2)
Нормативті прагмемалар
(дүрыс емес іс, өтірік сөз, өлтіру, арқа
тұтыну, абақтыға отыру, ұстауға салу, айып салу әділ қылып тергеу,
барымта, дұспандық айдауға жіберу, сенімсіз адамдар, әбігерлік, зорлықт.б.).
«Түркістан уәлаяты газетіндегі» бағалауыштық лексиканы мұндай
топтарға бөліп қарағанымыз, әрине, шартты нәрсе, өйткені бағалауыштық
қазақ тіл білімінде әлі толық ашылып болмаған күрделі категория.
Бағалауыштық мағына белгілі қоғамдағы қабылданған нормаларға
тәуелді. Адамдардың дүниетанымы, әлеуметтік қызығушылығы мен үғым-
түсініктердің қүндыл ығы өзгеріп отырған сайын баға да қал ылтасып немесе
өзгеріп отырады. Мысалы, Б.Момынова
дін
сөзінің қоғам өзгерісімен,
адамдардың көзқарасының өзгеруімен байланысты әр кезеңде әртүрлі
(оң, теріс) баға алғандығын көрсетеді [3,134]. Бағалауды (мысалы, жақсы-
жаман) түсіндіру үшін бағаланып отырған негіздің барлық компоненттерінің
контекстік мағынасы есепке алынуы тиіс.
Бағалауыштық көбіне сын
есімдер арқылы беріледі десек, қандай заттар бағаланып тұрғаныныа
байланысты сын есім әртүрлі ұғынылады (Мысалы, жақсы кітап және
жақсы тамақ десек, олардың «жақсылығы»
әр басқа критерийлермен
анықталады).
Баға айтушы адаммен де тығыз байланысты. Баға адамның жеке
көзқарасын білдіреді, ал адамдардың көзқарасы әртүрлі болатындығы
белгілі нәрсе. Тілек, ықылас, қалауға байланысты туған баға борыш пен
қажеттіліктен туған бағадан мүлде бөлек.
Сөздің бағалауыштық компоненті оның денотат белігінде (
зорлық
;
қымбатшылық сұмдық)
немесе коннотат бөлігінде (
кеңілі қараю, түлкі)
, сондай-ақ жасырын (имплицитті) түрде берілуі мүмкін. Жасырын түрде
берілген баға арнайы әдістер көмегімен ашылады (сөздердің байланысы,
модалдылық,
контекст, трансформация т.б.).
«Түркістан уәлаяты газетіндегі» бағалауыштық категория осы
көрсетілген сөз мағынасы берілуінің барлық түрінде көрініс табады.
Газеттегі сөздердің бағалауыштық мағынасы өте ауқымды және алуан
түрлі. Біз бөлген классификацияда бағаның негізі, оның уәждемесі алға
қойылды. Бағалауыштық мағына тек баға берушімен ғана емес, адресатпен
де тығыз байланысты, өйткені бағалауыштық
мағына алдымен әсер ету
үшін жұмсалады.
Бағалауыш сөздер ұсыныс, әрекетке шақыру, ескерту, мақтау, даттау
т.б. сияқты коммуникативтік мақсатты білдіреді, яғни нормалар жүйесін
жасайды. Сөйтіп баға құрамына кез келген коммуникативтік актіге сәйкес
коммуникативтік мақсат пен адресат факторы да кіреді. «Түркістан
уәлаяты газетіндегі» сөздердің семантикасында әртүрлі бағалауыштық
реңктің
болуы қоғамдық- әлеуметтік, саяси жағдайлармен тығыз
байланысты. Публицистикада құбылыс пен ұғым жай ғана бағаланбайды,
баға әлеуметтік бағалауыштықпен ұштасып жатады. Газет лексикасы
бағалауыштығының әлеуметтік сипатының өзіндік қырлары бар. Соның
бірі басылымға материал жолдаушы адамдардың әлеуметтік құрамының
әр түрлілігіне байланысты: арнаулы тілшілер,
оқырман хаттары, түрлі
27
деңгейдегі қоғамдардың, ұйымдар мен сан салалы ұжымдардың газет
жұмысына атсалысуы оның лексикасына нағыз әлеуметтік сипат
береді. Екінші қыры - оқырман деңгейінің әртүрлі болуы, қабылдаушы
аудиторияның ерекшеліктеріне қатысты.
Осы екі қыры ескерілгенде
газет тілдеріндегі әлеуметтік бағалауыштықтың қызметі жандана түсіп,
толыққанды сипат алады.
Осы айтылғандарға сәйкес «Түркістан уәлаяты газетінің» әсер ету
және баға беру қызметі аясында газет авторлары мен оның оқырмандарын
әлеуметтік субъектілер ретінде анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: