Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет17/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
Байланысты:
annotation110059

3
.3 Қоман
-
қыпшақтарының батысқа миграциясы мен 
қыпшақ
-
славян қарым
-
қатынасы бастаулары 
тарихынан
 
 
Түркі халықтарының тарихи мұраларынан бастау алатын 
қазіргі
мәдени игіліктеріміздің қалыптасуы мен даму тарихын 
білуде қоман
-
қыпшақтарының көрші халықтармен қарым
-
қатынасын
зерттеу өте маңызды. Өйткені, қоман
-
қыпшақтары
көрші халықтармен, әсіресе славян халықтарымен тығыз 
байланыс жасаған кезеңінде, тіпті қақтығыстық сипатта болсын, 
екі халық бір
-
бірінің мәдениетіне ықпал етпей тұрмады. 
Қарастырылып
отырған тақырыптың өзектілігі пән аралық 
байланыстар мен археологиялық және жазба деректер негізінде 
қоман
-
қыпшақтарының шығыстан батысқа миграциясы 
барысында «қоман», «қыпшақ», «половцы» этнонимдерінің 
шығу тарихы, қыпшақ бірлестігіне кірген халықтардың славян 
халықтарымен байланысы тарихы мен мәдениетіне ықпалын 
анықтаумен айқындалады. Сонымен қатар қыпшақтардың 
Батыстан Шығысқа қайта оралуы процесінде қоман
-
қыпшақтарының
тұрмысына батыс мәдениеті жетістіктерініңде 
әсері
болған. Нәтижесінде Шығыс пен Батыс арасында 
халықтардың миграциялық үдерісінің қорытындысы ретінде 
мәдени интеграция жүзеге асқан.
Орта ғасырлардағы Еуразияның далалық аумағындағы түркі 
халықтарының, соның ішінде құман
-
қыпшақтарының Шығыстан 
Батысқа миграциялық үдерісі Еуропа елдері мен халықтарының 
тарихы мен мәдениетіне де ықпал еткенін қазіргі жаңадан 
ашылып жатқан археологиялық деректер растап отыр [55, 15 б.]. 
Сондықтан да қазіргі таңда жаңа көзқарастар мен ұстанымдар, 
тың деректер негізінде Батыс пен Шығыс ықпалдастығының 
тарихи бастауларын қайта кешенді қарастыру өзекті болып отыр. 
Сонымен бірге Батыс пен Шығысты өзара жақындастырып, 


109 
халықтар арасында мәдениеттер алмасуында мәңгілік көпір, 
мықты дәнекер болып, өркениеттер қорын молайтуға ықпалы 
еткен қоман
-
қыпшақтарының әлемдік өркениетке қосқан үлесі 
зор. Оны табылған археологиялық материалдар мен жазба 
деректер дәлелдеп отырғанын айтып өттік. Қоман
-
қыпшақтарының
өткен тарихын, көрші халықтармен 
байланысын, тілін, мәдениетін білуде бұл мұралардың маңызы 
өте
жоғары.
Көшпелі халықтардың Ұлы даланың шығысынан батысына 
қарай
қоныс аударуы мәселесі
ғылымда әлі шешімін таппаған 
тақырыптың бірі болып қала беруде. Негізінен зерттеушілердің 
басым көпшілігі көші
-
қон үдерісін табиғат апаттары, 
қуаңшылық, күннің суытуы, су тасқыны сияқты құбылыстармен 
байланысты деген көзқарасты ұстанады [56, 95 б.]. 
Ортағасырларда
көшпелілердің қоныстану аумағын жиі 
ауыстырып отыруы этно
-
мәдени интеграциясының маңызды 
факторларының бірі болды. Көшпелі тайпалардың бұл көші
-
қон 
үдерісі, жаңа жерлердегі жергілікті халықтарды өздеріне 
бағындырып, кейде жергілікті тайпалардың басымдылығын 
мойындай отырып, жаңа мемлекеттік құрылымдарды 
қалыптастырғаны
белгілі. Еуразияның кең байтақ далаларын 
игеру үдерісі осы аймақты қоныстанған халықтардың тарихи 
тағдырын анықтап берген фактор болып табылады. Табиғи
-
климаттық жағдайының тұрақты
болмауы әр түрлі шаруашылық
-
мәдени типтерді қалыптастырды, соның ішінде көшпелі 
шаруашылық түрі басымдылыққа ие болды [57, 53 б.]. 
Сондай
-
ақ, қоныс аударуға дала тұрғындарының 
демографиялық жағынан өсуі, қағанаттағы билік үшін ішкі талас
-
тартыстар, көрші
халықтармен қақтығыстары және т.б. 
факторлар да ықпал еткен [58, 3 б.]. 
Бүгінгі таңда түркі қағанаттары мен халықтарының тарихын 
зерттеп жүрген тарихшы, академик Т. Омарбеков қытай 
деректері мәліметтері бойынша қыпшақтарды VI
-
VII ғасырларда 
бірлесе өмір сүрген Се
-
Яньто тайпаларының ұрпақтары, олар 
Екінші Шығыс түрік қағанаты билеушілері Қапаған (Мочжо) мен 
Білге қағанның билік жүргізген кезеңінде билікке қол жеткізіп, 
басқарушы тайпа ретінде мойындалғанын жазады [59, 55 б.].
Қыпшақтардың
ата
-
бабалары Сйе (Се) және Яньто тайпаларынан 


110 
құралған, теле ұрпақтарының ішіндегі ең мықтысы болған [60, 
263 б.] 
VIII ғасырларда ұйғырлар тарапынан қуғындауға ұшыраған 
қыпшақтар
батыс бағытында қарай қоныс аударып, қандас имек 
тайпаларының қасына, Ертістің орта ағысына келіп 
қоныстанады. Жаңа территорияда Се
-
Яньто ұрпақтары бұрынғы 
саяси жүйе мен мемлекеттік құрылымды басшылыққа алып, 
Кимек конфедерациясына бағынды. Өйткені қыпшақтардың 
этникалық құрамы этно
-
саяси тұрғыдан әр түрлі болды және бұл 
саяси тұрғыдан бірлестіктің осал жағы олардың бір орталыққа 
бағынған мықты мемлекет құруына кедергі жасады да екі жүз 
жылдай уақыт кимектерге тәуелді күй кешті. Тек ХІ ғасырда ғана 
Кимек конфедерациясындағы әскери
-
саяси билік қыпшақтардың 
қолына
көшті. Нәтижесінде қазіргі Қазақстан аумағында қыпшақ 
этникалық қауымдастығын қалыптастырды [59, 57 б.]. 
Қоман
-
қыпшақтары солтүстігінде Батыс Сібірдің орманды 
далалық өлкесімен, орыс княздіктерімен, солтүстік
-
шығысында 
Енисей қырғыздары мен хакастармен шектесіп, солтүстік
-
батысында Еділ бойы мен Орал өңірі тұрғындары бұлғарлармен 
және башқұрттармен этникалық
-
саяси, мәдени байланыста 
болғаны белгілі.
Археологиялық ескерткіштердің материалдары бойынша 
Батыс 
Сібірді 
қоныстанған 
халықтардың 
мәдениеті 
оңтүстігіндегі көрші халықтардың мәдениетімен тығыз 
байланысты болғанын көрсетеді. Бірінші мыңжылдықтың соңы 
екінші мыңжылдықтың бас кезінде Оңтүстік Сібір, Орталық Азия 
аумағында орын алған саяси оқиғалар аймаққа өз ықпалын 
тигізді. Солтүстік Қытай жерінде құрылған Ляо мемлекетінің 
(916-
1125) мұрагерлері қидандардың Х ғасырдың бас кезінде 
Орталық Азияның далалық аумақтарына басып кіруі этникалық 
картаны өзгеріске ұшыратты. Нәтижесінде ХІ ғасырдың бас 
кезінде түркі тілдес халықтардың қоныс аудару үдерісі жүрді.
Белгілі түркітанушы Ресей ғалымы С.Г.
Кляшторныйдың 
пікірінше, қыпшақтар 1055 жылы оғыздарды ығыстырып, Киев 
Русінің оңтүстік шекараларына орныққан және олардың 
құрамына
түркі әулетінен шыққан Ашина (Асень) 
тайпасыменбірге 
қаилар 
(каепичи) 
және 
йемектерде 
(емякове)кірген.
Құн
-
қомандар қыпшақтардың батысында, ал 
шығыс бөлігінде Екінші Бұлғар хандығының негізін салушы 


111 
дунайлық қыпшақ әулеті орналасқан. Арал маңындағы Дешті
-
Қыпшақ
тайпаларының құрамы ХІІ ғасырларда қаңлылармен 
толыққан, яғни олар қыпшақ бірлестігіне кірген, бірақ толықтай 
сіңіп кетпеген [61, 25 б.]
Осындай күрделі этникалық қалыптасу үрдерісін басынан 
өткерген
қыпшақтар ХІ ғасырдан бастап, кезінде кимектер 
қоныстан
шығыстағы Алтай мен Ертістен, батысында Еділ мен 
Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан, 
оңтүстігінде Балхаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі аймақта 
билік жасады және қыпшақтардың этникалық құрамы жаңа 
этникалық компоненттермен толықты.
Бірақ осы уақытқа дейін Отандық тарих ғылымында орта 
ғасырларда
қыпшақ бірлестігі құрамына енген этникалық топтар 
туралы жазба деректердің мардымсыздығы, тек жекеленген 
халықтар, мемлекеттер, этностар, қағандар мен қағанаттар және 
т.б. тарихына қатысты фрагментарлық мәліметтердің ғана болуы 
қоман
-
қыпшақтарының 
этногенезі, 
көші
-
қон 
үдерісі 
динамикасын анықтауға мүмкіншілік бермеген болатын. 
Қоман
-
қыпшақ этногенезі туралы түркітанушылар әлі күнге 
бір тоқтамға келе алмай отыр. Мәселе қыпшақ бірлестігіне кірген 
этнонимдерді жазба деректердің әр түрлі атауында болып тұр. 
Қыпшақтар
тарихына қатысты деректерді саралаған ғалымдар өз 
еңбектерінде араб, парсы, грузин, армян, моңғол, қытай деректері 
«қыпшақ» десе, византия мен латын деректері қыпшақтардың 
батыс бөлігін «құман», венгр
-
латын хроникалары мен 
грамоталары «құн», орыс жылнамалары «половцы» деп атағанын 
айтады [62]. 
Орыс жылнамаларында «половцы» терминінің пайда болуын 
қыпшақ
-
орыс байланыстарының қалыптасу тарихынан іздеу 
керек деп есептеген қыпшақтардың этногенезін, қыпшақ, қоман 
және половцы этнонимдерінің арақатынасын қарастырған 
тарихшы
-
ғалым
Е.Ч. Скржинская болды. Ол бұл туралы: 
«этимологии происхождение племенного названия «половцы» 
ведется от русского слова «половый» (полова
означает 
«солома»)
-
светло
-
желтый, беловатый, а отсюда 

белокурый.
Слово «половцы» 

явно русское, и оно должно значить для 
русского
человека нечто существенное, важное в сфере его 
встреч с этими кочевниками, в историческом их 

русских и 
половцев 
– 
соприкосновении
и
 
бытии, представленными столь 


112 
ярким изложением в летописях, как непрерывная конфронтация, 
почти всегда губительная и порой трагическая.
Нельзя отрицать, 
что половцы с середины XI до середины XIII в. были
постоянным 
элементом истории Киевского государства. И разгадку воз
-
никновения все еще загадочного этнонима «половцы» следует, 
искать
в сфере русско
-
половецких взаимоотношений
»,- 
деп 
жазады 
[
63, 255 б.
].
Шынында тарихшы
-
ғалым
Е.Ч. Скржинскаяның бұл пікірі, 
жазба деректердің басым көпшілігінде қоман
-
қыпшақтардың 
сырт келбетінің аққұба деп сипатталуымен байланысты болып 
отыр. Яғни, қыпшақтарды көрші славян халықтары олардың 
сыртқы өңіне
қатысты «половый» деген түсінік қолданған. Әрине 
ғалымның
бұл пікірін толықтай қолдамасақ та, «половцы» 
атауының шығу тарихының бастауларын қыпшақтардың 
орыстармен қарым
-
қатынас орната бастаған кезеңінен іздеу 
керек деген ойымен келісеміз. 
Сонымен бірге, ғалымның пікірінше «половцы» сөзі 
Днепрдің оң жағалауында пайда болған. Бұл осы жерге Ұлы 
даладан жиі
-
жиі көшпелілердің шабуыл жасауымен байланысты 
болған. Автор жылнамаларға салыстырмалы талдау жасап: 
«
слово «половцы» родилось на Днепре, на
его Правобережье, 
куда с «оного пола» постоянно врывались страшные
кочевники. 
Но этот этникон звучал и вдали от среднего Поднепровья, и
вообще за пределами Руси. Люди и близких и далеких языков 
вряд ли
могли связывать слово «половцы» с понятием «пол» или 
«он
-
пол»,
для
них это было чуждо по отношению к народу. По 
всей видимости, термин «половцы» появился довольно рано и 
вскоре перестал
пониматься как
происходящий от «пол» («он
-
пол»). Возможно, в дальнейшем его могли
связывать с более 
понятным прилагательным «половый
», - 
деп ой қорытады 
[63, 
276 б.
]. 
Қайткенде
де ғалымның бұл пікірі ғылыми ортада әлі күнге 
қызу
талқыланып, 
неліктен 
орыс 
жылнамаларында 
қыпшақтардың
«половцы» деп аталғаны анықталмаған күйінде 
қалуда. Орыс жылнамаларында «половецтер» терминінің 
қолданылуы аясы, оны қомандарды білдіретін нақты бір немесе 
бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылуы тиіс екендігі 
анықталмауы себепті жазба деректердегі мәліметтерді 
түсіндірген кезде белгілі бір қиындықтардың тууы да саған 


113 
байланысты болып тұр. Солардың қатарында ортағасырлық 
Византия деректері де бар. ХІ ғасырда византиялықтар жазба 
деректерінде өздерінің солтүстік
-
шығыстағы көршілерінің 
этникалық атауын «қомандар» деп атап, бұл атауды Дешті 
Қыпшақтың
барлық түрік тайпаларына қолданды және ол 
Византиялық деректерде XIV ғасырға дейін сақталады.
Қазіргі
кезде отандық қыпшақтанулық зерттеулерде, атап 
айтқанда академик Б.Е. Көмековтың еңбектерінде қыпшақ 
бірлестігіне енген жеке этникалық топ ретінде қомандар 
(құмандар) қыпшақтармен тең дәрежеде қарастырлып жүр. 
Академик Б.Е. Көмековтың пікірінше, қомандар бастапқыда 
қыпшақ
тайпалары сияқты Қимек қағанатына тәуелді болған, ал 
ХІ ғасырда қыпшақтардың билікке келуіне байланысты кимек 
тайпаларымен бірге қыпшақтарға тәуелді болған. Академик әр 
тайпаның өзіндік орналасу аумағының болғанын араб деректері 
бойынша анықтап берді 
[64, 14-
17 бб.]. Соған сәйкес қимектер 
Ертіс, Шығыс Қазақстан жері мен Батыс Алтайда, қыпшақтар 
Орталық Қазақстан жерінде, ал қомандар қыпшақ бірлестігінің 
батыс тармағын құрап, Аралдың солтүстігіндегі жерлер мен 
Оңтүстік Орал тауларына дейінгі аймақта қоныстанған
.
Ескі қыпшақ тіліндегі топонимдер, этнонимдер және 
этнотопонимдердің түркі ономастикасындағы алатын орнын 
қарастырған М.Е. Әлімбаев Қазақстанның ерте орта ғасырлар 
тарихына қатысты этногенез, этнология мен түркология 
мәселелерін, түркі халықтарының тарихындағы сабақтастықты 
зерттеуде этнотопонимдердің дерек ретінде маңызды екенін айта 
келе қыпшақтанушы С.М. Ақынжанов, этнограф В.А. Туголуков, 
қытайтанушылар француз П. Пелльо мен кеңестік В.С. Таскиннің 
пікірлерін қарастыра келе: «қимақ
-
кимек
-
кумак 
– 
аралас текті, 
аралас тілді, яғни тілінде хундардың да, дунхулардың да тілдік 
ерекшеліктері бар этнос. Қазіргі Қазақстан даласына қоныс 
аудара келіп қыпшақ аталғанға дейінгі кимек
-
кумак
тілі 
ерекшеліктерінің бірі 
– 
жекелік мағынада н, ал көптік мағынада 
т, ат, ит, ут
аффикстерін қолданды. Қазақ халқының 
құрамындағы қыпшақтар шежіресіндегі қара қыпшақтарды 
қимақ
-
кимек,
ал сары қыпшақтарды 
– 
половецтер
»,- 
деп 
көрсетеді [65, 10 б.]. Ғалымның пікірінше,
қара қыпшақ
атанған 
қимақтардың негізгі бөлігінен бөлініп Шығыс Европаға қоныс 
аударып кеткен құмақ аталғандарды, жекелік мағынада құман 


114 
деп аталған. Яғни,
құмак
этнонимінің соңғы «к» дыбысы 
– 
көне 
түркі тілдерінде көптік мағынаны білдіретін қосымша 
болған.Сонда негізгі тайпалық бірлестіктен бөлініп кеткен 
құмақтардың бір бөлігіне көптікті білдіретін соңғы «к
» 
қосымшасының орнына жекелік мағынадағы «н» аффиксі 
қолданылған. Осыдан барып половецтердің құман
немесе қоман
дейтін екінші атауы пайда болған және құман этнонимінің 
жекелік мағынаны білдіретіндігін оның құмаут
дейтін көпше түрі 
дәлел болады [65, 11 б.]. 
Демек, филолог М.Е. Әлімбаевтың этнонимді талдауынан 
шығаратын қорытынды қыпшақ бірлестігіне кірген қоман немесе 
құман
этнонимі бастауын құмақтан алады. Бірақ біз тарихшы 
ретінде бұл пікірді растайтын деректің кездеспеуіне байланысты, 
ғалымның
бұл тұжырымын қолдаймыз деп айта алмаймыз. Тек 
қомандар
тарихына қатысты әр саладағы деректерді жіті 
таразылауымыз 
қажет 
болғандықтан 
да, 
ғалымның 
көзқарасындағы осы бір ойды тарихи шындыққа бастама бола ма 
деген ниетте қарастырып өттік.
Қыпшақтардың
этникалық тарихын қарастырған кезеңде, 
қомандарды
қимек
-
қыпшақ бірлестігіндегі жеке этникалық топ 
ретінде қарастырып, мәселенің мән
-
жайын анықтауымыз қажет. 
Өйткені еуропалық деректерде қыпшақтарды қоман деп атауы 
тегін емес деп ойлаймыз. Ортағасырлық Еуропалық деректер 
көшпелілерді жалпы атпен скифтер, түркілер деп атағаны белгілі, 
ал этникалық шығу тегі белгілі халықтарды өз аттарымен, яғни 
хазарлар, бұлғарлар, ғұздар, пешенегтер деп атаған. Дәл сол 
сияқты еуропалық деректердегі «қомандар» қыпшақ бірлестігіне 
кірген халықтың этникалық өзіндік атауы болуы мүмкін. Қалай 
болғанда да, қомандарды ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан 
қыпшақ
атауынан бөліп алмай, орта ғасырларда этникалық 
қалыптасу
және даму тарихы бір қыпшақ бірлестігімен 
байланысты болғандықтан да, зерттеуде қоман
-
қыпшақтары 
атауын қолданып отырмыз.
Сонымен қатар шешімін таппай отырған мәселелер 
қатарында
қоман
-
қыпшақтарының славян халықтарымен 
алғашқы байланысқа түскен уақыты мен көрші екі халықтың 
шекарасына қатысты «байланыс аумағы» терминінің қолданылу 
аясын айтуға болады. Бұл мәселе біраз уақыттан бері ғылыми 
ортада пікір талас тудырып келеді, әсіресе мәселенің ғылыми
-


115 
түсінік беру аппараты мен типологиясы
түйінді мәселелер 
қатарында
болып тұр. Шекаралық байланыс аумағын анықтауда 
ғалымдар
табиғи
-
географиялық жағдайларға, этномәдени және 
конфессионалдық факторларға барынша көңіл бөлген. Айта кету 
керек қоман
-
қыпшақтарының көрші халықтармен байланысын 
қарастырғанда байқағанымыз жаңа мемлекеттерді құру және 
оның шекарасын кеңейтуде саяси
-
әкімшілік құрылымы да 
маңызды орынға ие болған. 
Киев Русі мен қыпшақтардың қарым
-
қатынасының 
бастамасы орыстар мен қыпшақтардың географиялық орналасу 
аумағының жақын болғандығынан
деп есептеген С.М. 
Соловьевтің пікірінше қыпшақтар орыс княздықтарының 
бірігуіне, орыстардың бос жатқан жерлерге қоныстануына ықпал 
еткен, нәтижесінде Мәскеу жеріне қоныстану тезірек жүріп, 
мемлекеттің орталығы Киевтен Мәскеуге көшірілген [66, 650 б.
].
Қоман
-
қыпшақтарының славян халықтарымен арасындағы 
өзара
байланыстары жорық жырларында, яғни орыс 
жылнамаларында берілген. Жылнамаларда негізінен екі 
халықтың арасындағы қақтығыстар баяндалған. Сондай
-
ақ, 
жылнамадан екі халықтың саяси қарым
-
қатынастарын баяндаған 
тұсында қыпшақтардың құрамындағы этникалық топтар, 
олардың қоныстанған терииториясы жөнінде құнды деректер 
алуға болады. Мәселен, орыс жылнамасында князь Юрий 
Долгорукийдің Киев князі Изяслав Мстиславовичке қарсы 
жорығында қыпшақтардың тоқсоба,
отперлюев және т.б. 
топтарының одақтас болғаны айтылады. Жылнамаға сәйкес 1152 
жылы қыпшақтар қонысы Еділ мен Днепр аралығындағы жерлер: 
«отперлюеве и токсобичи и вся Половецкая земля что же меж 
Волгою и Днъепромъ пойдоша..»,

деп жазылған [67, 314 б.].
Қоман
-
қыпшақтарының Русьпен байланысы мәселесін 
қарастырғанда
тағы бір ескеретін жайт, бұл қыпшақтарда 
мемлекет, мәдениет болмаған, олар басқыншы, жабайы, өркениет 
талқандаушы сияқты пікірлердің орын алуына себеп, 
зерттеушілердің 
орыс 
жылнамаларындағы 
берілген 
мәліметтердің байыбына барып жатпастан, әр қилы талдауында 
болып тұр. 
Русь пен қыпшақтардың қарым
-
қатынасы тарихын 
зерттегенде деректерге салыстырмалы
-
сыни тұрғыда талдау 
жасау арқылы ғана деректердегі мәліметтердің ақиқатын ашуға 


116 
болады. Мысалы, печенегтер мен рустардың және қыпшақтар 
мен русьтардың алғашқы кездесуін баяндаған жылнамалардағы 
деректерді алып салыстырып қарастырар болсақ, пешенегтерге 
қатысты
«(915 г.) Приидоша печенѣзи первое на Рускую землю, 
и сотворивше миръ со Игорем…» деген Х ғасырдағы 
жылнамадағы мәлімет пен қыпшақтарға қатысты ХІІ ғасырда 
жазылған жылнамадағы «(1055 г.)…приходи Болушь с половьци, 
и створи Всеволодъ миръ с ними…» деген жазбалардың 
мазмұндық мағынасы ұқсас. Бірақ екі халықтың қарым
-
қатынасын
зерттеушілер пешенегтерге қатысты бірінші деректің 
мазмұнын бейбітшілік қарым
-
қатынас сипатында көрсетсе, ал 
екінші қыпшақтарға қатысты жылнама мәтініне жаулаушылық 
сипатын берген [31, 7 б.]. Деректің мәтінінен байқап 
тұрғанымыздай қыпшақтарға қатысты мәліметте олардың 
Всеволодтың жеріне басқыншылық жасауы туралы айтылып 
тұрмағаны анық. Екі жылнамада да екі ел басшыларының бейбіт 
келісімге келгені мәтіннің мазмұнында анық көрініп тұр. Оның 
үстіне
қыпшақ ханы Болуш пен Русь князі арасында соғыс 
болғаны туралы жылнамада дерек жоқ.
Белгілі тарихшы, археолог С.А. Плетневаның пікірінше, 1055 
жылғы қыпшақ ханы Болуш пен Русь арасындағы келісім 
қыпшақтар
үшін тиімді болған. Өйткені қоман
-
қыпшақтарының 
бұл кезеңде орыс жасақтарының жорықтарына төтеп беретіндей 
күші болмаған. Олар көрші халықпен қақтығысқа түспей, 
көршілермен бейбіт қарым
-
қатынаста болып, хандықтағы ішкі 
және сыртқы жағдайларын шешіп алуды көздеген [68, 257 б.]. 
Өйткені, ХІ ғасырдың орта шенінде оңтүстік орыс далаларында 
саяси жағдай күрделі болып, бұл жерде қыпшақтарға дейін 
қоныстанып
келген пешенегтер мен оғыздар соғыссыз 
біріншілікті бергісі келмеген.
Қыпшақ
-
орыс қақтығыстарын қарастырған А.А. Инковтың 
көзқарасы бойынша ХІ ғасырда қыпшақтарда күшті шабуыл 
жасайтындай тылда мықты базасы болмады және бұл жерде әлі 
де болса қыпшақтарға дейін қоныстанған пешенегтер мен 
оғыздар мықты қарсылық көрсетіп бақты [58, 8
-
9 бб.]. 
Сондықтанда ХІ ғасырдың орта шенінде қоман
-
қыпшақтарының
рустармен қарым
-
қатынасы бастапқыда бейбіт 
келісім түрінде басталған болуы керек. 


117 
Орта ғасыр тарихында шекаралас жатқан мелекеттердің 
арасында міндетті қақтығыстардың орын алғаны белгілі. 
Сондықтан да жылнамаларда баяндалатындай қоман
-
қыпшақтары
мен орыс княздіктері арасында кейін келе
-
келе 
соғыс жағдайларының орын алуы заңды құбылыс болған.
Орыс кныздіктері мен қыпшақтар арасындағы алғашқы 
қақтығыс
орыс жылнамаларына сәйкес 1061 жылы болған. 
Жалпы жылнамаларда қыпшақтардың 1056 жылдан 1083 жылға 
дейінгі аралықта Русь жеріне төрт рет, яғни 1061, 1068, 1071,1079 
жылдарда жорық жасағаны айтылады. Ал, 108
0-
1090 жылдар 
аралығындағы жорықтар саны жылнамаға сәйкес тоғыз рет 
жасалған.
Қыпшақтардың
орыс княздіктерімен ара қатынасын зерттеп 
жүрген ғалым А.А. Инковтың пікірінше, қыпшақтар тығыз 
қоныстанған
отырықшы қала халықтарына шабуыл жасамаған. 
Орыс жылнамалары деректері бойынша қыпшақтардың жорық 
жасаған уақыты, аймағы, жорық жасау себебін анықтай келе, ол 
жорықтардың негізінен қыс мезгілінде жасалғанын және оған сол 
жылдары орын алған табиғат жағдайлары (қыстың суық болуы, 
қуаңшылық
және т.б.) себеп болғанын айтады [58, 14
-
17 бб.]. 
Қолда
бар деректердің кейде дұрыс түсіндірілмеуі, қосымша 
деректер қорының жеткіліксіздігі, мәліметтерінің салыстырмалы 
түрде ақпараттық мардымсыздығы қоман
-
қыпшақтарының 
көрші халықтармен саяси, этно
-
тарихи байланысының жалпы 
заңдылықтарын
анықтау үдерісін тежемеуі керек. Қазіргі кездегі 
ғылымдағы
концептуалды
-
методологиялық нәтижелер мен оған 
жеткізетін ізденіс бағытын дұрыс таңдап, фактілерді кешенді 
зерттей отырып, маңызды болжамдар қалыптастыруымыз қажет. 
Оны қосымша қазіргі таңда ашылып жатқан археологиялық қазба 
жәдігерлері негізінде дәлелдеп, екі көрші халықтың 
ортағасырлық саяси байланыстары тарихын толықтыра аламыз. 
Қоман
-
қыпшақтарының cлавян халықтарымен байланыстары 
негізінен мәдени, рухани, шаруашылық, кейде сауда
-
саттық 
негіздерде жүзеге асырылды. ІХ
-
ХІІ ғасырлардағы түркі 
халықтарының батыс бағытындағы көші
-
қон үдерісі барысында 
бұлғарлар, пешенегтер, оғыздар, қоман
-
қыпшақтары тарихтың әр 
кезеңінде кейде тікелей, кейде жанама түрде славян 
халықтарымен байланысқа түсіп отырды. Түркілердің 
славяндармен алғашқы байланысы туралы белгілі түркітанушы 


118 
Л.Н. Гумилев: «Русь
-
Ресейдің түркі әлемімен байланыс орната 
бастауының бір жарым мыңжылдық тарихы бар, бастапқыда 
әрине
бейбіт қарым
-
қатынас болмағаны белгілі», 

деп жазады [2

10 б.]. Бірақ соғыспен қатар бейбіт жағдайда өмір сүргені, 
мәдениеттерімен алмасқаны және әулеттік некелердің болғаны да 
жазба деректерде сақталған. 
Түркі қағанаттары дәуіріндегі этникалық үдерістердегі 
қоман
-
қыпшақтарының алатын орны мен түркі халықтарының 
этникалық тарихындағы сабақтастықты зерттеген П.В. 
Голубовский өзінің «Печенеги, тюрки и половцы до нашествие 
татар» атты еңбегіндеорыстар мен половецтер (қоман
-
қыпшақтары) арасындағы әскери жорықтарды қарастырған. 
Сонымен қатар мәселеге кәсіби және
өркениеттілік тұрғысынан 
келіп, екі елдің арасында да бейбіт қатынастар болып, 
нәтижесінде сауда, мәдени, елшілік, неке байланыстары жүзеге 
асқандығын алғашқылардың бірі болып жазған [10]. 
Белгілі түркітанушы ғалым С.Г. Кляшторный: «Славян
-
түркі 
қарым
-
қатынасының тарихы ғасырлар бойы тек соғыспен 
анықталған жоқ, өмірлік маңызды симбиотикалық үдерістермен 
де анықталды. Бұл тенденция әлі күнге сақталған. Оның сақталуы 
Еуразияда азаматтық тыныштық пен саяси тұрақтылықты 
қамтамасыз
етеді», 

деп баса айтады [69, 5]. Осындай 
көзқарастарды таразылай келе алғашқы славяндар мен 
түркілердің, қыпшақтардың қарым
-
қатынасы нәтижесінде 
қалыптасқан
этно
-
мәдениеттер, ғасырлар бойы өзінің жалғасын 
тауып бір
-
біріне ықпал етіп отырған.
Сондықтанда Еуразия аумағындағы мемлекеттердіңқоғамдық
құрылымының
бірлігі, 
этномәдени 
туыстығы, 
саяси 
ұйымдарының
ұқсастығынан, олардың өмір сүрген кезеңі, яғни 
VІІІ
-
ХІІ ғасырларды тұтас бір тарихи
-
мәдени кезең деп 
қарастыруға
болады [70, 5 б.]. 
Қоман
-
қыпшақтарының Русьпен қарым
-
қатынасы көп қырлы 
болды, тіпті орыс княздіктері өздерінің мемлекетін қалыптастыру 
барысында көшпелілер империясының құрылымын қолданды. ХІ 
ғасырдың
аяқ шеніндегі қыпшақтар мен рустардың қарым
-
қатынасын
баяндайтын деректер әр түрлі, негізінен орыс 
жылнамалары бойынша
екі елдің бір
-
біріне шабуылы, көрші 
тайпалармен соғыс жағдайында одақтасқан жорықтары, некелік 
одақтары туралы, қыпшақ қоғамының әлеуметтік құрылымы 


119 
жөнінде, 
сондай
-
ақ 
қоғамдық 
институттары 
мен 
шаруашылығындағы бөліністің, рулық түсініктің сақталғаны 
сипатталды 
[22, 9-
10 бб.].
Русьтің көшпелілермен тығыз қарым
-
қатынас орнатуға 
талпынуының бірнеше себептері болды. Біріншісі көшпелілер 
мықты әскери және экономикалық күшке ие болып, әлемдік саяси 
аренада көшбасшы ел қатарынан танылды. Орыс жеріне дамыған 
мемлекеттер институтының келуінесебепші болған да 
қыпшақтар. Көшпелілер империясы мен Русь дамудың бір 
сатысында тұрды. Қыпшақтар мемлекетінің ішкі құрылымы орыс 
княздіктері үшін жақын әрі түсінікті болды. Бұл өз кезегінде екі 
мемлекеттің сыртқы саяси құрылымының, титулдарының ұқсас 
болуынан, мәдени жақын ынтымақтастықта болуынан, ертедегі 
орыс жерлерінде мемлекеттің қалыптасуындағы көшпелілердің, 
қыпшақтардың
орнын анықтауға байланысты болды [22, 3 б.].
Қоман
-
қыпшақтары Қыпшақ бірлестігі құрамындағы 
этникалық топ ретінде танылған кезеңі ХІ
-
ХІІІ ғасырлар 
аралығын қамтиды. Алайда жалпы қыпшақтардың халықаралық 
қатынастың
жеке субъектісі ретінде танылғаны уақыты көне 
түркі жазбасында аталған кезеңінен басталады. 
Ортағасырлық қыпшақтар даласының географиясы тұрақты 
болмады, олардың билігінің күшті, әрі мықты және әскери 
белсенді болуынан, жылдың қай мезгілінде болмасын көрші 
мемлекеттер тарапынан жасалатын шапқыншылыққа әркез 
дайын болуға мәжбүр болды.
Ал, Русьтің сыртқы саясатының дамуы тікелей 
қыпшақтардың
сыртқы саясатымен байланысты болды. Екі ғасыр 
тарихтың төзімен көрші болған қыпшақтар мен орыстар бірде 
жауласып, бірде одақтасып бір
-
біріне үлкен ықпал етті. Екі 
этностың даму үдерісі тығыз болғандығы сондай бүгінгі таңда бір 
халықтың тарихына қатысты аспектіні жеке қарастыра алмайсын, 
міндетті түрде орыстармен, славян халықтарымен тығыз 
байланыста қарастырамыз. Славяндар шығысқа қоныс аударуды 
бастарынан өткеріп, кейде басқа халықтармен бірікті, кейде жаңа 
этникалық топтарды қалыптастырып бөлінді, олар өзіндік 
этникалық элементтерін жоғалтпай басқа тайпалардың 
мәдениеттерін қабылдаған кезеңі де болды [71, 20 б.]. 
Русь өзінің бастауын Киев Русінен алатыны белгілі. ІХ ғ. 
Новгородта шығыс славян тайпалары викинг
-
скандинавтарға 


120 
бағынып, Рюриков әулетінің княздары билік жүргізе бастады. 
Киев Русінің негізін орыс жылнамасы бойынша VІ ғ. ағайынды 
Кия, Щек және Хорив қалыптастырды: «Полем же 
жившемъѡсобѣ
и володѣющемъи родъı своими ижеи до сеэ 
братьѣ баху Полане и живаху кождо съ своимъ родомъ ина 
своихъ мѣстѣхъ владѣюще кождо родомъ своимъна своихъ мѣстѣ 
[и]бъıша г братьє єдиному имѧ Кии а другому ІЦекъ, а третьєму 
Хори въ[и]сестра ихъ Лъебедь» [14, 10]. Бұл уақытта Днепр 
маңындағы халықтар поляне деп аталды. Яғни, сонау б.з.д. IV ғ. 
бастап Ұлы дала халықтары скифтер, ғұндар, кейіннен түркілер 
мен хазарлар әр кезеңде Днепрден өтіп, осы Днепр маңындағы 
жерлерде болғанын ескерсек, ХІІ ғ. оқиғаларын баяндайтын орыс 
жылнамаларындағы баяндау тарихи шындыққа жанасады.
Славяндар қоныс аударуды бастарынан өткеріп, кейде басқа 
халықтармен бірікті, кейде жаңа этникалық топтарды 
қалыптастырып
бөлінді, олар өзіндік этникалық элементтерін 
жоғалтпай басқа тайпалардың мәдениеттерін қабылдаған кезеңі 
де болды [71, 19
-21]. 
Дәл осындай жағдай славяндармен көрші жатқан көшпелі
түркі халықтарының да басынан өтті. Олар да Ұлы қоныс 
аударуды басынан өткерді. Орталық Азияның далалық 
аумағындажаңа тайпалар мен қағанаттар, жаңа этникалық 
бірлестіктер қалыптасты, бірақ тарихи тамыры үзілмеді, 
мәдениеті мен өмір сүру салты ұрпақтан
ұрпаққа сабақтастығын 
жоғалтпай жеткізіліп отырды. Славяндардың мемлекеттік 
құрылымға
қол жеткізген уақытында иен далада билік қыпшақ 
бірлестігінің қолында болды. Қыпшақтар өздеріне дейінгі Түркі 
қағанаттарының
бүкіл түркі халықтарын қол астына жинап,
әлемге
әйгілі мемлекет құрды, тіпті қыпшақтардың тілі 
халықаралық қатынас құралына айналғанын да білеміз. Осы 
қыпшақтар
«92 баулы қыпшақ» деп аталғанына байланысты 
оның құрамындағы ру
-
тайпаның санын шамалаймыз, негізгі 
тайпалардың атауларын атасақ, оларға: құман, қыпшақ, кимек 
(имек, қимақ), тоқсоба, шігіл, қаңлы, яғма, қарлұқ, оғыз, итоба, 
елбөрілі, тарғыл, пешенег, тарғыл, тертер және т.б. жатады. 
Оңтүстік орыс далалары мен Ерте Русь жерлеріндегі 
халықтардың, қоман
-
қыпшақтары мен орыстардың саяси қарым
-
қатынасының дамуын, осы ерте мемлекеттік құрылымдардың 
әлеуметтік

саяси, мәдени
-
психологиялық және экономикалық


121 
байланысын екі этникалық жүйенің этногеоадаптациясы ретінде 
зерттеу қажет. Тақырыпты зерттеуде жаңа көзқарастар 
тұрғысынан қолда бар деректер мен зерттеулер негізінде 
қайтадан жан
-
жақты қарастыру арқылы қоман
-
қыпшақтарының 
русьтармен байланысының тарихи бастауларын сонау түркі 
халықтары мен славян халықтарының арасындағы қарым
-
қатынаспен сабақтастықта қарастыруымыз керек. Екі халықтың 
байланысына
тарихи паралеллдер жіргізіп, ортақ саяси, 
этникалық, мәдени, діни құндылықтарды анықтау арқылы ғана 
қоман
-
қыпшақтарының орыстармен байланысының шынайы 
тарихын ашуға болады.
Ерте ортағасырларда Ұлы Даланың көшпелі халықтарының 
басынан өткерген саяси оқиғалары олардың батысындағы 
көршілері Шығыс Еуропадағы славяндарға да өзіндік әсер етті. 
Күні кешеге дейін түркі халықтарының тарихы мен олар құрған 
мемлекеттік құрылымдар Ресей
-
КСРО тарихының құрамдас 
бөлігі ретінде қарастырылып, түркі халықтарын өзінің ұлттық 
тарихынан ажыратты. Түркілердің славяндармен байланысын 
қарастыру
үшін алдымен екі суперэтностың құрамына енген 
тайпалардың этникалық құрамына тоқталып, қандай тарихи 
жағдайда біріккенін ашып алайық. 
Ортағасырларда түркілер халықаралық аренада беделді 
мемлекет болды, олармен одақтас болу Еуропа империяларына 
бедел беретін еді. Мысалы, византия тарихшысы Менандр 
Протектор «Тарих» атты еңбегінде Византия сарайының түркі 
ордаларымен арадағы қарым
-
қатынасы, VІ ғ. Алтай маңындағы 
түркілердің тұрмысы мен мәдениеті, Земарх елшілігі жайында 
құнды
деректер жазады. Атап айтарлығы Менандрдың 
баяндауында түркі халықтары «варвар» емес, империямен 
терезесі тең халық ретінде, түркілердің қағанын императормен 
тең дәрежеде көрсеткен [72, 324
-
325 бб.]. VI
-
XІІ ғғ. Еуразияның 
түркі тілдес халықтары Орталық және Орта Азия, Оңтүстік Сібір, 
Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ жерінде мемлекеттік 
құрылымдар
-
қағанаттар 
құрды. 
Қытай 
деректерінде 
жазылғандай VІ ғасырдың орта шенінде Алтай тауларының 
оңтүстігінен Орталық Азияның далалық аумағына түркі 
тайпалары қоныс аударып, VІІІ ғасырға дейін түркі қағанаты 
ретінде танылып, кең
-
байтақ өлкені қоныстанып, мықты саяси 
күшке ие болған. Алғашқы қағанат, Ұлы Түрік қағанатының (552
-


122 
605/630) территориясы Маньчжуриядан Киммериялық Боспорға
дейінгі кең алқапты алып жатты [73, 9 б.]. 
Қағанат
ыдырағаннан кейін оның аумағында қағанаттың 
мемлекеттік құрылымын сақтаған бірнеше қағанаттар: 
Моңғолияда Екінші Түрік және Ұйғыр қағанаты, Енисейде 
Қырғыздар
мемлекеті, Ертісте Қимақ және Қыпшақ 
мемлекеттері, Жетісу жерінде Түргеш пен Қарлұқ қағанаттары, 
Еділ мен Солтүстік Кавказ жерінде осы түркі қағанаттары 
үлгісінде
Бұлғар патшалығы мен Хазар қағанаттары құрылды [74, 
180 б.]. Осы мемлекеттік құрылымдар, бүгінгі түркі тілдес және 
славян халықтарының мемлекеттілігінің бастамасы болды.
Славян халықтары мемлекеттік құрылымға біріккен кезеңде 
Ұлы
дала төсінде қимақ, кейіннен қоман
-
қыпшақтары мемлекеті 
дүрілдеп тұрған болатын. 
Қоман
-
қыпшақтарының славяндармен саяси, экономикалық
-
мәдени байланыстарының болуын олармен қатар өмір сүрген, 
кейде славяндардың территориясына қоныс аударған түркі 
тайпаларының мәдени құндылықтары негізінде ғана қарастыруға 
болады. Олай болса осы түркілердің славяндардың жеріне алғаш 
қоныс
аударуы жөніндегі мәселе бұлғарлармен байланысты. С.Г. 
Кляшторный өзінің «Наследники тюркского эля» деген еңбегінде 
А.П. Новосельцевтің бұлғарлардың түркіленген огур тайпасынан 
шыққанын, қазіргі Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген 
бұлғар тайпаларының этнонимдеріне, тілдік сипаттамасы қате, 
хронологиялық жағынан дұрыс емесдеп қарсы шығады да, бірақ 
ізінше осы зерттеуінде византия тарихшысы Приск 
Панийскийдің еңбегіндегі фрагменттер бойынша 463 жылы 
Азиядан Қаратеңіз жағалауларына огур, сарагур және 
оногурлардың қоныс аударғанын жазады
[69, 146].
Батыс Еуропадағы огур тайпалары туралыП.Голден: «557 
жылы аварлар олардың кейбір тайпаларын бағындырды және 
олар өздерінің ішкіазиялық саяси құрылымының элементтерін 
сақтады. Византиялық және латын деректерінде олардың 
басшылары қаған, одан кейінгі
билеушілер титулы «тудун» деп 
аталды, барлық терминдер ішкіазиялық, протомонғолдық 
тайпалардан бастау алады», 

деп жазады [75, 114]. 
Хазар қағанатының құлауымен Шығыс Еуропада, Батыс 
Еуразия жеріндегі соңғы түрік қағанаты құлады, Монғол 
шапқыншылығы қарсаңында Шығыс Еуропада түркілік мемлекет 


123 
қалмады, хазарлардың қайсыбірі пешенегтер мен қыпшақтардың 
құрамына, қалғаны қала мәдениетіне бейімделгендер Киев 
Русінің құрамына өтті [76, 243]. Яғни, бірнеше ғасыр Шығыс 
Еуропаны дүрліктірген, бастапқыда түркілік
элементтері басым 
болған хазарлар түрлі тайпалармен бірігіп, тарих сахнасынан 
жойылды. Ендігі кезекте бұл аймақта көшпелі халықтар 
пешенегтер, оғыздар және оларды ығыстырған қыпшақтардың 
дәуірі туды.
Қыпшақ
тарихын зерттеуші белгілі ғалым Б.Е. Көмеков 
қыпшақ хандарының Шығыс Еуропа елдерімен тығыз 
байланыста болғанын айтады. Бұлғар, Венгр, Византия 
билеушілерінің қыпшақтардың көмегіне зәру болған кезеңдерін 
жаза отырып, қыпшақтардың Ресей, Польша, Германия, Чехия 
және Литва тарихында маңызды орын алғанын жазады [64, 18]. 
Мәселен, ХІ ғ. Византия империясы пешенегтерден төнген 
қауіптен
құтылуы үшін қыпшақтармен одақтас болғанын Анна 
Комнина «Алексиада» да жазады, ондаимператор Алексей 
Комнин қыпшақ билеушілері Маниак пен Тогартакпен 
пешенегтерге қарсы одақтасып, жеңіске жеткенін, олардың 
басшылары: «Главными предводителями куманского войска 
были Тогортак, Маниак ... », 

деп жазады [77, 233]. Шығыс 
Еуропада қыпшақ факторының пайда болуы мен қалыптасуы 
нәтижесінде қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ.) 
жазылды. Бұл қыпшақтардың құрлықтағы және судағы сауда 
жолын бақылауда ұстағанынан, халықаралық қатынас құралы 
ретінде қыпшақ тілін білу қажеттігінен туындады [64, 18].
Сонымен қатар, ортағасырларда әскери өнер мен ат үстінде 
шебер қимылдауға машықтанған көшпенділер тәжірибесі үлкен 
сұранысқа ие болды. Қыпшақтардың атты әскері жақсы 
жасақталды. «Войско почти целиком состояло из конницы. 
Легкая конница была вооружена луками. Для ближнего боя 
использовались сабли и копье. Шея знатного кочевника 
защищалась кольчужной бармицей, а лицо маской или 
полумаской. Для защиты тела кипчакской знатью большего всего 
использовалась кольчуга»,
-
деп сипаттайды қыпшақ әскерінің 
соғыс қару
-
жарақтары мен қорғаныс сауытын белгілі ғалым Я.В. 
Пилипчук [78, 187 бет].
Қоман
-
қыпшақтарында билік мұрагерлік жолмен берілетін 
болған. Орыс жылнамалары қыпшақ бірлестігінің басында 


124 
мұрагер княз
-
хандар тұрғанын баяндайды. Мәселен,ХІІ ғ. 
ортасында қыпшақтар екі тайпалық одақтан: елбөрілі және 
тоқсабадан тұрды. Елбөріліден шыққан ұлы билеушілер Боняк 
пен оның ұлы Севенч, тоқсобадан Шаруқан, оның ұлы Атрақ, 
оның ұлы Қоншақ, оның ұлы Юрги (орысша Юрий, Георгий) 
мұрагерлік жолмен ел билеген. Ол туралы орыс жылнамаларында 
«Бонакова братаа Сугра єша и брата его а Шаруканъ єдва оутече... 
болише бЪ всех половець... и приведоша зань Юргевъну 
Кончаковича», 

деп жазылған 
[79, 197]
. Кейін осы биліктің 
мұрагерлік жолмен берілу дәстүрі орыс княздықтары қағандары, 
кейіннен княздарының билікке келуінде өз жалғасын тапты. 
Еуразия даласымен шектесіп жатқан барлық көрші елдер 
көшпенділермен қарым
-
қатынасқа түсуге талпынып отырды, 
оның ішінде әскери одақтар, некелік байланыстағы одақтар, 
жалдамалы әскерлер және т.б. болды. Мәселен, Грузиндердің 
патшасы Давид Агмашенебели (1089
-
1125) Қыпшақ билеушісі 
Шаруқанның
ұлы Атрақтың қызына үйленгендіктен, 1118 жылы 
селжүктермен соғыста қайын атасының көмегіне жүгінген. 
Келесі бір қыпшақтардың орыстармен, венгрлермен некелік
-
саяси одақ құрғаны туралы мәлімет, ол 1223 жылы Калка өзені 
бойында болған қыпшақ ханы Котян
мен моңғолдар арасындағы 
соғыста, Котянның күйеу баласы, орыс князі
Мстислав 
Мстиславич оған көмектеседі. Бірақ соған қарамастан 
Котянмоңғолдардан ойсырай жеңіледі. Содан соң Котян Венгрия 
короліIV Белладан көмек сұрайды. Венгрия королі Котянға 
қоныстануға жер бөліп береді [80, 390]. Кейін король ханмен 
саяси
-
некелік одақ құру мақсатында Котянның қызы Елизавета 
Куманскаямен өзінің ұлыV Иштванды аттастырады. 
Венгрия королі сияқты Русь
княздары да қыпшақтармен 
одақтасудың негізін әулеттік некеде деп есептегенге ұқсайды. 
Сондықтанда олар қыпшақ ханшайымдарына үйленуге 
тырысқан. Мәселен, 1094 жылы киевтік Святополк қыпшақ ханы 
Тугорқанның қызына үйленген. Келесі бір қыпшақ ханы Асеннің 
немересіне Владимир Мономах ұлы Юрийді үйлендіреді, сондай
-
ақ ұлы Андрейге Түрік ханның қызын қалыңдыққа алып береді. 
1187 жылы Игорьдің ұлы Владимир Кончактың қызына, ал 1205 
жылы Всеволод Суздальскийдің ұлы Ярослав қыпшақ ханы 
Кончактың қызына үйленеді [10, 151]. Некелік одақтар бір 


125 
жағынан екі елдің арасында бейбіт өмірді қамтамасыз етсе, 
екінші жағынан сырқы жауларынан қорғануда тиімді болған.
Сонымен бірге екі халықтың арасында саяси байланыстармен 
қатар
сауда байланыстарына да ерекше мән берілген. Ол туралы 
П.В. Голубовский еңбегінден: «Қақтығыстар екі елдің 
арасындағы
достық қарым
-
қатынасты бұзбады, сауда байланысы 
тоқтатылмады... Көшпелілер сауданы соғыстан бөлек қойды 
және сауданың пайдасын білгенен кейін ешқашан кедергі 
келтірмеді, қайта қолдап отырды»
-
деп жазған [10, 159].
Белгілі 
түркітанушы ғалым П. Голден халықаралық сауданың 
көшпелілер өміріндегі орнын Омелян Прицак деректеріне 
сүйеніп: «Тайпа көсемдері керуен жолымен келетін заттарды 
сатып алып қана қойған жоқ, саудадан түсетін пайданың белгілі 
бір бөлігін иеленетіндіктен саудагерлер мен олардың 
тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті»,
-
деп жазады [76, 
10]. Яғни, көлемді табыс көзі, Қытай мен Жерорта теңізі елдерін 
байланыстыратын трасса Ұлы Жібек Жолын бақылауда ұстау 
отырықшы халықтар сияқты көшпелілердің де мемлекеттік 
мүддесінде алдыңғы орында болды. Өйткені, көшпелі халықтар 
үшін
де қолдан жасаған қолөнер бұйымдары, ұсталық және 
зергерлік өнімдерін шет жерлерге шығарудың жолы сауда болды. 
Қорыта
келе айтарымыз, орта ғасырларда қоман
-
қыпшақтары 
славян халықтарымен көші
-
қон үдерісі барысында және екі 
халықтың географиялық жағынан шекаралас орналасуына 
байланысты 
тығыз 
қарым
-
қатынасқа 
түсуге 
мәжбүр 
болған.Зерттеу барысында екі халықтың арасындағы мәдени 
ықпалдастық тек бір бағытта шығыстан батысқа қарай ғана емес, 
батыстан шығыс бағытында да жүргені қарастырылды. 
Қоман
-
қыпшақтары мен славян халықтарының арасындағы 
саяси байланыстар кейде бейбіт, кейде қақтығыстық сипатта 
өрбіген. Жазба деректердің көрсетуі бойынша тарихтың төзімен 
көрші болған қыпшақ және славян халықтары соғыс 
жағдайларында одақ құрған кезеңдері де болған. Қалай болғанда 
да екі халықтың мәдениеті ғасырлар бойы жалғасқан өзара 
ықпалдастық нәтижесінде бірін
-
бірі толықтырып, дамытып 
отырған. 


126 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет