Динаева б. Б., Сапина с. М


 Зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтау



Pdf көрінісі
бет17/123
Дата17.12.2023
өлшемі5,44 Mb.
#197441
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

2.2 Зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтау
Тақырыптың өзектілігі 
- зерттеу жұмысына қойылатын 
негізгі талаптардың бірі.
Өзектілікті талап ету зерттеу жұмысының (ғылыми мақала, 
ғылыми жоба, диплом жұмысы, диссертация) заманауи 
үрдістерге сәйкес келіп, қазіргі заманғы өзекті мәселені 
шешуге бағытталуына саяды.
Зерттеу тақырыбының езектілігі жұмыста зерттелетін мәселелерді 
шешудіңғылыми және қолданбалы маңызы туралы ережелерден тұрады. 
Өзектілік зерттеу жұмысының ғылыми, сонымен қатар қолданбалы 
мәселесін шешумен тығыз байланысты болады. Мысалы, диссертациялық 
жұмыстың өзектілігін керсету үшін ғылымның осы саласында зерттеуді 
қажет ететін олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыс жүргізіліп 
отырғанын атап өту керек.
Зерттеудің өзектілігін негіздеу 
- автордың жеке зерттеу еңбегінде 
кетеріліп отырған мәселені жан-жақты терең түсінуі мен орындалған 
жұмыстың сапасы туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін элемент.
Зерттеудің езектілігін негіздеу кезінде мынадай кезеңцерге тоқталып 
өтуге болады:
- қазіргі уақытта зерттеліп отырған мәселенің езектілігін жинақтайтын 
жаңа талаптар мен алғышарттар;
- аталған мәселенің ресми құжаттарда берілуі;
- мәселенің ғылыми әдебиеттерде жарық көруі;
- зерттеу мәселесімен байланысты ғылыми мәселелер;
- мәселенің басқа да ғылымдардың даму ұстанымдарымен 
байланысын негіздеу;
- мәселенің қазіргі уақытта өзекті болуының себептері;
- кетерілген 
мәселенің ғалымдардың
мамандардың назарын 
аударатын себептері және бұл мәселенің шешімі тәжірибенің қандай 
қажеттіліктерін қанағаттандыруы мүмкін;
- талдауды, қорытуды қажет ететін қолда бар жетістіктер.
Зерттеу мәселесінің өзектілігін негіздеу әртүрлі тәсілдер арқылы
жүргізілуі мүмкін. Ең маңыздысы өзектіліктің көпаспектілігін, ізденушінің 
таңцалған мәселенің езектілігін түрлі қырынан қарастыратынын ескеру 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет