Ал
«ернін шығару»
ишараты негізінде қалыптасқан
«ернін шығарды»
фразеологизмі әйелге тән әжуалау түрін білдіріп, көркем мәтінде
«мазақтады, күлді, келекеетті» деген мағынадажұмсалады. Мысалы,
Өрік
қырындаған кезінде қатындар біріне-бірі қарап, еріндерін шығарып:
- Мынау бір ындыны жарымаған шіркін ғой! - деп күңкілдесті
(Ж.Аймауытов. Ақбілек.)
Қорыта айтқанда, «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деген
халқымыздың қыздары мен әйелдері өздерінің ішкі сезімін,
ой-пікірін,
таным-талғамын, көзқарасын сөз құдіретімен бірге ым-ишарамен де
шебер, дәл білдіріп және өзгелердің кеңіл күйін сезімталдықпен аңғарып
отырған.Жоғарыда көркем мәтіннен алынған мысалдардағы бейвербалды
амалдар, кинемалық бірліктер тек
«қазақәйелі»
концептіне ғана қатысты
болып қана қоймай, қазақ мәдениетіне тән
әдет-ғұрып, салт-дәстүр, өмір
сүру үрдісі, рухани-мәдени құндылықтар жөнінде де мол ақпарат алуға
мүмкіндікбереді.
Достарыңызбен бөлісу: