Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет31/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

44) Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері. 
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық 
аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан 
ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен 


аталды. Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, 
шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астрахан губерниясының 
Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже 
бөлімі бойынша — 77 624 km2.Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. 
Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда 
былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, ҚамысСамар, Қалмақ) қара топырақты дала 
кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық 
(Triticum cristatum) өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда 
тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың 
солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің 
шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның 
ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы 
бар.Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалымзерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы 
өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын 
естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей 
және шетел зерттеушілері болған.1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс 
жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды 
Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам 
тұрды (50 мың жанұя) Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын 
болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші 
шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — 
Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — 
Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, 
ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай 
Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан 
(табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос 
Боздайұлы.Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір 
ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды.Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор 
әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет