Бұлардан шығар қорытынды Ер Едіге этно
-
әлеуметтік
тұрғыдан туысқан халықтар
-
қазаққа, ноғайға, қарақалпаққа,
татарға және т.б. түріктерге ортақ батыр. Тарих сахнасына
мұндай ірі тұлғаны шығарғанымызға біздер түркі халықтары
мақтанатын жөніміз бар.
Коммунистік тоталитарлық, әміршіл
-
әкімшіл жүйеде
зерттеушілер түркітілдес халықтардың өкілі Ер Едігенің
тарихтағы орнын өз деңгейінде көрсете алмады. Саяси
-
идеологиялық тұрғыдан оған мүмкіншілік те берілмеді. Өйткені,
1944 жылы Татар облыстық партия комитетінің жұмысы туралы
арнайы қаулы қабылдаған БК(б)П Орталық Комитеті «Ер Едіге»
жырын соғысты, тонауды және қантөгіс озбырлықты дәріптейтін
зиянды мұра ретінде ресми түрде айыптады. Енді жырды
жырлауға, жариялауға тыйым салынып қана қоймай, оны кезінде
ел аузынан жазып алып, жарыққа шығарғандар да аяусыз
қуғындалды. Мысалы, академик Қ.И. Сәтпаев 50
-
ші жылдардың
басында ғылымдағы лысенковшылдықтың құрбандығы болған
кезде, оның сонау 1927 жылы «Ер Едіге» жырына алғысөз жазып,
Мәскеуде жариялағаны қайта
-
қайта еске түсіріліп, қуғын
-
сүргін
өрши
түсті. Енді фольклортанушы ғалымдар өздерінің
зерттеулерінде Едігеге байланысты пікір айтудан қашатын
болды.
Ер Едігеге байланысты қуғындалғандар арасында басқа да
қазақ
фольклорымен айналысатын айтулы ғалымдар болды.
Алтын Орда хандарын жырлайтын ноғайлы циклдарына жататын
эпостарға неліктен тыйым салып отырғанын Коммунистік партия
шынайы түрде, жан
-
жақты түсіндіре қойған жоқ. Басты себеп,
ақиқатына келсек, мынада еді: «Ер Едіге», «Қарасай
-
Қазы», «Ер
Көкше», «Ер Сайын» тәрізді ноғайлы жырлары деп аталатын
жырлардың кейіпкерлері кезінде орыс жерлерін жаулап алу
ұрыстарында
даңққа бөленген ерлер еді. Дегенмен де бұл
тұлғалар халықтарды өзара жауластыру саясатын ешқашан да
ұстанған
жоқ. Кезінде осындай ерлердің арқасында шығыс
151
түркілері славяндарға бас имей, құл болмай, өз тәуелсіздіктерін
сақтап, тұтас, ен аймақтарды еркін жайлап, көшіп
-
қонып жүрді.
Алайда туған халқына қадірлі мұндай батырлар әміршіл
-
әкімшіл
кеңестік жүйеде Кеңестер Одағында әлеуметтік статусы «аға»,
тіптен «ұлы» халық дәрежесіне көтерілген орыстарға қарсы
күресті баяндайтын шығармаларды насихаттауғасаяси тұрғыдан
рұқсат етілмейтін еді. Сондықтан да аталған түркі халықтарының
қайраткерлері
мен батырлары ғасырлар бойы фольклорлық
жырлар мен дастандарда ұнамды бейнелер болса да жаңа
кеңестік коммунистік саясиландырылған тарихтан тыс, елеусіз
қалулары
тиіс болды.
Ортағасырлық жазба деректер Едіге туралы мәліметтерді
1376 жылдан бастап қана береді. Олардан аңғаратынымыз, осы
кезеңге дейін Едіге Алтын Орданың солтүстік қанатының, яғни
қазіргі
қазақ жерінің ханы Ұрыс ханның сарайында болып, соған
қызмет
жасаған. Жоғарыда көрсетілген жылы ол Ұрыс ханға
қарсы
күресте Әмір Темірден көмек сұрап келіп жатқан
Тоқтамысқа келіп, соның жағына шығады. Тегінде Едігені Әмір
Темірге Тоқтамыс таныстырған [18, 335 б.]. Бірақ ортағасырлық
деректер Едігенің Ұрыс ханмен неліктен жанжалдасқанын
түсіндіре қоймайды. Алайда Едіге Тоқтамыспен де соңына дейін
бірге болмады. Ол Алтын Орда билеушісі Тоқтамысты тастап,
Мәуереннахрдағы Әмір Темірге келді.
Низам
-
ад
-
дин Шами бұл туралы былай жазады: «Бұл кезде
Темір Бұхарада еді. Қашып келген Едіге (Идигу
-
мангут) Ұрыс
ханның әскерлерін жинап, Тоқтамыстың ізімен келе жатқанын
мәлімдеді» [19, 289 б.]. Осы үзіндіден көріп отырмыз, Едіге Әмір
Темірге келейін деп келмеген. Өміріне қауіп төнгендіктен Низам
-
ад
-
дин Шами айтқандай амалсыз «қашып келген».
Зерттеушілер Тоқтамыстың Ягайлоға жазған хатына сүйеніп
Едігенің Темірге кеткен жылын 1389 ж. деп көрсетеді [
11, 65].
Натанзидің әйгілі «Ескендір анонимі» атты шығармасында
көрсетілгендей Едігенің Әмір Темірге келуінің басты себебі оның
әкесі
Ақ Орда әмірі Балтышақтың Тоқтамыс ханның қолынан
қаза
табуына байланысты екендігін байқаймыз. Натанзидің
«Ескендір анонимінде» Едігенің әкесін Тоқтамыстың өлтіруі
былай баяндалады:
785 (1383-
1384) жылы Тоқтамыс Әмір
Темірдің қолдауымен Ақ Орда ханы Темірбекке қарсы жорыққа
аттанады. Осы ұрыста Темірбек тек оның басты әмірі Балтышақ
152
та тұтқынға түседі. Алғашқысы
—
Темірбек хан бірден өлтірілді
де, ал Балтышақтың қол
-
аяғын байлап, оны Тоқтамыстың
сарайына алып келеді. Мұнан ары әңгіме былай өрбиді: «Ол
(Балтышақ
–
Т.О.)
адалдығымен және берілгендігімен даңққа
бөленгендіктен оған Тоқтамыс былай деді: «Егер сен мені өзіңнің
билеуші» ретінде мойындар болсаң, мен саған құрмет көрсетуден
және сені сыйлаудан ешқашан ауытқымаймын және патшалық
пен дүние
-
мүлік тізімін сенің қамқор қолыңа беремін».
Ызаланған Балтышақ былай деді: «Егер менің қолдарым
байлаулы болмаса мен саған жауап берер едім. Сені менің
билеушімнің орнынан көрген көздер соқыр болып қалсын. Егер
сенің қолыңда билік бар болса мынандай бұйрық бер: мені де
өлтірсін, билеушімнің басын менің басымның үстіне, ал оның
денесін менің денемнің үстіне қоятын болсын. Егер мен одан
бұрын өлмеген болсам, онда одан бұрын оның тәнінің қалдығына
адалдығымды көрсету үшін болар». Тоқтамыс оның өтінішін
қанағаттандырды» [20, 303 б.].
XVI ғасырда өмір сүрген Әбумұхаммед Хусайн мұнан кейінгі
Едіге тағдырын былай түсіндіреді: «Шығу тегі өзбек, ноғай
руларының басшысы, сол қанат бастықтарының және
министрлерінің басшыларының бірі болып табылатын және
Тоқтамыш мемлекетін басқару ісінде қабілетті кеңесші Едіге 792
(1390 ж.) жылы оның тарапынан қауіпті сезіп қашып шықты және
Темірге келді, оның алдындағы жерді сүйді және оны өзінің
жағдайынан хабардар етті» [21, 107б.].
Халықтық ауыз
әдебиетінде
Едіге Тоқтамыс ханнан ол той тойлап жатқанда
жасырын қашып шығады.Бұл мәселенің ауыз әдебиетінде аңызға
айналған дерек екендігін айта келе академик В.В.Бартольд былай
деп жазады: «...Так же быстро возникали легенды в
среднеазиатских степях и впоследствии, что иногда вводило в
заблуждение европейских исследователей. Эпический рассказ о
бегстве Едигея с пира Тохтамыша к Тимуру в 1391 г.находится
уже у младшего современика Едигея, Ибн Арабшаха, вследствие
чего покойный П.М. Мелиоранский пологал, что сказание
передает действительное происществие; между тем, по более
достоверному источнику, по ярлыку Тохтамыша от 1393 г.,
Едигей был только посланцем мятежных царевичей и вельмож.»
[17, 448 с.]. Бәлкім, шынында да Едіге Тохтамыстан қашқан бетте
әмір
Темірге бара қоймай, біраз қалыптасқан жағдайды
153
таразылап, соңғысына бару туралы шешімге біртіндеп келген
болар. Дегенмен де бір нәрсе анық: Едіге Тоқтамыстан кеткен соң
әмір
Темірді қолдай бастаған.
Жоғарыда айтылған Әбумұхаммед Хусайнның әңгімесін
жалғастырсақ, ол, Едігенің әр түрлі кулық
-
сұмдықты
пайдаланып, ақырында Әмір Темірді Тоқтамысқа қарсы жорыққа
шығуға көндіргенін айтады.
Алайда Әмір Темір Едігенің ақылын
және үгітін тыңдағандықтан ғана Тоқтамысқа қарсы жорық
жасады десек біржақты пікір айтқан болар едік. Өйткені,
Тоқтамыстың 1387 жылдың күз айларында Әмір Темірдің
оңтүстіктегі Хузистан әміршісі Шах Мансұрға қарсы соғыстан
қолы
тимей жатқанын біліп, Жетісу мен Хорезмнің
аралығындағы Амударияға дейінгі жерлерді басып алып, тонап,
қайтып
кеткені белгілі [8, 154 б.]. Мұнан соң Тоқтамыс
Әзірбайжандағы
Темір иеліктеріне шекаралас өңірге басып кірді.
Деректер Тоқтамыстың осындай әрекеттерінің 1391 ж.
қаңтарында
Әмір Темірдіоған қарсы жорыққа аттануға
итермелегенін дәлелдейді [8, 160 б.].
1391 ж. Әмір Темір Тоқтамыс әскерлерін Еділ өзенінің саласы
Қондыршы
бойында талқандағанда Едіге бұл шайқасқа Әмір
Темір жағында қатысқан. Әмір Темір Дешті Қыпшақ жері арқылы
кейін қарай қайтқан кезде Едіге сол қанаттағы өзінің руластары
мен тайпаластарына жаушы аттандырып, оларды Әмір Темір
әскерлері
басып өтетін қауіпті аймақтардан аулақ, алыс кетуге
және жылдамдата көшу барысында бір жерде екі күннен артық
кідірмеуге үгіттейді. Әмір Темір әскерлерінің тонауынан Едіге
өзінің
елін осылайша сақтап қалады.
Сонымен қатар Едіге Әмір Темірдің қалың әскері жорықтан
қайтар
жолда оның туған өлкесіне жақындаған кезде өзі де ебін
тауып, қаһарлы билеушіні ренжітпей, оның қоластынан босанып
шығу жағын қарастырады. Шараф ад
-
Дин Йаздидің айтуынша
мұнан ары оқиға
былай өрбіген. Едіге Әмір Темірге келіп, оның
тағының алдында тізерлеп отырып: «оның адал қызметшісі
ретінде, өзінің ордасын жинап, оларды осында алып келгісі»
келетіндігін мәлімдеген және осыған байланысты Әмір Темірдің
рұхсат етуін өтінген.
Күллі Жошы ұлысы өзінің уысында екендігін сезінген
құдіретті
Әмір Темір бұл өтінішті қанағаттандырып, Едігенің
қолына
өзінің жарлығын ұстатып, оның өзін босатып еркіне қоя
154
береді. Әмір Темірдің бұл жарлығында Едігеге, «оның
баспанасына және оның адамдарына тиісуге
және сондай
-
ақ
олардан салықтар жинауға дүниеде ешкімнің де қақылары жоқ»
екендігі атап көрсетілді [21, 107 б.].
Мұның өзі Едігенің Әмір Темірдің жол бастаушысы және
кеңесшісі ретінде үлкен сенімге және зор беделге ие
болғандығын дәлелдей түседі. Тарихшылар арасында Едігенің
Әмір
Темірден кетуін сатқындық ретінде бағалауға қарсылар бар.
Мұны тарихшы В.В.Трепавлов та атап көрсетеді [11, 67 б.].
Едігенің және оның әріптесі Темір Құтлықтың Әмір Темірдің
рұқсатын алып, одан аттанып кетулерін және оған қайтып
оралмауларын Әмір Темірдің қателігі ретінде көрсетуге бейім
тарихшылар да бар. Мысалы, Л.Н.Гумилев осы оқиға
Тоқтамысқа қарсы «жорықтың табыстарын жоққа шығарды»
деген асығыс қорытындыға келеді [15, 442 б.].
Шын мәнісінде Едігені мұндай әрекетке мәжбүрлеген
оның
өзінің
туған еліне, туған өлкесіне деген ыстық ықыласы еді деп
айтута негіз бар деп ойлаймыз. Әмір Темірдің жойқын
жорықтары руластарын жаныштап, жоқ ететіндігін Едіге жақсы
түсінді және сондықтанда оның алдын алуға күш салды.
ХV
-
ХVІ ғасырларда болашақ ноғайлардың Жайық және Ембі
өзендері
аралықтарын мекендеуін тарихшылар Едігенің өзінің
елін Әмір Темірдің ауыр жорықтарынан сақтаудан туған әрекеті
деп орынды бағалайды деген ойдамыз. Шындығында да 1391 ж.
Тоқтамысқа қарсы жойқын соққыдан соң бұл өлкеге
қаһарлы
әміршінің
қайта аяқ басуы да екіталай еді. Бұл мәселеде алысты
болжайтын көреген Едіге қателесе қойған жоқ. Әмір Темір өзі
тонап кеткен өлкеге жаулары қайта бас көтермесе екінші рет жер
қайысқан
қалың әскермен аяқ баса бермейтін еді.
Алайда бұл мәселеде тарихшылар кейде дәлелсіз
болжамдарға ұрынып жүр. Мысалы В.В.Трепавлов былай деп
жазады: «Едігенің сақтығы түсінікті: ол әміршіні алдағаны үшін
жазалаушы жорықтан сақтанды» [11, 67 б.]. Осы жолдарды
жазған В.В.Трепавлов өзінің еңбегінің дәл осы бетінде Едігенің
Әмір
Темірден кетуін «сатқындық ретінде біржақты қабылдауға
болмайтынын», мұнда «қандайда бір болмасын себепті
жағдайдың орын алуы мүмкін екенін» де атап көрсеткен еді. Яғни
зерттеуші өзін
-
өзі теріске шығарып отыр.
155
Едігені сатқын, тұрақсыз саяси тұлға ретінде көрсету Алтын
Орда тарихынан кеңестік кезеңде іргелі монография жазған
Б.Греков пен А.Якубовскийге де тән. Олар «шығыс деректерінің
Едігеге ешқандай да ықылас танытпайтынын» айта келе осы
орайда Әмір Темірге әрқашан сын көзбен қараған, сондықтанда
«оның қарсыластарын ақтауға дайын тұрған» Ибн
-
Арабшахтың
пікірлерін мысалға алады. Сонымен қатар Б.Греков пен
А.Якубовский Ибн
-
Арабшах пікірлерінің әдеби тұрғыдан
өңделгенін
мойындайды. Жалпы алғанда Ибн Арабшахтың Едіге
бейнесін жаулық көзқараспен жазбағаны оның пікірлерінен
белгілі. Ол Едігені былай бейнелеген еді: «Ол нағыз қара торы
өңді, орта бойлы, дене құрылысы берік, қарағанда қаһарлы, аса
ақылды, тартымды, күлкіге кенелген, өте зерек және аңғарымпаз
еді, ғалымдарды және лайықты адамдарды сүйді» [8, 473 б.].
Б.Греков пен А.Якубовскийдің бұл жерде біржақтылыққа
салынғаны олардың өздерінің Ноғай эпосында Едігенің жағымды
бейнеленетінін мойындауларынан да айқын көрініп тұр [13, 384
-
385 бб.] Жоғарыда айтылғандай, Едігенің Тоқтамысты жеңген
соң өзінің туған еліне қайтып кетуін Б.Греков біржақты және
жағымсыз тұрғыдан Әмір Темірді «алдап кету», «билікті қолға
түсіруді аңсау» деп сипаттайды [13, 386 бб.].
Б.Греков пен А.Якубовский өздерінің пікірлерін дәлелдеу
үшін
В.В.Бартольдқа да жүгінді. В.В.Бартольдтың «Едігенің
әкесі» атгы мақаласында Едігенің тұрақсыздығы атап
көрсетіледі. Алайда Едігені саяси тұрақсыз еткен оның мінезі
емес, аса күрделі саяси заманы еді. Мұны біз бүгінде ескеруге
тиіспіз.
Әмір
Темірдің Едігеге кек сақтамағаны оның Ирандағы
Керман қаласын және округін басқарып отырған Едігенің
балаларына өзі өлгенше тиіспеуі және Тоқтамысқа қарсы екінші
жорық барысында Едігені ынтымақтастыққа шақырып хат жазуы
айқын байқатады.
Деректерге қарағанда Тоқтамысты талқандаған 1391 жылдан
кейін Ақ Орда жері дегенмен де Әмір Темір ықпалында болғанын
көреміз. Ол 1395 жылы Жошы ұлысы тағына Ұрыс ханның
ұрпағы
Қойыршақты отырғызды. Алайда оның өмірі қысқа
болды да таққа Ұрыс ханның келесі ұрпағы Темір Құтлық
отырды. Натанзидің мәліметі бойынша Темір Құтлық
пен
Едігенің әскерлері Еділ бойында Тоқтамыс әскерлерін
156
талқандады. Темір Құтлық 6 жыл тақта отырған тұста «патшалық
ісінде бұрынғы тәртіп толығымен орнықты». Орыс
жылнамашылары Темір Құтлық билік жасаған жылдарды шын
мәнінде Едіге билік жасаған жылдар ретінде атап көрсетеді [13,
388-
38 бб.]. Дегенменде деректерден Темір Құтлықтың хан
болуы Әмір Темірдің рұқсатымен жүзеге асқанын байқаймыз.
1397 жылы Әмір Темірге Темір Құтлық, Әмір Едіге, Қызыр Қожа
өздерінің
елшілерін аттандырып, Темір Құтлықты хан ретінде
тануға ресми рұқсат алды [8, 187
-
188 бб.].
Алайда бұл жылдар Темір Құтлық пен Едігенің Тоқтамысқа
қарсы
күрес жылдары болды. 1397 жылы 8 қыркүйекте Кафы
түбінде олардың азғана күштері Тоқтамыс пен Литва князі
Витовттік біріккен күштерінен жеңіліп қалды. Бірақ келесі жылы
қыста
Тоқтамыс жеңіліп, Литваға қашты.
Өзара
қарсы тұру 1399 жылы да жалғасты. Витовт пен Темір
-
Құтлық
келісімге келе алмады. Тарихшылар осы тұста Едігенің
Витовтқа жазған хатынан төмендегідей үзіндіні пайдаланып жүр:
«Батыл князь!
-
деп жазды Витовтке Едіге,
-
Біздің хан (Темір
-
Құтлық
-
Т.О.)
сені өзінің ағасы ретінде мойындамай тұра
алмады. Өйткені сенің одан біраз жылдарға үлкендігің бар. Бірақ
өз
кезегінде сен менен кішілеусің. Сондықтанда сен маған
басыңды исең, маған салық төлеуге міндеттенсең, өзіңнің
литвалық ақшаңда менің мөрімді бейнелер болсаң дұрыс болған
болар еді» [15, 453 б.]. Бұған әрине Витовт қатты қорланды.
1399 ж. 12 тамызда Витовт пен Тоқтамыстың Темір
-
Құтлық
пен Едігеге қарсы шайқасы соңғылардың жеңісімен аяқталды.
Жеңімпаздар 500 шақырымға дейін, Ворсклыдан Киевтің өзіне
дейін еуропалық әскерлерді қырып салды. Өлгендер арасында 20
-
дан астам княздар бар екен [15, 454 б.].
Алтын Орданың қайта күшеюіне Темір
-
Құтлықтың кенеттен
қайтыс
болуы кедергі келтірді. Натанзидің айтуынша ол «ұзақ
уақыт ішкілікке салынып ұйқыға кеткенде оянбай қалған» [20,
304 б.].
Жошы ұлысында ханның жоқ болуынан басталған
тәртіпсіздік Едігені Шыңғыс хан тұқымын іздестіруге
итермеледі. Ол таққа «өзінің әділдігімен және қабілетімен белгілі
болған және жасы жағынан үлкен Шәдібекті отырғызды».
Натанзи Шәдібекті тыныштық іздеген, қауіпсіз өмірді аңсаған
хан ретінде сипаттайды. Ол бүкіл өмірін думандатып рахатқа
157
бөленіп өткізгісі келді. Едіге болса мемлекетті нығайтуға күш
салды. Ол бұрынғы дәстүрлерді (тура) және ұлы заңдарды
қалпына
келтірді. Бұл Шәдібекке ұнамады. Ол жасырын түрде
Едігенің көзін жоймақ болды. Оның мұндай арам ойын сезіп
қойған
Едіге оған ашық қарсы шықты. Шәдібек болса тағын
тастап Дербент өмірі Шейх Ибрагимді паналады және сонда
кейіннен қайтыс болды (269). Оның патшалық құрған жылдары
1400-
1408 жылдар еді [20, 392 б.].
Шәдібектің орнын Болат сұлтан алды. Шереф
-
ад
-
дин
Йездидің айтуынша ол Шәдібектің баласы еді [8, 146 б.]. Оны
таққа отыруы да Едігенің Алтын Орда әкерлерінің бас
қолбасшысы ретінде күшейіп тұрған кезіне сәйкес келді. Өзі
төреден шықпасада, яғниШыңғыс тұқымы болмаса да ханға Едіге
тәрізді ханға туыстық қатынасын пайдаланып Алтын Ордаға
үстемдік
жасағандар баршылық. Олар әдетте, ұлы ханға күйеу
-
гурген болып келетін. Жалғыз Едіге ғана емес, мұндай
артықшылық жағдайды алтын Орданың атақты ханы Өзбектің
тұсында Құтлық Темір мен Иса
-
бек, мемлекет дағдарысқа
ұшыраған
кезеңде Мамай, ал ХІІІ ғасырда Батудың тұсында оның
әкпесіне
үйленген Катран пайдаланып, мемлекетте шешуші
тұлғаға айналған еді. осындай жолды орыс княздері де таңдады.
Алтын Орда ханшаларына үйлену орыс княздері арасында билік
үшін
күресте "күйеулердің" мүмкіндіктерін арттыра түсті. ХІІІ
ғасырда
Феодор Ростиславовия Черный княздің ұлы ханның
қызына
үйленуі оның Ярослав өңіріне билік ету құқын арттыра
түсті. Өзбек ханның қарындасы Көншаққа үйленген князь Юрий
Данилович Московский Владимирдің ұлы князі мансабына ие
болды. Керісінше Алтын Орданың ұлы ханына немесе оның тақ
мұрагеріне өздерінің қыздарын ұзату арқылы жағдайын
нығайта
түскендер де болды. Бұдан Едіге де тыс қала қойған жоқ. Ол
өзінің
қызын 1411 жылы Темір ханға ұзату арқылы мемлекеттегі
ықпалын кұшейте түсуге қол жеткізді [22, 50
-
51 б.].
Едігенің ықпалымен жаңа хан Болат Алтын Орданың орыс
княздеріне билігін күшейтуге тырысты. Бұл Едігенің мемлекет
қайраткері
ретінде күшейген, өзі таққа отырғызған хандар атынан
теңге соқтырған кездері еді. Едігенің мемлекеттік жүйеден
қайраткерлік
белсенділігі, Алтын Орда мемлекетіндегі
реформатор ретінде беделі ол таққа
өзі отырғызған хандарға өз
бетінше саясат жүргізуге әрқашан кедергі жасады. Бұл жерде
158
әңгіме
Едігеге бағынғылары келмесе де оның ықпалынан шыға
алмаған хандар
–
Шәдібек (1400
-
1407 жылдар), Болат(1407
-1411
жылдар), және билігінің алғашқы жылдары оған мойынсұнуға
мәжбүр болған Темір (1411
-
1412) туралы болып отыр.
Едіге әмірдің Алтын Ордада күш алуына оның ұлы
ханнан және оның қандас мұрагерлері, яғни Шыңғыс
тұқымынажататын ханзадалардан кейінгі әкімшілік лауазымы
болып табылатын бектердің бегі(беклербек) мансабын иемденуі
де себеп болды. бұл шын мәнінде бас уәзірдің қызметімен
барабар, барлық әскерге қолбасылық жасайтын аса шешуші билік
сатысы еді.Едігенің "әмір" атанатын себебі де осыдан. Алтын
Ордада беклербек лауазымы әкеден балаға мұра ретінде беріліп
отырды. Яғни Едігенің әкесі Балтышақ та кезінде осындай
қызметте
болған еді [8, 132
-
133 б.].
Едіге мемлекет билігінде
Шыңғыс ханның "Ясы" заңындағы ұстанымдардың қатал
сақталуын қадағалады. Бұл бойынша Орда әмірлері қызмет
тәртібін бұзатын болса ең
ауыр жаза өлім жазасына да кесілетін
болды. Кезінде Шыңғыс ханның өзі бекіткен тәртіп бойынша кез
келгенәмір
ұлы ханға ғана бағынып, соның айтқандарын ғана
орындауы тиіс еді. Әмірдің немесе Орда элитасы белгілі бір
билікке тағайындаған адам, мысалы орыс
княздары ұлы ханға
ескертпей басқа елдердің билеушілерімен келісімге барар болса
ол, опасыз сатқын ретінде өлім жазасына кесілді.
Айта кеткен
жөн, күні бүгінге дейін Едігенің мемлекет қайраткері ретінде
жүргізген шаралары, Жошы ұлысын нығайту жолындағы саяси
және экономикалық реформалары тарихымызда әлі де терең
зерттеле қойған жоқ. Орыс және батыс тарихшылары Едігенің
қайраткерлік
және реформаторлық белсенділігін біржақты, және
жағымсыз тұрғыдан сипаттап, оны Алтын Орданың отаршылдық
жүйесін нығайтушы ретінде көрсетіп келеді. Осы тұрғыдан
алғанда түркі дүниесі тарихшылары қайта қарайтын мәселелер де
баршылық.
Ал Едігеге келсек, ол көптеген орыс княздіктерін
бағындырып қана қоймай, әйгілі Дмитрий Донскойдың баласы
Василий Дмитриевич басқарған Мәскеудің өзін
де қоршауға
алғаны белгілі. Орыстың Никон жылнамасында бұл оқиға былай
баяндалады: “...6917 (жаңаша 1409 ж.) қыс айында,
желтоқсанның 20 күні Орда сұлтаны (құжатта
-
князі) Едігей
Үлкен
Орда патшасы (ханы) Болат сұлтанның әмірімен қалың
159
қолмен
орыс жеріне
келді. Едігемен бірге татарлардың көптеген
сұлтандары және төрт ханзада ілесіп келген. Жылнамашының
айтуына қарағанда осы Орда князі Едіге Орданың барлық
княздеріне билік жүргізуші және Орданың барлық патшалығын
өз
қолында ұстаған, сондай
-
ақ өз қалауынша патшаны
тағайындайтын...” [23].
Ұлы
князь Василий Дмитриевич әскер жинап үлгере алмай
қапыда
қалып, Мәскеуде өзінің інілері князь Андрей
Дмитриевичті, Петр Дмитриевичті және өзінің ағасы Владимир
Андреевичті, көптеген жасағын және қала халқын қалдырып
,
өзі
әйелімен, бала
-
шағасымен Костромаға қарай сытылып, қашып
шыққан. Ол кетіп бара жатып қала іргесіндегі сауда
-
өндіріс
орындарын өртеуді бұйырған. Нәтижесінде қала төңірегінде
үлкен
өрт және наразы тұрғындардың бүлігі басталған.
Жалынның көкке өрлеп сумаңдаған қызыл тіліне қаланы жан
-
жақтан қоршаған Едігенің қалың қолы тамашалап қарап тұрған.
Олар шығынға ұшырамау үшін Мәскеу қамалынан атылған оқ
жетпейді
-
ау
деген қашықтыққа шатырларын тігіп, асықпай, жата
-
жастана қоныстанған. Ал Едігенің өзі болса Коломенскоеға дейін
барып орыстардың жандары алқымға тығылып, үрейлері
ұшкандарына, яғни өзіне қарсы топтасып, қару асынып шығып,
қарсыласуға
жарайтын жанның жоқ екеніне әбден көзі жеткен
соң, әскерін жан
-
жаққа босатып жіберген. Тізгін өз қолдарына
тиген әскер басылары ойларына келгендерін жасап, көптеген
адамдарды тұтқынға алып, Переславл қаласын өртеп жіберіп,
Ростовты, Дмитровты, Серпуховты, Вереяны, Нижний
Новгородты және Городецті басып алған. Олардағы билік
жүргізушілер және қалың халық тұтқын болған [23].
Жылнамашының жазуынша Едігенің қаһарына қыстың
қаттылығы
сәйкес келген, ақ түтек боран көз аштырмаған. Өзі
басып алған қалалардың княздерін қолға түсірген Едіге енді ұлы
князь Василий Дмитриевичті тұтқынға алу қамына кірісіп, өзінің
жақсы биінің баласы Бегіберді және Сентіліби басқарған отыз
мындық әскерге өзінің таңдаулы тағы төрт мың адамдық жасағын
қосып
аттандырды. Бірақ олар князь Василий Дмитриевичке
дейін жете алмай жарты жолдан кейін кайтып оралды. Өйткені
осы кезде Орда ханы Болат өзінің жедел шабарманын Едігеге
жіберіп, оның Ордаға тездетіп оралуын талап етті.
Жылнамашының айтуынша Болат хан өзінің негізгі күштерін
160
Едігенің бастауымен орыс жерін бағындыруға жібергендіктен
оның тағына қызығушы бақталастарының бірі Ордада
мемлекеттік төңкеріс жасап, Болатты тақтан аластатып және
өлтіріп
өзін хан етіп жариялайтын сәт туды деп ойлаған. Мұндай
қаскөй
әрекеттің дайындалып жатқанын Болат ханның
шабарманы Едігеге ашық айтты. Осыдан соң
-
ақ Едіге кейін
қайтуға
асығыс жинала бастады. Ол Мәскеудің айналасындағы ат
тұяғы жететін аймақтарын дым қалдырмай тонап, тұтқындарды
шұбыртып айдады. “Жалғыз Мәскеуді ғана құдай сақтап калды”,
-
деп жазылған бұл туралы Никон жылнамасында [23].
Қайтар
жолда Едіге Мәскеуге шабарманын жіберіп, егер қала
3000 сом салық төлесе, өзінің
оны қоршауды тоқтататынын,
әскерлерін
алып кететінін атап көрсетті. Араға бір ай салып Едіге
қисапсыз
мол қазынамен және байлықпен орыс жерін тастап
кетті. Егер Болат ханнан шұғыл шақырту келмеген болса тас
қамалмен
қоршалған Мәскеу де, өзіне көрші орыс қалаларының
кебін киіп, Едігенің табанында тапталары, оған тізе бүгері сөзсіз
еді.
Бұл жерде осы кезге дейін ресейлік тарихшылар
қалыптастырған: “Москва была также осаждена, но овладеть ею
Едигей так не смог. Простояв около месяца под Москвой. Едигей
потребовал трехтысячный “окуп” с москвичей и снял осаду” [24,
784 б.],
-
деген біржақты пікірімен толық келісуге болмайды.
Едіге Мәскеуді күші жетпегендіктен ала алмады деуге негіз
жоқ. Егер Орда ханы оны кері шақыртпаған болса Мәскеу халқы
сақылдаған сары аязда
аштықтың құрбаны болып, баудай түсіп
қырылған
болар еді.
Едігенің орыс жеріне не себептен жорық жасағаны оның 1409
жылы ұлы князь Василий Дмитриевичке жолдаган грамотасында
толық баяндалады. Бұл едәуір көлемді болғандықтан оның
қысқаша
мазмұнымен оқырманды таныстыра кетелік. Онда Едіге
өзінің
мұнда келу себебін Рустың соңғы жылдары Орда билігін,
ықпалын мойындағысы келмейтін сыңай таныта бастауымен
байланыстырды. Сендерге,
-
деді ол,
-
“Ханның елшілері және
Орда қонақтары келеді, ал сендер болсаңдар елшілермен
қонақтарды
қылжақ етесіндер, ия сендердің қиянаттарыңа олар
аса ренжулі...” Едіге өзінің осы хатында Василийді сендерден
бұрынғы патшалар біздің адамдарымызды қатты құрметтеп,
күтіп алушы еді, орыс жерінен бұрын ешкім де ренжімей
161
аттанатын, бұл туралы
“сен ең болмаса өзіңнің көне көз
қарттарыңнан
сұрасаң етті”,
-
деп сөкті. “Хан Темір Құтлық таққа
отырған бетте,
—
деп жазды одан ары Едіге,
-
сен өзіңнің
ұлысыңа
Государь тағайындадың”, ал сен тағайындаған
жерлердегі князьдер “ханда ешқашан болған емес, ханның және
оның сұлтандарының көзіне түскен емес. Өзіңнің боярларыңды
да, ақсақалдарың мен жастарыңды және тіптен басқаларды да
жіберген емессің. Балаларың да, туыстарың да бір ауыз сөзбен
келген емес. Онан соң, ІІІәдібек сегіз жыл хандық құрды, оған да
аталғандардың ешқайсысы келген емес... ешкімді жібермедің:
сонымен Шәдібектің бұл хандығы да өте шықты. Енді ғой Болат
сұлтан таққа отырды және хан болғанына да үш жыл болды: өзің
келмей қойғаныңмен тұрмай, балаңды да, бауырларыңды да, аға
бояриніңді де жіберген емессің. Өзің ғой ұлы ұлыстың басшысы
Ұлы
князісің, ал барлық істеген істерің ұнамсыз және дұрыс емес.
Феодорадан Кошкаға дейін Ордаға деген жағымды әдет және ақ
ниет ой сондай
-
ақ игілікті істер орын алып еді” [25, 16
-
17 бб.].
Едіге князь Василийді осылайша өткен жылдар тәжірибесінен
сабақ алмайсың деп сөге келе, сонымен қатар Алтын Ордаға адал
қызмет
еткен адамдарды да оған үлгі ете сөйледі. Хатта олардың
ішінен боярлар Илья Иванович, Петр Константинович, Иван
Микитич аталады. Соларды жинап ақылдассаң
орыс жері, сенің
менмендігіңнен бүйтіп күйзелмес еді,
-
дейді Едіге. “Хан
Жәнібекке кезінде салықты
қалай
төлеп едіңдер, естеріңде ме?
Сонда ғой сендердің ұлыстарыңа ешкім де тимейтін, шаруаларың
тыныштықта өмір сүретін, олар “сенің өркөкіректігіңнен
қырылмайтын”,
-
деп жазылған хатта [23].
“Біз сенің ұлысыңды өз көзімізбен көрген емеспіз, тек әр түрлі
сыбыстар арқылы естиміз”,
-
деп ренжіді Едіге одан ары. Солай
бола тұрса да “Орыс княздерінен, немесе Литвадан қандай да бір
болмасын жәбір көрсеңдер, сенің
өзің тағы да олардың үстінен
жылда шағым айтасың және арыз грамоталарын жолдайсың,
сөйтіп олардан қорғауды өтінесің және сен бізге ешқашан маза да
бермейсің” [23].
Ия, көріп отырмыз, Едіге Батый ханның кезінен бері
қалыптасқан
Алтын Орданың орыс жеріне үстемдік ету жүйесін
қалайда
сақтап қалу үшін күрескен. Жоғарыдағы Мәскеудің ұлы
князі Василий І жолдаған хатында Едіге оны кезінде үлкен
қателік
жіберген Твердің және Владимирдің ұлы князі Михаил
162
Ярославич Тверскойдың қателіктері тәрізді жаңылысуларға
барғаны үшін айыптап отыр. Соңғыны Алтын Орда соты Ұлы
ханмен келіспей, "Рим папасына қазынаны жөнелтті", "байлығын
алып немістерге қашып кетпек болды" деп айыптап, өлім
жазасына кескен еді. Жазаны ауырлата түскен нәрсе
-
орыс
князінің өзіне әйелдікке алған Шыңғыс
тұқымына жататын Өзбек
ханның қарындасы Көншақ
-
Агафияның(орыстар оны княгиня
Юрьева деп атайтын) өміріне қастандық жасады деген айыппен
айыпталуы еді [22, 64
-
66 б.].Осындай айыптаулар ақырында
Едігенің Мәскеу княздігіне жорыққа аттануына себеп болды
.
Едігенің Мәскеу князі Василий І
-
ге мұндай қатқыл мазмұнды хан
жазуының байыбына бару үшін өткен тарихқа қысқаша болса да
шолу жасауға тура келеді.Орыс княздері шын мәнінде Тоқтамыс
ханның өзін де ол,1382 жылдың жаз айында Мәскеуге жойқын
жорық жасап, оның
халқын қырып, ал қаланы өртеп қайтқан соң
ғана
мойындап, өздері Алтын Орда астанасы Сарайға келе
бастаған еді. Тоқтамыс хан Мәскеуге жорық жасағанда қаладан
қашып
кетіп, жасырынып қалған атақты ұлы князь Димитрий
Иванович Донской 1383 жылы күз айында өзінің үлкен ұлы
Василийді көп сый
-
сияпатпен Тоқтамысқа аманат етіп жіберді.
Ол осында үш жарым жыл бойы аманат
-
тұтқын болды [23]. Бұл
Мәскеудің Алтын Орда билігін мойындайтынының нақты
көрінісі еді. Ал Дмитрий Донской 1389 жылы 19 мамырда қайтыс
болған соң ол өзінің қол астына қарайтын екі бірдей княздіктің,
яғни Мәскеу және Владимир княздіктерінің ұлы князі мансабын
жоғарыда аталған өзінің үлкен ұлы Василийге өсиет етіп
қалдырды. Мұны Василийді Ордада болған кезінде жақсы біліп
қалған
Тоқтамыс хан да мақұл көрді. Сондықтан да оны таққа
Алтын Ордадан келген Тоқтамыс ханның елшілері отырғызды.
Солай бола тұрса да өзінің Алтын Ордаға адалдығын дәлелдеу
үшін
Василий І
-
дің өзі де 1390 жылы наурызда Алтын Ордаға
сапар шекті.Орыс тарихшысы Ю.Селезневтың есебі бойынша
Василий І барлығы Алтын Ордаға үш рет барған(1390,1392,1412
жылдары)[22, 160
-
161]. Осы мәліметтерден аңғаратынымыз,
Василий І Алтын Ордада Едігенің ықпалындағы "қуыршық"
хандар билеген жылдары, яғни 1400
-4-
1412 жылдар аралығында
Алты Орда астанасы Сарайға аттап баспаған, өзі келмегенін
айтпағанда тіптен өзінің өкілдерін де жібермеген. Василий І
-
дің
Едігеге бақталас болып, оның жеке басының жауына айналған
163
Тоқтамыстың "адамы" болуы ғана емес, Тоқтамыстан кейін таққа
отырған Алтын Орда хандарын мойындағысы келмеуі де
намысқа тиді. Өзінің оған жазған хатында Едіге міне, осыған
ашуланып отыр.Орыс тарихшылары кезінде Тоқтамыстың
Мәскеу княздігін күшейтуге бағытталған шараларын ханның
Әмір
Темірге қарсы күресте орыс жерінен сенімді одақтас табуды
көздеген әрекеті ретінде қарастырған еді. Ал енді Едігенің
заманында жағдай өзгерді. Едіге керісінше орыстармен
одақтасуға мүдделі бола қойған жоқ. Сондықтан да ол енді
Василий І басқарған Мәскеу княздігінің орыс жеріндегі ықпалын
әлсірету
саясатын жүргізді.
Бұл тарихи шындық. Едіге Алтын
Орданы мойындағысы келмеген орыс княздерімен жағаласып
жүріп, ол өзінің негізгі бақталастарын тарих сахнасынан
ығыстыруды да естен шығарған емес. 1409 жылы Едіге Батыс
Сібірді паналап жүрген Алтын Орданың бұрынғы ханы
Тоқтамыстың соңына түсті.
Әбубәкір
Диваев ел аузынан жазып алған “Мырза
—
Едіге
батыр” эпосының нұсқасында Едігенің Тоқтамысқа көрсеткен
қорлығы
былай жырланады:
Ер Едіге батырдан,
Тоқтамыс ханның жұрттары.
Жүректері суысып,
Айдарлысын құл қылып,
Тұлымдысын тұл қылып,
Күнікедей көріктісін,
Тінікедей тектісін,
Ат көтіне салып, жүн қылып,
Бұрынғы өзінің айтқанын,
Өтірік
қылмай шын қылып,
Тоқтамыс ханға бір қайласын қылып,
Құлақ, мұрнын кесіп,
Өлгенмен
тең қылып,
Сонша харекетлік білән қырысып,
Бір
-
біріңізбен ұрысып,
Ақыры көніп
тынысып [23, 93 б.].
Ал
Қадырғали
би
Қосымұлының
«Жылнамалар
жинағындағы» “Тоқтамыш хан дастанында» Тоқтамыс ханды
Едігенің баласы Нұраддиннің қапыда ұйқыда жатқанда өлтіргені
айтылады. Л.Н. Гумилев Тоқтамыс Сарайды басып алмақ болған
164
кезінде Шәдібектен жеңіліп, Тобылдың төменгі жағында
өлтірілді
дейді [15, 455 б.]. 1410
-
1412 жылдары Алтын Ордадағы
билікті бөлісу үшін пайда болған қырқыстың бел ортасында Едіге
де жүрді. Нәтижесінде өкімет басына қайтадан Тоқтамыс ханның
балалары келген кезде Едіге Хорезмге
барып бас сауғалайды.
Едігенің Хорезмге кетуін басқаша түсіндіретін деректер де
кездеседі. Натанзидің айтуынша Едіге Темір Құтлықтың баласы
Темір сұлтанды таққа отырғызады. Бірақ біраз уақыттан соң
Темір сұлтан төңірегіндегілердің сөзіне ілесіп Едігені
қуғындайды. Осыдан соң Едіге Хорезмге кетеді. Темір сұлтан
оның соңына түседі. Осы кезде оның ұлысын Тоқтамыстың
балалары Жәлел
-
ад
-
дин сұлтан, сұлтан Хусейн және Мұхаммед
тұтқиылдан басып алады. Ал Темір сұлтан болса қашқынға
айналып, қаңғырып өледі [15, 304
б.] Дегенменде, Едіге Хорезмде
көп тұрақтай алмады, ол Герат ханы Шахруқпен сыйыса алмады.
Кезінде бүкіл Алтын Орданы алақанында ұстаған,
қаламағанын
хандықтан түсірген, айласы мен ақылы телегей
теңіз, қаһарлы әмір Ер Едігенің тағдыры қайғылы аяқталды.
Нақтырақ
деректерге қарағанда ол 1419 жылы Сарайшық
қаласының
түбінде кезінде өзі қол ұшын беріп, Алтын Орда
тағына отырғызған, бірақ кейіннен билікке таласып ата дұшпанға
айналған Тоқтамыстың баласы Қадірбердінің қолынан қаза
тапты. Қадірбердінің бұйрығымен
Едігенің денесін кескілеп
тастады [13, 405 б.].
Бұл оқиғаның қалай болғаны XVII ғасырдың мұрасы
Қадырғали
би Қосымұлының «Жылнамалар жинағында»
төменгідей баяндалады.
Тоқтамыш ханның мәлім, белгілі ұлдары мыналар, аттарын
таратып айтсақ,
-
Жалаладдин сұлтан, екіншісі Кучук сұлтан,
үшіншісі
Жафарберді сұлтан, төртіншісі Қалымберді сұлтан,
бесіншісі Қадырберді хан, қызы Жанике атты еді. Оны Едіге би
алды. Едіге
—
Кучук Жаникені алғанда Қадырберді хан үш жасар
еді. Жанике (оны) Едіге бектен өтініп алып қалып,
бір кеште
біреумен жасырын қашырып Қырымға жіберді. Кейіннен он бір
жасында Қадырберді хан Қырым әскерімен келіп, Еділ
дариясынан кешіп өтіп Едіге бекпен соғысты. Сол ұрыста Едіге
бекті өлтірді. Қырым әскерінің әскербасы ұлықтары: “Бұл жылы
жазғысын осында қалайық, атымыз семірсін, ұрысқа күш
-
қуат
165
жинайық, Еділ тоңа қысында қайтармыз”,
-
десті. Ол сөзді
(Қадырберді хан) жаратпады. Түркі өлеңі:
Еділ тоңса кім кешпес,
Едіге өлсе кім бармас!
Еділ тоңбай тұрып,
Едіге өлмей тұрып,
-
деді.
Осындай серт берісіп қатты ұрысқа кірісті. Едіге бек жаралы
болды. Қадырберді хан да жарақаттанды. Екі жақ әскері бірін
-
бірі
қырып
салды. Ичкили ұлы Хасан Едіге бидің мініс атын... ұстап
тұрар еді. (сол) Қадырберді ханға “Едіге мұнда жатыр”,
-
деп
хабар береді. Келіп оны өлтірді. Қадырберді хан да сол
жарақаттан артынша бірнеше күн өткен соң қайтыс болды”.
Едіге ұрпақсыз қалған жоқ. Тарихшы Мұқаметжан
Тынышпаев өзінің “Қырғыз
-
қазақтардың шығуы және қазақ
хандығының құрылу тарихы” деген іргелі еңбегінде Едігенің
тұқымын таратады.
Бұл бойынша Едігенің 5 баласының үлкені
Нураддиннен белгілі батырлар, өз заманына мәшһүр
қайраткерлер
таралған. Олардың араларында Орақ батыр,
Қарасай, Қазы, Ормамбет би, Тарғын батыр тәрізді аңызға
айналған тарихи тұлғалар бар. Ибн Арабшахтың айтуынша
Едігенің 20
-
ға тарта балалары болған, ал оның өзі Дешті
Қыпшақты
20 жылдай билеген. “Оның патшалық құрған күндсрі
адамдарда жарқын із, ал билік еткен түндері уақыт ағымында
шұғылалы жолақ болып қалды” [21, 280 б.]. Жоғарыда аталған
тарихи тұлғаларға келер болсақ мынаны ескерген жөн. Бұлардың
біразы осы Едігенің ұрпақтары болғандықтан, яғни орыс жерімен
жауласу соғыстарын жүргізгендіктен социализм жылдарында
ауыз әдебиеті тарихынан алынып тасталғанын жоғарыда да
айттық.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытар болсақ кеңестік
тарихнама тұсында тарихи тұлға Едігеге жаулық көзқарас
қалыптасты. Мұның басты себебі батыс және орыс
тарихшыларының ортағасырлық орыс жылнамаларындағы
Едігенің орыс жеріне дүркін
-
дүркін жаугершілік жорықтар
ұйымдастыруы
және орыс жеріне Алтын Орданың үстемдігін
нығайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруда қайраткерлік
және белсенділік танытуы еді.
Осыған байланысты еуропалық тарихшылардың кейбірі
Едігені мансапқор, тұрақсыз, қатігез де қанышер етіп көрсету
166
үшін
түркі халықтарының ауыз әдебиетіндегі қаһарман, елге
қамқор
Едігені шынайы тарихи Едіге бейнесіне қарсы қойды.
Осы мақсатпен тіптен Едіге туралы шығыс деректерінің өздері де
бұрмаланып пайдаланылды. Сондықтан да
тарихи шындық
қалпына
келтірілуі тиіс.
Заманында көптеген күрделі тарихи
оқиғалардың бел
ортасында жүрген және шым
-
шытырық саяси тағдыры көптеген
әйгілі
тарихи тұлғалардың іс
-
әрекетімен тығыз байланысты
болғандықтан Едіге тағдырына әділ баға беру дегеніміз ең
алдымен
ортағасырлардағы
Еуразия
кеңістігіндегі
мемлекеттіліктің тарихи тамырларының маңызы мен рөлін дұрыс
түсіну болып шығады. Мұны тарихшыларымыздың ескергендері
жөн.
Айтарымыз, кезінде күллі түркі жұрты өздерінің
фольклорлық
шығармаларында
батылдығына,
ерлігіне,
қайраткерлігіне
тәнті болып, бас иген Ер Едіге тәрізді ірі
тұлғаларға қатысты тарихтың бұрмалаусыз әділетті баяндалғаны
жөн. Оларды білу байырғы түркітілдес халықтардың сандаған
ғасырлар
бойы өз бостандығын қорғай білгенін, дамудың кейінгі
ғасырларында
ғана отарлау құрсауына түскенін, кейінгі ұрпаққа
айқын, дәлелді көрсетіп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |