170
хандық тағы Мұхаммед
-
ханның баласы Темір бек ханға көшеді.
Ол тарихи әдебиеттерде Темур Мәлік Оғлан деген атпен белгілі.
Муин
-
ад
-
дин Натанзидің айтуынша ол ішкілікке аса үйір болып,
уақытының көп
бөлігін, есінен тана мас күйінде өткізген [
20, 303
б.].
Низам
-
ад
-
дин Шами оқиғаны мұнан ары былай өрбітеді:
“Темір
-
мәліктің күні
-
түні
шарап ішуден, сауықтан және көңіл
кетеруден қолы босамады. Осыған байланысты адамдар одан
түңілді және күллі мемлекет пен
аймақ (бағыныштылар)
Тоқтамысты талап етті. Темір
-
мәліктің
басынан бағы тая
бастағанын Темір түсінді. 780 ж. (1378/79) Темір Тоқтамысқа әр
түрлі ықылас пен қамқорлық көрсетті және онымен бірге әмір
Тұман
-
Темірді, әмір Ұрын Темірді, Ғияс
-
ад
-
дин тарханды,
Бақтықожаны және әмір Банғыны
қисапсыз көп әскермен
аттандырып салды. Олар оны Сығанақта таққа отырғызулары
керек болды. Бұйрыққа сәйкес олар аттанды, Сығанаққа келіп
жетті де көздеген күні және бақытты сағатта оны сұлтандықтың
тағына отырғызды.
Бұл
уақытта
Темір
-
мәлік Қараталда қыстап жатыр еді.
Олардың арасында соғыс тұтанды, ақырында Темір
-
мәлік
талқандалды, ал Тоқтамыс жеңіп шықты. Ол (Тоқтамыс) бұл
хабарды Темірге жеткізу үшін Ұрыс
-
қожаны жіберді” [
8
, 108 б.].
Мұнда ескеретін бір нәрсе
—
Низам
-
ад
-
дин Шами мен Шереф
-
ад
-
дин Йезди Тоқтамыстың Сығанақты бағындыруға аттанған
мерзімін екі түрлі көрсетеді:
алғашқысында бұл
-
780 ж.
(30.04.1378 —
18.04.1379) болса, соңғысында
—
778 ж.
(21.05.1376 —
8.05.1377). Бұл айырмашылықты алғаш байқаған
орыс тарихшысы Б.Греков. Алайда бұл мәселеде ол өзінің пікірін
айта қоймайды. Сонымен бірге орыс тарихшылары күні бүгінге
дейін Ақ Ордалықтардың Темір
-
мәліктен түңіліп, таққа отыруға
Тоқтамысты өздері шақырғанына назар аудара бермейді. Олар
әдетте
Ақ Ордада Тоқтамысты қолдаушылардың көп болғанын
мойындаумен ғана шектеледі. Тіптен Б. Греков Тоқтамыс Ақ
Ордада өзін
-
өзі хан жариялады деуге дейін барды [13
, 320-321
бб.]. Мұның бәрі орыс тарихшыларына Тоқтамыс ханның беделін
түсіру үшін қажет болғаны бүгінде күдік туғыза қоймайды.
Ал
енді осы бұрмаланған тарихты бүгінде қазақ тарихшылары
қалпына
келтірулері керек деп ойлаймыз.
Сондықтанда біз
Тоқтамыстың тарихи ізімен қайта жүріп келе жатырмыз.
171
Муин
-
ад
-
дин Натанзи Тоқтамысқа төмендегідей мінездеме
береді: «Ол қабілетті, ержүрек, кең
пейілді, әдемі патша болды.
Оның әділеттілігі мен жақсы мінез
-
құлқы жалпыға мәлім. Алайда
ол Темір Сарайына ықыласты ниет танытпағандықтан да оның
осындай жақсы қасиеттері және бағалы мінез
-
құлықтары
жоғалды және жойылып кетті” [
20
, 303 б.].
Натанзидің айтуынша, бүкіл
Алтын Орданы өзіне
бағындырған Тоқтамыс 17 жыл хандық құрған.
Айта кеткен жөн, аса қысқа мерзімде Тоқтамыс Ақ Орданың
беделді, елге сөзі өтетін әмірлерін өзінің төңірегіне топтастыра
жөне оларды Ақ Ордамен Алтын Орданы біріктіру қажеттігіне
сендіре алды. Сондықтан да ол 779 жылдың (1377/78)
көктемінде
-
ақ Еділ бойына жорыққа аттанып, Сарай
-
Беркені
және т.б. қалаларды басып алды. Бұл кезде Алтын Орданың көп
бөлігі Мамайдың қолында еді. Сондықтанда о бастан
-
ақ
Тоқтамыстың Мамайға қарсы белсенді күрес жүргізуіне тура
келді.
1380 жылы Мамай Куликово даласында Мәскеу князы
Дмитрий Донскойдан жеңілген
соң Калка өзені жағасында
Тоқтамыстың қалың жасағымен кездесті. Ресей тарихшылары
өздерінің
ортағасырлардағы деректеріне сүйеніп бұл кездесуді әр
түрлі
түсіндіріп келеді. Мұнда тарихи шындықтың
шатастырылғаны сондай, академик Б. Греков Калкадағы бұл
кездесуді Шыңғысхан заманындағыдай «аса ірі, қанды шайқас»
ретінде бағаласа, ал Л. Гумилев мұны «Тоқтамыстың қан
Достарыңызбен бөлісу: