Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет26/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
annotation110059

.
Мәскеуді қорғаушылар «түгел мас болған, өйткені олар бал 
мен сыра сақталатын боярлар подвалдарын талқандаған» [3
0, 429 
б.]
.
Мәскеудегі көтеріліс біздің ойымызша ұлы князь Дмитрий 
Иванович Донскойдың және онымен бірге бірқатар боярлардың 
қаладан
кетіп қалуларына байланысты басталған. Л.Н. Гумилев 
мұны ұлы князь татарлар Мәскеуді ала алмайды деп сенгендіктен 
қалдырып
кетті деп түсіндіреді. Шынында да тас қамалмен
қоршаған, оқ
-
дәрімен атылатын алғашқы зеңбірек 
— 
тюфякпен 
қаруланған
Мәскеуді алу тас қамалды бұзатын қарулары жоқ, 
қылыш, садақ және найзамен ғана қаруланған Тоқтамыстың 


180 
қалың
қолы үшін мүмкін емес те еді. Оның үстіне қамалда азық
-
түлік жеткілікті болған

Л.Н.Гумилев Мәскеуді қорғауға «бір ғана нәрсе 

жауынгерлік рух күші жетіспеді, өйткені Куликово даласының 
қаһармандары
өздерінің туған деревняларында демалып жатты, 
ал астанада бірлі
-
жарым қала тұрғындары, қала маңындағы 
көптеген басыбайлылар және қолөнершілер тұрып жатты”
— 
деп 
жазады [3
0]. 
Зерттеушінің бұл сөзі Никон жылнамасындағы мына 
сөйлемдерден туындаған: “...оскуде бо вся русская земля от 
Мамаева побоища за Доном, и вси русстии людие в велице страсе 
и трепете быша за оскудение людей” [2
3]. 
Әрине, орыс жері үшін Куликово шайқасы оңайға түскен жоқ. 
Бірақ негізгі жаулары Алтын Орда хандары әлі біржолата 
талқандалмаған кезде бұл неғылған «демалыс»? Оның үстіне 
Тоқтамыс Куликово шайқасы болғаннан кейін іле
-
шала емес, 
араға екі жылдай уақыт салып Мәскеуге шабуыл жасап отыр емес 
пе? Жаугершілік заманда орыстардың екі жыл бойы демалып 
жатқаны несі? Біздің ойымызша орыстарда Кулиководағы 
жеңістен кейін бізді Мәскеу қорғайды деген сенім пайда бола 
бастаған. Орыстардың бей
-
жайлығы осыған байланысты болса 
керек.
Мұнан әрі жылнама бойынша оқиға былай өрбиді. Жоғарыда 
аталған Тоқтамыстың жағындағы суздальдық орыс князьдерінің 
азғырған сөздеріне иланған мәскеуліктер темір кақпаны ашып, 
татар елшілерін ішке кіргізбек болған. Бірақ олармен бірге қалаға 
тасқын судай
екпінмен Тоқтамыстың қалың қолы баса көктеп 
еніп кетті. Князь Остей астыртын өлтірілді. Қалада қанды қырғын 
басталды.
Жылнамада Тоқтамыстың тек Мәскеуді алумен ғана 
шектелмей жекелеген қарулы жасақтарын Владимирге, 
Переяславльге, 
Юрьевке, 
Звенигородқа, 
Можаевскіге, 
Боровскіге, Рузаға, Дмитровқа жөнелтіп, оларды басып алғаны да 
айтылады. Жаулаушылар Переяславльды да өртеп жіберген, ал 
оның тұрғындары қайыққа мініп көлге қашып кеткен.
Ұлы
князь Дмитрий Иванович болса өзінің қашып келген 
жұбайымен, балаларымен және көптеген боярларымен 
Костромада оқиғаның соңын күткен. Ал оның туысы князь 
Владимир Андреевич көп күшпен Волока түбінде тұрған және 


181 
татарлардың сонда жеткен қаннен
-
қаперсіз жекелеген 
жасақтарына соққы берген. Таяқ жеген татарлар шоқыта желіп, 
Тоқтамысқа келіп бұл туралы оны үрейлене хабардар еткен. 
Онсыз да байлыққа белшеден батқан Тоқтамыс өзінің әскерлерін 
жедел жинап, жолшыбай Коломнаны тағы да тонап, Рязань 
жерінен де мол олжаларға кенеліп, өзінің барлық күштерімен 
Оканың арғы бетіне өтіп кеткен.
Князь Олег Иванович Рязанский 
болса татарлардан қашып құтылған. Осыдан соң көп кешікпей
-
ақ 
ұлы
князь Дмитрий Иванович және оның туысы Владимир 
Андреевич өз жерлеріне оралып, Мәскеу қаласына келіп, 
өлгендерді
жерлеумен айналысқан [
23]. 
Келесі жылы жазда Мәскеу князі Дмитрий Иванович тутан 
баласы Василий Владимировичті Владимирде және Новгородта 
өзінің
орнына ұлы князь етіп тағайындауды өтініп, көп сый
-
сияпатпен, тарту
-
таралғымен Алтын
-
Орда ханы Тоқтамысқа 
жіберді. Оның жанына Твердің ұлы князі Михаил Александрович 
ілесіп барды.
Осылайша Тоқтамыс өз мақсатына жетіп, орыс князьдерінің 
Кулиководағы жеңісінен кейін де олардың Алтын Ордаға алым
-
салық төлеп тұруын қайта жолға қойды. Бірақ Тоқтамыстың 
Алтын Орданы дәуірлетуіне Орта Азиядағы Әмір Темірдің даңқы 
көлеңке
түсірді. 1383 жылы Хорезмді басып алған Тоқтамыс 1400 
жылға дейін Темірмен және оны жақтайтын Қойырчак пен Темір
-
Құтлықпен
және Шәдібекпен таққа таласып арпалысты. 
Жоғарыда айтып кеттік, Хорезм бұрынғы Алтын Орданың 
қарауындағы
жер болатын. Оның үстіне
Хорезмде әлі де Әмір 
Темірдің билігі орныға қойған жоқ еді. Бұл өңірде Алтын Орда 
билігінің орнығуы Өзбек хан тұсындағы мемлекеттің қуатын 
толық қалпына келтіру болып табылатын еді. Сондықтан да 
Тоқтамыс 1380 жылы Хорезмді басып алған соң онда өзінің 
атынан теңге соқтырды. Бұл жорық кейбір орыс тарихшылары 
айтып жүргендей, Әмір Темірге қоқан
-
лоққы көрсету, немесе 
оның беделін көзге ілмеу мақсатымен жасалған жоқ. Тоқтамысқа 
Алтын Орданы бөлшектеуге бейім тұрған әмірлердің көз 
алдында өзінің беделін берік орнықтыру аса қажет болды. 
Сондықтан да Тоқтамыстың бұл жорығы Б.Грековтың сөзімен 
айтсақ, оның «Хорезмге бағытталған нақты саяси бағдарламасы 
еді» [
13
, 329 б.].


182 
1385 жылы қыста Тоқтамыс Әзірбайжанды Алтын Орданың 
ықпалына қарату үшін Дербент арқылы Тевризге
дейін барды. 
1387 жылы Тоқтамыс Дербент арқылы Әзірбайжанға тағы жорық 
жасады. Бұл кезде Әмір Темір Қарабахта болатын. Тоқтамыс 
мұнда да Әмір Темірдің ұлы Мираншах бастаған әскерлермен 
кездесіп қалып, жеңіліске ұшырап кейін шегініп кеткен еді. 
Сонымен қатар ол Хорезмді Алтын Орда құрамында ұстап қалуға 
күш жұмсап, 1387 жылдың күз айларында Амударияға жетті. 
Алайда Ходжентке барар жолда ол Әмір Темірдің әскерлеріне 
кездесіп қалып амал жоқ шайқасуға мәжбүр болды. Бұл 1388 
жылдың қыс айлары еді. Алайда Хорезмді қолда ұстап тұруға 
Әмір
Темірдің мүмкіндік бермейтінін түсінген ол, Жайыққа 
қарай
шегініп кетті. Осылайша Тоқтамыстың Әзірбайжанды 
және Хорезмді Алтын Ордаға біріктіруді көздеген саясаты Әмір 
Темірдің ашық қарсылығына кездесіп, сәтсіздікке ұшырады.
Әмір
Темір Әзірбайжанда Тоқтамысқа тойтарыс бере тұрса да 
1388 жылы Тоқтамыс Хорезмге екінші рет шабуыл жасалғанға 
дейін ашық жауласуға бара қойған жоқ. Сондықтанда 1387 жылы 
Әзірбайжаннан
шегінген Тоқтамыстың көптеген әскерлері 
Дербент түбінде Әмір Темірге еріксіз тұтқынға түскен кезде ол 
оларға 
жүмсақтық 
пен 
қайырымдылық 
танытып, 
жанашырлықпен Тоқтамыстың денсаулық жағдайын сұрастыра 
келе былай деген: «Біздің арамызда әке мен баланың құқы бар. 
Бірнеше ақымақтың кесірлерінен осыншама адамдар неге 
өлулері
керек? Біздер арадағы келісімді сақтауларымыз керек 
және ұйқыдағы тәртіпсіздікті оятып алмайық». Осылайша Әмір 
Темір тұтқындарға барлық жағдайлар жасап, оларды ақшамен 
және киіммен қамтамасыз етіп, аман
-
есен Тоқтамысқа шығарып 
салды [
3
0, 436 б.].
Алайда Хорезм өңірінің
Тоқтамысқа қосылмақ болып 
әрекеттенуі, тіптен Әмір Темірге қарсы көтеріліс жасауы және 
Моғолстанды билеуші Әмір Қамар
-
ад
-
дин Дулаттың 
Тоқтамыспен келісімге баруы Әмір Темірді 1388 жылы осы 
бағытта жорыққа аттануға мәжбүр етті.
Оның үстіне Тоқтамыс
80-
ші жылдардың алғашқы 
жартысында Алтын Орданы қуатты мемлекетке айналдырды. 
«Қазақ Совет энциклопедиясында» Тоқтамыстың осы тұстағы 
саясатына төмендегідей баға берілген: «Тоқтамыс таққа 
отырысымен Ордадағы Шыңғысхан тұқымының тақ үшін 25 


183 
жылғы қырқысуларын жойды. Сонымен қатар Көк Орда, Хорезм, 
Қажы
Черкестің, Астрахан иеліктері мен Мамай Ордаларының 
басын қосып, қуатты Жошы
ұлысының бірлігін қалпына 
келтіруге күш салды. Египетпен байырғы достық қатынастарын 
қайта
жандандыру мақсатымен Египетке елшілік жіберді. Ибн 
Дукманның жазбаларына қарағанда елшілік онда һижраның 786 
ж. (1384
-
1385) келген. Египет сұлтаны Алтын Ордаға өз елшілігін 
1386-
1387 ж. жіберді» [
36
, 86 б.].
Бұл шын мәнінде Бейбарыс пен Берке ханның кезінде 
басталған туыстық қарым
-
қатынасты нығайту бағыты еді. Солай 
бола тұрса да орыс тарихшылары Тоқтамыстың осы әрекетінің 
өзінен
де Темірге қарсы жаулық пиғылды іздестірді
[13
, 332 б.]. 
Шын мәнінде Тоқтамыс Әмір Темір шабуыл жасаған соң ғана 
Египет сұлтанын оған қарсы одақтас болуға үгіттей бастаған
еді 
[19, 441-
442 бб.].
Біздің ойымызша Темірді Тоқтамысқа қарсы жорыққа 
мәжбүрлеген негізгі себеп 
— 
Алтын Орданың бұрынғы күш
-
қуатының
қалпына келіп, оның Моғолстан және Хорезм өңіріне, 
яғни Әмір Темір мемлекетімен шекаралас аймақтарға 
ықпалының күшейе
бастауы болып табылады.
Әмір
Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорығы 1389 жылдың 
көктемінде басталды. Әмір Темірдің келе жатқанын естіген бетте 
Тоқтамыс өзі қоршауда ұстап отырған Сауранды тастап, қыпшақ 
даласына шегініп кетті.
Бизам
-
ад
-
дин Шамидің «Жеңістер кітабында» («Зафар

намеде») Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорыққа 1391 
жылдың 22 қаңтарында аттанғаны айтылады. Оның мәліметіне 
қарағанда
Қара
-
Саман деген жерде Әмір Темірге Тоқтамыстың 
елшісі келген. Ол Әмір Темірге Тоқтамыстың атынан көп құрмет 
көрсетіп, сәйгүлік жылқыларды және қыран құстарды сыйлаған. 
Өзінің
елшісі арқылы Тоқтамыс Әмір Темірден «көп қайтара 
кешірім өтінген және арада орын алған келеңсіздіктердің 
себептерін түсіндіруге тырысқан». Мұнан байқайтынымыз, 
Тоқтамыс Әмір Темірмен жағдайды бейбіт
жолмен реттеуге күш 
салған. Өзінің елшілері арқылы Әмір Темірге жолдаған хатында 
Тоқтамыс оның өзіне әкесінің орнына әке болғанын, өзіне Әмір 
Темірдің тарапынан аса көп жақсылықтар жасалғанын айта келе 
арам ниетті адамдардың тіліне, арандатуларына ілескендіктен 
қателіктер
жіберіп алғандығын атап көрсетті. Өзінің әрекеті үшін 


184 
«ұялатынын және шын ниетімен қапаланатынын» баяндай келе 
Тоқтамыс енді «өзіне ұсынылған шекарада тұрақтауға дайын 
екендігін және ұсақ міндеттерді дәлме
-
дәл орындайтынын» 
айтып Әмір Темірге уәде берді.
Мұның өзі Тоқтамыстың үлкен саясаткер және дипломат 
екендігін дәлелдейді. Батыс және орыс тарихшылары әлі күнге 
дейін Әмір Темірді марапаттап жазған оның өзінің 
тарихшыларының ықпалдарынан шыға алмай келеді. Мәселенің 
ақиқатына келсек сол замандағы қыпшақ даласын, билеушілер 
басшылыққа алған қағидалардың негізі Шыңғысханның заңы еді. 
Бұл бойынша Әмір Темір Шыңғысхан тұқымынан 
болмағандықтан тақтың заңды мұрагері Тоқтамысты 
мойындауы, тіптен оған бағынуы керек еді. Тоқтамыс Алтын 
Орданын заңды билеушісі ретінде мұны жақсы түсінді. Ал Темір 
болса бұған қасақана мәон бермеді. Темір Тоқтамыс елшілеріне 
берген жауабында өзінің оған жасаған жақсылықтарын бұлдап, 
«мен оны өзімнің балаларымның деңгейіне дейін көтеріп, оған 
көңіл бөлдім», 

деп бәлсінді
[18
, 94 б.].
Дешті Қышпақ даласын көктеп өткен Әмір Темір 6 маусымда 
Жайық өзенінен өтіп көп кешікпей
-
ақ Тоқтамыстың қалың 
қолына
кездесті. 1391 жылы Еділге құятын Қондырша өзені 
алқабында (Құндызша деген жерде) ұлы шайқас болды.
Осы жерде Тоқтамыстың Дешті Қыпшақ Даласымен сонау 
Еділ бойына дейін шегінуін кейбір зерттеушілер айтып 
жүргендей, батылсыздық, яғни Әмір Темірден қорқақтап, алды 
артына қарамай қашу ретінде сипаттау дұрыс емес. Тарихи 
деректерде, жоғарыда да айтып кеттік Тоқтамыстың батыл да 
батыр тұлға екендігі дәлелденген. Мүұнда ол отырықшы өңірден 
әскер
жинаған Әмір Темірдің әскерлерін сардала төсінде 
қаңғыртып, әбден жүйкелетіп барып соғысқа ұүрындырмақ 
болғанын байқаймыз. Оның үстіне Тоқтамыстың әскерлері сан 
жағынан да Әмір Темір әскерлерінен әлдеқайда көп бөлды. Осы 
мәселені арнайы зерттеген М.Иванин Тоқтамыс әскерлерінің 
Қондырша
шайқасындағы саны жарты миллионға жуық болған 
болуы керек деп жазады. Бұл Алтын Орданың, Көк Орданың 
жасақтарынан басқа ноғайларды, аландарды, черкестерді, 
болгарларды және орыстарды біріктірген, Әмір Темірдің өзінің 
сөзімен айтар болсақ “шегіртке мен құмырсқадай каптаған» 
қалың
қол еді. Ал Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы 200 мың 


185 
қолмен
аттанғаны белгілі [
38, 199-
200 бб.]. Кейінірек Ұлытаудан 
табылған Әмір Темірдің тасқа жазып қалдырған белгісі 
М.Иваниннің мәліметтерін растады.
Мұнда тағы бір назар аударар мәселе 
— 
Тоқтамыстың Әмір 
Темірге қарсы осыншама қалын қол жинай алуы оның Дешті 
Қыпшақ
даласында аса беделді тарихи тұлға болғанын дәлелдей 
түседі.
Қондыршадағы ұрыс қарсаңындағы жағдайды Әмір Темірдің 
өзі
кейіннен былай түсіндіреді: «менің әскерлерім шаршаған 
және аш еді,
оныкі 
— 
керісінше 
— 
тың еді» [
39
, 74 б.].
Қондыршадағы
екі алыптың 18 маусымда басталған қырғын 
ұрысы
үш күнге созылды. Аса тәжірибелі Әмір Темір өзінің 
жауынгерлерінің рухын көтеру, керісінше қарсыласының 
әскерлерінің
рухын түсіру үшін психологиялық әдіс
-
амалдарға 
барды. Мысалы, ұрыстың әбден қызған кезінде Әмір Темір өзінің 
немересі Мырза Әбубәкір бастаған 8000 әскерге шатырлар тігіп, 
жауынгерлерге арнап тамақ дайындауға бұйрық берді. Мұның өзі 
әскерлердің
еңсесін көтеріп, оларды ұрысқа жігерлендірді. Ол 
Тоқтамыс әскерлерінің еңсесін түсіру үшін, оның басты ту 
көтерушісін сатып алды. «Мен, 

деп атап көрсетеді осы орайда 
Әмір
Темір, 

жауымның
ту кетерушісін сатып алдым. Ол екі 
жақтың әскері ұрысқа кіргенде туды түсіретін болып уәде берді». 
Негізгі тудың түсірілуі Тоқтамыс әскерлері қатарында үлкен 
абыржу туғызды және олар Еділге қарай шегіне қашты [39, 75 б.]. 
Әбұмұхаммед
Хұсаинның айтуынша көлемі жағынан мұндай ұлы 
шайқас «бұрын ешқашан болған емес» [2
1
, 109 б.].
Алайда Қондыршадағы ұрыс екі жақ үшін де шешуші шайқас 
бола қойған жоқ. Жауынгерлер екі жақтан да аз қырылған жоқ. 
Сондықтан да Әмір Темір өзінің жеңісін соңына дейін жеткізбей, 
кейін
қайтып кетті [
30, 441-442 
бб.
]. 
Ұрыстан
кейін кеп кешікпей, өзінің астанасы Сарайға оралған 
Тоқтамыс Египет сұлтанымен және Литва князімен жақындасып, 
одақ құруға күш салды. Сонымен қатар ол Алтын Орданың 
оңтүстіктегі шекарасы Әзірбайжанда өз ықпалын күшейтуге 
тырысты. Бұл Әмір Темірді бей
-
жай қалдырмады. Ол 1395 
жылдың ақпан айында Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанды.
Түркі халықтарының мемлекеттік мүддесі тұрғысынан 
қарағанда
Әмір Темірдің бұл жорығын ешқандай себептер ақтай 
алмайды деп ойлаймыз. Бұл Қыпшақ
даласының ұлы мемлекеті 


186 
Алтын Орданы біржолата күйрету және батыс елдерін, әсіресе 
орыс мемлекетін күшейтуге жол ашу бағыты еді. Ал соңғысының 
бір орталыққа бірігіп, мемлекет ретінде нығаюына Әмір Темірдің 
өзінің
қанды жорықтарымен мүмкіндіктер беруі қыпшақ жерін, 
оның ішінде болашақ қазақ даласы да бар жат жерліктердің 
отарына айналдыруға саяси негіз жасап берді.
Өзінің
қисынсыз жорығын негіздеу үшін Әмір Темір 
Тоқтамысқа мынадай мазмұнда хат жолдады: «Аса құдіретті 
құдайдың
атынан сенен сұраймын: бойыңды
жынның 
тәкаппарлығы билеген сен, қыпшақтың ханы қандай пиғылмен 
тағы да қаруды қолға алды»? Менің қолдарым сенің күштеріңді, 
байлығыңды және билігіңді быт
-
шыт қылған біздің соңғы 
соғысымызды сенің ұмытып
-
ақ қалғаның ба. Ақылға кел, 
оңбаған! Өзіңнің маған қаншама
міндеткер екендігіңді есіңе 
түсір. Бірақ әлі де уақыт бар; сен жазалаудан құтылып кете 
аласың. Сен бейбітшілікті қалаймысың, жоқ әлде соғысты 
қалаймысың? Таңда. Мен қайсысына болсын дайынмын. Бірақ 
есіңде болсын, бұл жолы сені аяу деген болмайды» [
30, 44
4б.
]. 
Тоқтамыс Әмір Темірдің аса қауіпті жау екендігін жақсы 
түсінді. Сондықтанда Низам
-
ад
-
дин Шамидің айтуынша ол Әмір 
Темірден кешірім сұраған және өзінің бейбіт келісімге дайын 
екендігін мәлімдеген. Алайда, Шараф
-
ад
-
дин Али Йезди 
Тоқтамыс өзінің Әмір Темірге жауабында төңірігіндегілерге 
ілесіп дөрекі сөздерге жол бергенін айтады [
13
, 363 б.]. Лянглэ Л. 
Тоқтамысты соғысты қалайтын төңірегіндегілердің сөздеріне 
ілесіп, бейбіт бітім жасамағаны үшін айыптай келе оны 
«сарайдағылардың қателіктерін өзіне қабылдайтын
әлсіз 
монархтар қатарына жатқызады» [4
0
, 194 б.].
400 000 әскермен Тоқтамысқа қарсы келген Әмір Темір шын
мәнінде ешқандай да бейбіт келісім іздеп келген жоқ еді. Әмір 
Темір мұндай қарсы тұруларды тек соғыс арқылы шешіп 
үйренген
қайраткер еді. Ал мұны Тоқтамыс жақсы түсінді. Мұнда 
шын мәнінде оған соғыстан жалтаратындай мүмкіндік те қалған 
жоқ еді. Алтын Орданың астанасы Сарай
-
Берке екі жақ кездескен 
Терек өзенінен онша қашықта емес еді. Екіншіден, соғыстың 
алғашқы кезеңінде басымдықтың Тоқтамыс
жағында болуы 
мұнда күштердің өзара шамалас болғандарын, сондықтан да 
Тоқтамыстың жеңістен үміт үзе қоймағанын байқатады. Ибн 
Арабшахтың айтуына қарағанда 15 сәуірде 1395 жылы басталған 


187 
бұл қырғын соғыс үш күнге созылып тағы да Тоқтамыстың 
жеңілісімен аяқталды. Ибн Арабшахтың айтуынша Тоқтамысты 
әлсіреткен
оның әмірлері арасындағы алауыздық болып 
табылады. Дәлірек айтар болсақ Ақтау атты әмір басқа бір 
әмірмен
қатты сөзге келіп соғыстың шешуші кезеңінде ұрыс 
даласын тастап кеткен [
37
, 465 б.].
Ұрыста
жеңілген Тоқтамыс әскерлерін батыс тарихшылары 
тіптен ұйымдасқан түрде шегіне де алмады деп кінәлайды. Шын 
мәнінде бұл тарихи шындықты толық бейнелей алмайды. Шараф
-
ад
-
дин Йездидің айтуынша Әмір Темірдің өзіне Тоқтамысты 
қолға
түсіру қажет болған. Ол былай деп жазады: “Темір 
Тоқтамыс ханның соңына қуалап түсті және оның соңынан күн 
демей, түн демей аса қатты жүрді” [2
1
, 305 б.]. Мұндайда ашық 
далада жеңілген әскерді тоқтатып, қорғану ұйымдастыру 
дегеніңіз қиынның қиыны еді. Алайда Тоқтамыс бәрібір қолға 
түспей, Булар (Булгар) жеріне өтіп кетті.
Ибн Арабшахтың айтуынша Әмір Темір өзі жүрген 
жерлерінде адам айтқысыз қырғын және тонаушылық пен 
зорлық
-
зомбылықтар ұйымдастырған. Мұны орыс жылнамалары 
да мойындайды. «Оның әскерлерінің алды Азаққа (Азов) дейін 
барып, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Сарайшықты, 
Хажытарханды және осы өлкенің бәрін талқандады”. Әсіресе 
мемлекет астанасының жермен
-
жексен болып жойылып кетуі 
Темірдің шектен шыққан қатігездігі болды. Ибн Арабшах бұл 
туралы сөзбе
-
сөз былай деп жазды: «енді бұл жерлерде, 
Хорезмнен Қырымға дейін бұрынғы халықтар мен адамдардың 
ешбірі өмір сүрмейді және қозғалыста жоқ, және енді онда 
қарақұйрықтар
мен түйелер қауымдарынан басқа ештеңе де жоқ. 
Дештінің астанасы 
— 
Сарай. Бұл қала мұсылманша салынған, 
керемет қамалы бар. Сарай ғылымның орталығына айналды. 
Қысқа
мерзімнің ішінде мұнда ғалымдардың және атақтылардың, 
шешендер мен шеберлердің, тіптен барлық лайық адамдардың 
тамаша және салауатты үлесі жиналды. Мұндай белгілі кісілер 
тіптен көп адам мекендейтін Египеттің бөліктерінде де, елді 
мекендерінде де жинақталған жоқ еді» [2
1
, 280 б.]..
Өзінің
Самарқанд тәрізді астанасын гүлдендірген Әмір Темір 
Алтын Орданың басты қалаларын жермен жексен етті. Бұл 
ойранды орыстың белгілі тарихшылары әлі күнге дейін ақтап, 
тіптен қуана
баяндап келеді. Мысалы академик Б.
Греков былай 


188 
деп жазды (орыс тілінен аудармай сол қалпында береміз):
“Победа Тимура над Токтамышем, опустошение и 
сожжение Астрахани и особенно Сарая Берке 
— 
столицы 
Золотой Орды 
— 
в 1395 г. имели огромное значение не только 
для Средней Азии и тогдашней юго
-
восточной Европы, но и для 
Руси. Сам того не подозревая, тот самый Темир Аксак, который 
грабительски опустошил Рязанскую землю, объективной 
победой над Токтамышем оказал Русской земле услугу, хотя 
своими поступками и оставил по себе в русском народе 
заслуженную дурную память”
[13
, 373 б.].
Бүгінде біздер қазақ тарихшылары, бұған керісінше 
мынандай қорытынды жасай алар едік: Алтын Орданы Әмір 
Темірдің әлсіретуі, оның басты қалаларын талқандауы Дешті 
Қыпшақ
даласында бір орталыққа бағынған көшпелілердің 
мықты мемлекетін қалыптастыру процесін бір ғасырдай мерзімге 
тежеп тастады.
Еділдің сол жақ жағалауына өткен Әмір Темір онда өзінің 
жанына ілесіп жүрген Ұрысханның баласы Қойыршақ оғланды 
өлтіріп
Тоқтамыс ханның орнына хан жариялап, оның беліне 
алтын белбеу байлады. Осылайша Әмір Темір өзінен кейін 
қыпшақ
даласына екі хан қалдырып, еліне қайтып кетті. Енді 
Тоқтамысқа әмір Едігенің қолдауына сүйенген Ұрысханның 
балаларына қарсы жанталаса күресуге тура келді. Бұл екі 
бағыттың арасында Ибн
-
Арабшахтың айтуынша 16 рет қанды 
шайқас болды [2
1, 280 
б.]. 
Ақыры әйгілі Едіге батырдың Ақсақ Темірді қолдап кетуі 
Тоқтамыстың тағдырын біржолата шешті. Күш Ақсақ Темір 
жағында екені айқын байқала бастады. 1401 жылы Тоқтамыс 
Сібір жеріне қашты. Біздің ойымызша, Тоқтамыстың Әмір 
Темірмен қарым
-
қатынасын тым күрделендірудің қажеті жоқ. Біз 
білетін барлық деректер Алтын Орданың құдіретін сақтап қалуды 
басты мақсат еткен Тоқтамыстың бұл жолда әрқашан да Әмір 
Темірмен бейбіт келісімге қол жеткізуге
тырысқанын және мұны 
Әмір
Темірді қолдағандықтан емес, керісінше оның өзінің және 
оның бір орталыққа бағынған қуатты мемлекетінің тарапынан 
үздіксіз
төніп тұрған қауіпті айқын сезінгендіктен осылай 
болғанын дәлелдейді. Осындай дипломатиялық жолмен ғана 
Әмір Темірден қорғануға және одан тіптен қолдау да табуға 
болатынын Тоқтамыс хан түсіне білді. Осындай саясатты ол Әмір 


189 
Темірдің өмірінің соңына дейін ұстанды. Шараф
-
ад
-
дин 
Иездидің әңгімесінде Әмір Темірдің Тоқтамысқа көзқарасын 
байқататын тұстар бар. Кезінде зерттеуші Л.Зимин пайдаланған 
бұл үзіндіден төмендегіні аңғарамыз: «Сейхун жағалауынан 
аттанған Темір сәрсенбіде, 12 раджабта (Вюстенфельдтің кестесі 
бойынша 1405 жылдың 14 қаңтарында) Бердібектің Отырардағы 
сарайына тоқтады...
Осы кезде Темірге Дешті Қыпшақ даласында баспанасыз 
қаңғыбас
түрінде жортып жүргеніне көп болған Тоқтамыстың 
ескі қызметшілерінің бірі Қара
-
қожа келді. Сол күні Темір 
қабылдау
залына салтанатпен кіріп биік таққа отырды. Оның оң 
қол
жағына Үгедей қағанның руынан шыққан Таизи Оғлан,
Жошыхан руынан шыққан Баш Темір Оғлан және Чекре Оғлан 
отырды да, ал басқа жағын Ұлықбек ханзада, Ибрагим сұлтан 
және Айджел көркемдеп тұрды; Тоқтамыс ханның жіберген 
кісісін әмірлер: Бердібек, оның бауыры Шейх Нұрад
-
дин, Шах
-
Мелик және Қожа Юсуп ертіп кірді. Ол патша кілемін сүюге 
мүмкіндік алды және Тоқтамыс ханның төмендегідей 
жолдамасын мәлімдеді: «мен өзімнің жасаған жақсылықты 
білмейтіндігіме лайық жазалауды бастан өткіздім. Сіздің 
ұлылығыңызбен
маған жасаған көптеген рахымдарыңызға менің 
жақсылық таныта алмауым мені қазіргідей келеңсіз жағдайға 
алып келді және ендігі жерде менде қалған жалғыз жол 
кешірімнен үміттену; егер мен оған қол жеткізсем онда басымды 
бағыну мойынтұрығынан, ал аяғымды бағыныштылық 
соқпағынан ешқашанда шығармайтын боламын». Темір 
шабарманға мейірімділік танытып мынаны мәлімдеді: «осы 
жорықтан соң мен, құдайдың әмірімен Жошы ұлысын басып 
аламын және оны оған (яғни Тоқтамыс ханға) тапсырамын”.
Осыдан соң Темір...Қарақожаны сыйлықтармен Тоқтамыс 
ханға аттандырды, бірақ тағдыр басқаша шешті»
[41, 316-317 
бб.].
Ия, көріп отырмыз, Тоқтамыс Едігемен және оның ұлдарымен 
теке
-
тіресте Алтын Ордадағы өзінің билігін тек Әмір Темірге 
сүйену арқылы ғана сақтап қала алатындығын жақсы түсінді. 
Алайда ол бір кезде аса айбарлы болған Алтын Орда мемлекетін 
мүсәпір халге түсірген Әмір Темірдің болашақты болжамаған, 
ойсыз жорықтары болып табылатынын да жақсы білетін еді.


190 
Алайда XV ғасырдың басында Әмір Темір Еуразия 
кеңістігіндегі ірі мемлекеттер мойындаған дара билеушіге 
айналған кезде Тоқтамыс жоғарыдағыдай саясат ұстануға 
мәжбүр болды. Сонымен бірге мынаны да айта кеткен жөн: Әмір 
Темірдің Тоқтамысты Жошы ұлысына таққа қайта отырғызуға 
уәде беруі Тоқтамыстың сол кезеңдегі ірі тарихи тұлға болғанын 
тағы да дәлелдей түседі. Мұны басқалар мойындамаса да
тәуелсіз 
Қазақстан
тарихшылары түсінулері керек. Қысқа мерзімде күллі 
қыпшақ
даласын бір орталыққа бағынатын мемлекетке 
біріктірген Тоқтамыс тәрізді қайраткерлердің тарихымызда көп 
емес екенін ұмытпауымыз керек.
Әмір
Темірдің Отырарда қайтыс болуы Тоқтамыстың 
жағдайын жеңілдетуі керек еді. Бірақ соңынан бір елі қалмай 
қойған
Шәдібек Тобыл өзенінің төменгі ағысында Тоқтамысты 
өлтірді. Тоқтамыс ханның қайғылы қазасы туралы XVII 
ғасырдағы
Қадырғали би Қосымұлының «Тоқтамыш хан» 
дастанында едәуір нақтырақ дерек кездеседі.
«...Темір бек күшінен Тоқтамыш хан солтүстік тарапқа 
қашты, аштықта, сусыздықта болып жүрді», 

деп айта келе 
Қадырғали
би Тоқтамыстың қапыда қаза тапқанын төмендегідей 
сөздермен береді: «...Содан соң қарауылға Атым батырды, одан 
кейін Тобал батырды, одан кейін арғын Қарақожаны қойды. 
Өздері
бірнеше нөкерлерімен (демалуға) жатып еді. Едіге
-
Кучук 
ұлы
Нұраддин әскер қолбасшысы болатын. Ол қарауылды, әуелі 
Атым батырды, содан соң бәрін қапысын тауып өлтірді. Хан 
нөкерлерімен бейқам еді, олар да опат болды...» [
14
, 252 б.]. 
Едігенің баласы Нұраддиннің (Нұралының) Тоқтамысты 
өлтіргені
туралы осы әңгіме кейіннен халық арасына кең тараған 
«Ер Едіге» жырында да айтылады.
Тоқтамыс хан ұрпақсыз қалған жоқ. Оның балалары оның өзі 
тәрізді ірі тарихи тұлғаға
айнала қойған жоқ. «Таварих
-
и гузида
-
йи нусрат
-
намеге» сүйенсек «Тоқтамыстың сегіз баласы болған. 
Олардың есімдері 
— 
Джалал
-
ад
-
дин, Джаббар
-
Берди, Кепек, 
Карим
-
Берди, Искандар Бу
-
Са‘ид, Кучик, Кадир
-
Берди. // 
Джалал
-
ад
-
диннің баласы 
— 
Бу
-
Са‘ид. Кепектің баласы 

Чагатай
-
султан, [а]] қызы 
— 
Ширин
-
бек. Карим
-
Бердинің баласы 
— 
Сайид
-
Ахмад.
Тоқтамыс ханның қыздарының есімдері 
— 
Малика, Ханинка, 
Джанинка, Са‘адат
-
бек, Кадиджа» [
1
2, 39 б.].


191 
Тоқтамыстың балаларымен Едігенің балалары арасындағы 
теке
-
тірес кейін де
жалғасты. Бұл сол заманға тән саяси
-
әлеуметтік
ахуалдың көрінісі еді.
Сонымен Тоқтамыс ханның тарихын баяндау барысында 
жоғарыда айтылғандар негізінде төмендегідей қорытындылар 
жасауға болады деп ойлаймыз:
Біріншіден, батыстық және Ресейлік тарихнамада 
Тоқтамыстың
мемлекеттік және әскери қайраткерлігіне 
біржақты, ұнамсыз сипаттама беру қалыптасқан. Оның басты 
себебі Тоқтамыстың Алтын Орданың бұрынғы құдіретін қалпына 
келтіруінен және Мәскеуге жасаған жорығынан туындайтынын 
түсіну қиын емес. Алтын Орданың орыс жерлеріне үстемдігін 
қалпына
келтірген Тоқтамыстың әрекетін орыс тарихшылары, 
тіптен евроазиялық концепцияны ұстанған, өзінің еңбектерінде 
орыстар мен түркі халықтарының қарым
-
қатынастарынан өзара 
түсіністік және жақындасу іздестірген Л.Гумилев тәрізді
тарихшылардың өздері де жаппай айыптап келеді. Осы 
көзқарастан әлі арылмаған түркі халықтары, оның ішінде қазақ 
тарихшылары да Тоқтамыстың тарихи қызметіне күні бүгінге 
дейін әділетті баға бере алған жоқ.
Екіншіден, тарихнамада Тоқтамыс пен Әмір Темірдің 
қатынасында
алғашқысын таяз, үстірт ойлы саясаткер ретінде 
сипаттау орнығып қалған. Шын мәнінде мұнда Тоқтамыстың 
барлық іс
-
әрекеті Алтын Орданы Әмір Темірге тәуелсіз 
мемлекетке айналдыру мақсатына бағындырылған еді. 
Сондықтан да ол Әмір Темірмен шекаралық
аймақтарда Алтын 
Орда ықпалын нығайтуға бағытталған шараларды жүзеге 
асырды. Сонымен бірге деректер оның Әмір Темірдің Алтын 
Ордаға жорықтарын дипломатиялық жолмен тоқтатуға 
тырысқанын да дәлелдейді.
Үшіншіден, Жошы Ұлысында түркі халықтарының 
тәуелсіздігі мен еркіндігін қамтамасыз еткен және олардың 
Алтын Орда тәрізді Ұлы мемлекетін тарих сахнасына қайтадан 
алып шыққан тарихи тұлға осы Тоқтамыс еді. Қазіргі түркі 
мемлекеттерінің тарихи бастауы, терең тамыры Алтын Ордадан 
басталатынын мойындар болсақ, тарихтағы Тоқтамыс ханның 
рөлін әділетті бағалаған жөн деп ойлаймыз. Ал бұл Тоқтамысқа 
байланысты тарихнамада бұрын қалыптасқан тарихи көзқарасты 
қайта
қарауды қажет етеді.


192 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет