Қазақстан тарихы Сессия жауаптары(Админ-11) 1)Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі



Pdf көрінісі
бет33/66
Дата14.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#197057
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Байланысты:
àçà ñòàí òàðèõû Ñåññèÿ æàóàïòàðû(Àäìèí-11) 1) àçà ñòàí àóìà ûíä

47) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі. 
ХIХ ғасырдың екiншi жартысын- да Ресей империясында өнеркәсiп пен сауда күштi қарқынмен 
дамыды. Тауар өткiзудiң жаңа көзiне, арзан шикiзат пен жұмысшы күшiне деген қажет- тiлiк пайда 
болды. Осы жағдайға байланысты Ре- сей империясының сыртқы саясатында Жетiсу мен Оңтүстiк 
Қазақстанның алатын маңызы арта түстi. ХIХ ғасырдың 20-жыл- дарының бас кезiнде Ұлы жүздiң 
аумағында бiртұтас хан билiгi қалмады. осындай жағдайда Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан 
қазақтарының бiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өте бастады. Жергiлiктi қазақ халқына Орта Азия 
мемлекеттерi, соның iшiнде әсiресе Қоқан мен Хиуа хандықтары жиi- жиi шабуыл жасады. Бұл 
аймақтардағы қазақтар Ресеймен баж салығын төлемей-ақ сауда жасауға қатты қызықты. Бұл 
аймақ елге ықпалы ша- малы бiрнеше сұлтанның билiгiне бөлiнген едi. Елдiң басын бiрiктiретiн, iшкi 
алауыздық пен айтыс-тартысты тыятын сыртқы агрессияға қарсы тұра алатын мықты күш елде 
болған жоқ. Патша үкiметiнiң қазақ өлкесiн бiрте-бiрте отарлай түсуiне өте қолайлы жағдай 
қалыптасты. 
48) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 
(1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және 
ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. Себеп: XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл 
өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас катты шиеленісе түсті. Біріншіден, 
Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың 
коптен астам бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден 
келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, 
бұрын Ресейге ешқандай алымсалық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, 
жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын 
күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл 
жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты қатты күйзеліске ұшыратты
олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басталуы: Көтеріліс Кенесарының патша 
үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып 
алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да 
жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың 
отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір 
генералгубернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола 
приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-
губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да әскерге жарайтындары тұрақты армия 
қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генералгубернатордың бұл қылығы 
Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Өкінышке орай 
,жеңілу себепі: Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай 
деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке 


келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары 
олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде 
көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді 
серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және 
азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет