алмау қазақ бөлімінде оқитын барлық студентке тән
сипат болып келеді,
осыған байланысты оқытушының алдында студентте кемшін түсіп жатқан
дағдыны қалыптастырып, олардың академиялық контексте қолдана
алуына көмектесу міндеті болуы керек. Академиялық жазылымды терең
меңгеруге қажетті
н е г ізг і дағды лар.
1) зерттеу жүргізу дағдылары - ізенушінің ізденуге қабілеттілігі,
белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;
2) конспектілеу дағдылары
- тұтас мәтінді көшіре салмай, басты
ақпаратты бөліп алып көшіре білуі;
3) өз-өзіне бақылау жасау - мақала жазуға және оны
редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;
4) болашақ мәтінінің жоспарын қүрып, алғашқы нүсқасын жазу;
5) аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу.
«Академиялық
сауаттылықтың
теориялық
және
практикалық
негіздері» оқу құралының мазмұнын игеру нәтижесінде төмендегідей
құзы рет т ер
қалыптасады:
ғылыми-кәсібимәтіндердіңқұрылымын.аңдатпаның, конспектінің,
рефераттың, дербес ғылыми шығарманың мәтінін біледі;
курсты оқып біткеннен
кейін зерттеуші аңдатпа, абстракт, пікір,
ғылыми мақала тезисін жаза алады;
кәсіби бағдарланған қатысым салаларында жазылған ғылыми-
кәсіби сипаттағы мәтіндерді талқылай алады;
өзі жазған ғылыми жоба нәтижелерін ауызша және жазбаша
сауатты түрде таныстыра алады;
кәсіби
оқылым
мен
академиялық жазылым
дағдыларын
қалыптастырады.