Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы



Pdf көрінісі
бет30/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

43) Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы. 
Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі 
жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы 
М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдің жарлығымен бекітілген «Сібір 
қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты 
мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен 
мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып 
алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару 
жүйесі түбірімен өзгертілді Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет 
жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі 
тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған 
болатын. 1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор 
қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы 
әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына 
шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра 
түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I 
Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. 
Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан 
билігі де жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа 
бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс 
округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын 
басқарушысұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да 
бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. 
Басқарушысұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып 
белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. 
Басқарушысұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын 
және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау 
еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды 
тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет