамырда 
көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршады.
50) 1867-1868 жж. уақытша ереженің жүзеге асырылуы. 
1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ 
заңды тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылды. 1886-1891жж. «Ережелер» 1867-
68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан, ереженің 
атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды.Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867ж. 11-
шілде 
«Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868ж.1886ж.2-маусымда «Түркістан өлкесін 
басқару туралы Ереже» бекітілді. Ол бойынша үш генерал-губернаторлық қалды, бірақ Түркістан 
генерал-губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, Батыс-Сібір ген-губ-на берілді. Түркістанға 
Ферғана, Самарқан облыстары еніп, енді үш облыстан тұрды. 1891ж. 25-наурызда «Ақмола, 
Семей,Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» бекітілді.Ол бойынша 1891ж. 
Орынбор мен Батыс-Сібір генерал губернаторлығы біріктіріліп, Дала генерал губернаторлығы деп 
аталды. 1891-1897жж. аралығында оның құрамында 5 облыс болды, Нәтижесінде, 1897ж. екі 
генерал губернаторлық төрт облыстан тұратын болды. 1867-1868жж. ережелер бойынша болыстық 
соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты 
Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867-1868жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет 
«түтін салығын» төлейтін еді 1868 (210-бап) және1886 (270бап)- жылғы ереженің қазақтарға ең 
басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік 
меншігі деп жарияланып, қазақтарға 


«қоғамдық пайдалануға» берілді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет