Баяндама: «Баланың тілі бабаның тілі ме?»



Дата15.09.2017
өлшемі70,07 Kb.
#33823
Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Құмсай орта мектебі

Баяндама:

«Баланың тілі бабаның тілі ме?»

Дайындаған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі: Байбулова Айнур Назарбаевна.

Мақсаты:


1.Қазақ тілі-тамыры терең тіл.

2.«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қазғалысының басты ұстанымы мемлекеттік тілді үйрену.

3. «Үш тұғырлы тіл»

Қазақ тілі-тамыры терең тіл.Ол күні кеше ғана пайда болып,жеке ұлттың ұлттық тіліне айнала қалған жоқ.Қалыптасу кезеңін (ІІІ,VІІІғ.ғ) Талас, Орхон-Енисей ескерткіштері: Білге қаған,Тоныкөк,Күлтегін,Мойыншор жазба мұраларын бастайды.Қазақ тілі Орта түркі дәуірінде де қолданылған. Оған Ж.Баласағұнның «Құтты білік», М.Қашқаридың «Түркі сөзінің жинағы» А.Югнакидың «Ақиқат сыйы», Қожа Ахмет Яассауидың «Даналық кітабы» атты шығармалары дәлел бола алады. Алтын орда жазба ақындары Сәиф Сарайдың «Гулистан бит-туркиі», Құтыбтың «Хұсрау-Шырыны», Хорезмидің «Махаббатнамасы», көне қазақ жазба әдебиетінің өкілдері Қадырғали би Жалаиридың «Жамиғ ат-тауарих»,Әбілғазы Бахадүрдің «Шежіре түркі» естеліктері,ХІХғ.Ақиық ақыны М.Өтемісұлының жырлары, ХVІІІ ғ. Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Ресей патшасы Елизаветаға жолдаған дипломатиялық жазбалары, Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектерінің тілі болған қазақ тілінің бүгінгі ұрпаққа берері мол.

Тіл халықтың ең басты және ең үлкен мұрасы.Сол себептен ғалымдар «Тіл-халықтың жаны», «Халық бар жерде тіл бар,тіл бар жерде халық бар», «Бірінсіз олардың бірі болмайды»,-дейді.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейін 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін иеленді.1995 жылы Конституциясы, 1996 жылы Тіл саясаты туралы тұжырымдамасы, 1997 жылы Тіл туралы заңы қабылданды.Аталған Конституцияда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттары, қоғамдық қызметтері нақты белгіленген. Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11-шілдеде №151-І заңының Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл туралы тармағының 4-бабында: Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік тіл басқару ,заң шығару,сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының басты ұстанымы- мемлекеттік тілді үйренуге ынта қойған өзге ұлт өкілдерін, ана тілінді шорқақ өзіміздің қандас бауырларымызды кеудесінен итермей,оларды тіл білмегендігі үшін күстаналамай, қайта өз бауырымызға тарту.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы,-деп нақты көрсетілген.Бірақ қазақ халқының қазіргі жағдайы мемлекеттік тіл мәртебесіне сай жоғарыжағы қойылған талаптарға жауап бере алмайды.Елбасымыз «Тәуелсіздік алғалы аюдың да тіл үйренетін уақыты болды», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенімен, ілгері басушылық әлі күнге дейін байқалмайды. Мемлекеттік тілді өрістетудің орнына жоғарыдағылар «Үш тұғырлы тіл» мәселесін жалаң ұранға айналдырып алды.Ойымызды өрбітпес бұрын әуелі «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолданудың жас ұрпақтың тәрбиесінің әсері жөнінде мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері қызметкерлерінің ағылшын тілін балабақшадан бастап оқыту туралы ой-пікірлеріне құлақ асып көрелік.

Тәрбиеші:

Балабақшамызда 13 орыс тобы бар. Орыс топтар болғандықтан сабақтар негізінен орыс тілінде жүргізіледі. Үш жастан жоғары топтар арасында екі рет қазақ тілі оқытылады. Балалардың 60-70% қазақ отбасынан. Мәселен, бірінші бөбектер тобында 28 бала: 14қазақ, 7 орыс ,2 ұйғыр,3 татар, 2 кәріс.

«Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы бізде енді ғана қолға алынды. Балаларды жеті жасқа дейін үш тілге де қатар бейімдеп оқыту оларды есте сақтау қабілеті өте жақсы болғандықтан, өте тиімді жол деп ойлаймын. Ағылшын тілі әдістемелік жоспарға сай оқытылады. Мысалы, балалардың жас ерекшіліктеріне қарай қарапайым танымдық тәсіл пайданылады.

Міне, мамандар пікірі осындай.Үш тілді бірдей үйрету сәби санасын сансыратады деген ой олардың санасына кірер емес.Басты мақсат-жаппай қолға алына бастаған «Үш тұғырлы тіл» науқанына қалып қоймау сияқты. Сонда ұлттық болмыс, салт-сана, әдет-ғұрып, байырғы дәстүр қайда қалды?!! Әлде бұрынғы қазақ ғұмырында бала тәрбиесімен айналыспаған ба?Мән берсек, нәрестеге байланысты өткізілетін әрбәр дәстүр қазақша бата-тілек, ән-жыр, өлеңмен әспеттеліп өткізілген. Ата-бабаларымыз баланың тәрбиесі құрсақтан басталу керек екенін әуел бастан білген, ескерген, жасы 11-12-ге толғанға дейін тек ана тілінің үнін, гүлзар сұлулығын сезіндіріп, қуат-құдіретімен суарып,өсіруді міндет деп білген.Бала бойына ана тілінің уызын беретін салт-дәстүрлердің бірқатарына тоқтала кетейік.

Шілдехана тойы.

Баланың қырқынан шығару дәстүрі. Қазақ халқында ұл баланы қырқынан 37-39 күнде шығарады.Бұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте істелінеді.

Қыз баланы 40-44 күнде қырқынан шығару кәдесіне жиналған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер салынған суға шомылдырады. « 30 омыртқаң жылдам бекінсін, 40 қабырғаң жылдам қатсың»-деп тілек айтады.

Айыр қалпақ киісік,

Ақырып жауға тиісіп

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып

Шебер болар ма екенсің?

Таңдайларың тақылдап,

Сөзіңді жұрт мақұлдап,

Шешен болар ма екенсің?-деп тілек айтады.

Француз ғалымдарының дәлелдеуінше,жалпы адамзаттың ата-тегі ең алғашқы сөзін осы уақытқа дейін саналып келгендей 100-150 мың жыл бұрын емес, 300 мың жыл бұрын айтқан екен. Өзімізге белгілі, жас сәбидің тілі айналасындағыларға еліктеу арқылы шығып, сөйлей бастайды. Бірақ, мидың тілге жауапты бөлігінің қызметі сәби туғанға дейін қалыптасады екен.

Өкінішке қарай, қазір генетикалық байланыстан түбегейлі айырылып қалған қазақ азаматтарымыз жетерлік. Осының барлығы кеңес өкіметі кезінде жүргізілген астарлы саясаттың салдары. «Орыс тілін білмесең сенің қоғамдағы жіліктің майлы бас пен тұтқалы орындары орыс тілділер иемденіп алды.Сөйтіп,ХХ ғасыр ұрпағы орыс мәдениетін бойына сіңірген маргенал халыққа айналды.Өз ана тілін менсінбейтін халге жетті.Осылайша рухани мүгедек қоғам пайда болды.

Бүгінге дейін соның ызғары байқалып тұр.Сананы жаулаған орыс тілінің мерейі үстем.Халқымыз толыққанды рухани бостандыққа жете алмай отыр. Ағылшын тілі болашақ жақсы маман болу үшін керекте шығар. Алайда оны оқытуды 5-ші сыныптан бастасақ та кеш қалмаймыз. «Үш тұғарлы тіл» бағдарламасын балабақшадағы бүлдіршіндерге енгізіп қою атақты орыс ғалымы,әлемдік психология мен физиологияның ірі өкілі А.А Ухтомскийдің «Адам табиғатындағы өзгерісті доминанта (үстемдік ету) теориясы арқылы түсіндіреді.Бұл теория бойынша адам санасынан сырттан келген тітіркендіргіш мида қозу процесін туғызды.Ой –санасы толыспаған, жүйеленбеген бүлдіршіндер психологиясына мөлшерден тыс ендірілген қозулар елеулі қауіп тудырады» дегеніне сәйкес келіп жатады. Екінші жағынан ,кеңестік тәрбие мен өскен ұрпақтың балалары ата-аналарының адасқан қисық-қыңыр жолын басып өтуіне ықпал етпекші.Сондықтан да балабақша бүлдіршіндерін бабаларымыздан қалған дәстүрлі жол мен тәрбиелеуді қолға алуымыз керек.

Мәселен, мен 3 қазақ сыныбында аптасына 2 сағат орыс тілі сабағына кірген де, оқушылар көпке дейін тілдерін үйрете алмай, қиналады,оған қоса ағылшын тілін білу қажет.Сонда 8 жастағы оқушы 3 тілді меңгеріп алып кете ала ма, жоқ па?Онда ешкімнің шаруасы жоқ.

Ал өзге тілде тәлім алған баланың тілі, оның ана тілі бола алмайтындығы өз алдына, ол тіпті сәбидің болмысымен де үндесе алмайды. Үндесуді былай қойғанда,ол балауса бөбек жанын жаттандыра бастайды.Сол себепті балабақшаларда тек ұлттық негізде тәрбие берілгендігі жөн. Әрине, өзге тілдерді білу қажеттілігін ешкімде жоққа шығара алмайды.Бірақ ол бала оң-солын танып-өзіндік ұлттық болмысын қалыптастырғаннан кейін барып жүзеге асырылуы қажет.

Біз мемлекеттік тілді басыну мен мазаққа айналуға жол беруге тиісті емеспіз.Қазақтарды бір-біріне айдап салу арқылы ешкімнің абырой таппайтындығында ескертеміз.Бір сөзбен айтқан да,мемлекеттік тілді мойындағысы келмейтін кейбір басылымдар ұлтаралды дүрдараздыққа бастайтын мұндай қадамдардан бойларын аулақ салып жүргені абзал.

Өткен сәуір айының екінші жартысында қазақ үкіметі күтпеген мінез танытты.Премьер-министр К.Мәсімовтың Үкімет отырысын қазақша жүргізуі –қазақ елінде ресми тілден өзге тіл бар екеніне сенгісі келмей жүрген жұртшылықты тындатып тастады.Алайда, үкіметтің бұл ізгі қадамына алдымен әдеттегідей орыс журналистері,іле өз космополиттеріміз даурықты.

Әрине,өзімізде қуанышымызды жасыра алмадық.Бірақ аттай 20 жылға созылған (әлі де түгесінен түрі көрінбей тұрған) «Мемлекеттік тіл» дауының жеткен бір оң нәтижесі ретінде мәре-сәре болғанымыз жоқ.Себебі, кезінде билік мемлекеттік тіл туралы бөлек заң қабылданатыны, тәулік бойы тек қазақша хабар тарататыны теларна ашылатыны туралы сенімді түрде мәлімдеген болатын.Алайда, ол уәделер орындалғанымен «Балапан » теле бағдарламасында қазақ балаларына арналған ұлттық тәрбие беретін мультипликациондық сериалдар аз және өзге елдің мульт. сериалдарын аударып көрсетеді. Неге өз алдына қазақ балаларына арналған қазақи сериалдар шығармасқа?.

Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар да тіл мәселесі жүйелі түрде емес, жолайы шешілуде.Сондықтан, тіл проблемалары өзінен-өзі ширықты. «Ұлттың уақытша көңіліне аулау шаралары» күткендегідей жемісті бола бермеді.Қордаланған проблемалар кейінге қалдырылған сайын өркештене түсті.Ұлт мәселесінің күрделенуі-биліктің өте үлкен ұтылысы.



Өткен жылдар әлетінде түрлі пікір таластарға өзек болған Қазақстан Республикасындағы «Тілдер туралы» Заңының бүкіл әлеуеті сондағы: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады»,-деген 5-баптың ашылмады.Ол бап Қазақстан Республикасының Конституциясындағы «Орыс тілі-ресми тіл» деген бапқа байланып тұрғаны анық.Қолданыстағы (1995жылғы) Конституцияға Молдавиядағы, Украинадағы, тіпті Тәжікстандағы секілді әлгі бап «Орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі» деп енгізілгенде, біршама орындалатын заң қабылдануы мүмкін еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет