4.3
Алтын орда және түркі
-
славян мәдени синтезі
Түркі мәдениетінің тікелей мұрагері болып саналатын қазақ
халқының мәдени мұралары оның тарихи көршілерінің мәдени
мұраларында өз таңбасын қалдырған. Төл мәдениетіміздің бұл
ерекшелігін Шығыс пен Батыстың көптеген зерттеушілері де
атап өтеді. Мәселен қазақ даласынан шыққан ғұлама бабамыз
Әбу Насыр әл
-
Фарабидің еңбектерінде түркілер, арабтар және де
араб халифатының басқа да халықтарының мінез
-
құлқы мен
ерекшеліктері туралы сипаттама берілген. Ұлы ғұлама ғалым
мінез
-
құлықтардың ұқсатығын мәдени негіздердің бірлігінен деп
санайды. Мәселен, ол
түркі және славян халықтарының
жақындастығы туралы қорытындыларға келген. Әл
-
Фараби
шығармаларындағы бұл жағдайды талдай келе белгілі ғалым К.Б.
Жарықбаев “мүмкін ол дешті Қыпшақ халықтары мен
славяндармен, әсіресе орыстармен сонау ерте замандардан
бастап
қалыптасқан қарым
-
қатынастарды айтқан болар” [
42, 45
б.],
-
деген қорытындыға келген.
Киев Русі мен түркі тайпаларының қарым
-
қатыныстарының
тарихи тамырлыры тереңге кетеді.
Орыс тарих ғылымында жалпы көшпелілер деген атаумен
берілген түркі тайпалары ғұндардың
ұрпағы болып саналатын
хазарлар, олардан кейін тарих сахнасына шыққан орыс
жылнамаларында торктер, византия жылнамаларындағы уздар,
шығыс шығармаларындағы оғыздар, сондай
-
ақ өз негізін қаңлы
тайпалары бірлестігінен алатын печенегтер, белгілі куманы
-
половцы
-
қыпшақтар. Екінші мыңжылдықтың басында Еуропа
мен Азия арасындағы шекара Орал арқылы емес, дала мен орман
-
дала линиясы арқылы өткен. Қазіргі Украинаның Кременчугтен
төмен Қара теңізге дейінгі аралықтағы дала аумағын азиялық
көшпелі тайпалар мекендеген. XІ ғасырдан бастап бұл жерлердің
нағыз иесі жоғарыда атап өткен печенегтер, кейін қыпшақтар
болды. Осылайша Русь көшпелілерімен үнемі соғысып қана
қоймай, олардан өзара байланыстарға түсе отырып, олардан көп
нәрсені қабылдайды. Бұл қарым
-
қатынастар
ішінде сауда
байланыстары да, әулеттік некелер де жәнет.б., болды.
Соның ішінде Алтын Ордакезеңі түркі және славян
халықтарының өзара байланыстары мен мәдени сұхбаттастығын
жаңа бағытқа көтерді. Соңғы жылдардағы көптеген зерттеушілер
193
Алтын Орданың Еуразия халықтарының тарихи тағдырындағы
шешуші рөліне ерекше баға беріп отыр
[43
, 171 б.].Алтын Орда
кезеңінде қазіргі Еуразия даласындағы көптеген халықтарының
тарихи
-
мәдени мұралары жаңа дегейге көтеріліп, өзіндік
ерекшеліктерге ие болды [
44
, 64 б.].
Алтын Орданың құрамын кірген және оған бағынышты
болған аймақтардың құрамы этникалық тұрғыдан алғанда
күрделі болды. Сондықтан, әлі күнге дейін Адлтын Ордның
этникалық құрамы туралы зерттеулерде талас тудыратын
мәселелер көп. Бір зерттеулерде Алтын Орданың көщпелі және
жартылай көшпелі халқының этникалық құрамына қатысты
мәселелер талқыланса, екінші зерттеушілер назарларын Ордаға
бағынышты болған қала халқы мен отырықшы халықтардың
этникалық тарихы тұрғысынан қарастырған.
Алтын Орда тарихы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының
Балқаш көлі мен Арал теңізінің солтүстігінде, Ертістен Жайыққа
дейінгі жерлерде орналасқан ұлысының тарихы екені белгілі.
Дегенмен, Алтын Орданың қалыптасуы Жошының мұрагері Бату
ханның есімімен байланысты. Бату бастаған «Жеті жылдық
жорықтан» кейін Жошы ұрпақтары Азия мен Еуропаның
жартысына жуығын алып жатқан Ертіс өзенінен Дунай өзеніне
дейін, Қара және Каспий теңізі жағалауларынан Қытайға дейінгі
үлкен
аумаққа өз биліктерін орнатты.
Алтын Ордада ерекше мәдени синтез алтын Орданың өзіндік
өркениетінің
қалыптасуында түрлі элементтердің өзар
байланыстары мен әсерлесуі себепші болды. Осы байланыстар
арнасында қыпшақтық, мұсылмандық мәдениет пен славяндық
мәдени бірігу ерекше орын алады.
Ең алғаш Ресей ғылымында Алтын Орда тарихын зерттеу,
сонымен қатар халықтардың өзара байланыстары мен олардың
әсері
туралы мәселе1826 жылы Ресей Ғылым Академиясы
жариялаған «монғолдар билігінің Ресейге тигізген әсері, атап
айтқанда, ол мемлекеттің саяси күштеріне, басқару түріне және
ішкі басқаруға, халыққа
білім беру менағарту ісіне қалай әсер
етті?» тақырыбындағы байқауынан басталды. Бірақ
,
Алтын Орда
тарихын зерттеу мәселесінің алғашқы күнінен
-
ақ тарихи
үрдістерді
айқындауда біржақты бағалау орын алды. Мұндай
жағдайда тіпті мәдени байланыстар мен өзара әсерлесу
туралы
мәселесіндегі қыпшақтық, мұсылмандық мәдениеттің орыс
194
жерлеріне таралуы туралы сөз де қозғалған жоқ. Керісінше,
XIX
ғасыр
зерттеушісі А.А. Куниктің пікірінше «жабайы» көшпелі
халықтар адамзаттың төменгі сорты ретінде жетілмеген
биологиялық ағзаға теңестірілді [
45
, 24 б.].
Ресей тарихында мәдениет және мәдениеттердің өзара әсері
мәселелеріне қызығушылықтың бірнеше толқыны болғанын
байқаймыз. Ресейдің еуропамен тығыз мәдени алмасу процесі
Петр І тұсында басталып, XVІІІ ғасырдың өн бойында жалғасын
тауып отырды. Алайда XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап
Ресейдің батыспен байланысы біржақтылық сипат ала бастады.
Басқаша айтқанда Ресей батыстық үлгілерді өзіне “киіп” көріп
жатты. Ресейдің ерекшелігі әлі де болса сезіле қоймады. Бірте
-
бірте Ресейде еуропалану үлгісін қабылдауға болмайтындығы,
себебі оның өзіндік мәдени даму жолы барлығы туралы ой бой
көтере бастады. Оның өзіндік мәдени даму ерекшелігін орыстар
да, еуропалықтар да түсіне бастайды. Мәдениеттердің өзара
тарту әсері енді өзара алшақтау легімен алмаса бастайды.
Ертеректегі славянофилдердің орыс халқының ерекшелігі туралы
романтикалық идеялары ресей ерекшелігін саяси және ғылыми
-
тарихи көзқарас тұрғысынан негіздеуге ұмтылу талабымен
алмастырылады. Міне, осы кезде ресей мәдениеттану
ғылымының
пионері
саналатын
Н.Я.
Данилевский
еңбегіжарыққа шыққан болатын [
46
]. Н.Я. Данилевскийдің
тарихи
-
мәдени типтер және мәдени байланыстар туралы
теориясы сол кездегі славянофилдер идеясымен үндесіп жатты.
Оның көзқарастары орыс тарихнамасына елеулі ықпал
еткен
тарихимектеп болды. Оның “әлемнің барлық халықтарының
мүддесіне тиімсіз болып, бірақ славяндардың мүдесіне тиімді
болған нәрселердің барлығын қабылдау” [
46
] туралы идеясының
өзі, кеңестік тарихнамада біраз уақыт Н.Я. Данилевскиий еңбегін
сынау
кезеңі болғандығына қарамастан [
47, 227-
244 бб.], оның
славянофилдік сипатымен үндесіп жатыр. Алайда Данилевский
концепциясындағы мәдениеттердің даму кезеңі өзара мәдени
байланыстардың мәні мен нәтижелілігін анықтаудың
алғышарттары ғана.Данилевский мәдени алмасулардың күрделі
әрі
ауқымды процесіне назар аудара отырып, олардың
заңдылықтарын, тиімді әрі зиянды алмасулардың шегін
анықтауға ұмтылды. Мәдениеттің “өзегін” оның негізгі
дәстүрлерін қорғау керектігі туралы айта келіп, мәдениеттің
195
жекелеген салаларында қабылдаудың болмауы тіпті, оны
болдырмауға күш салу қажеттігі туралы ашып айтты. Әрине
бүгінгі таңда Данилевскийдің көптеген көзқарастары ескірді.
Дегенмен де оның көптеген ойларымен келіспеуге болмайды.
Әсіресе
Ресей мен еуропаның даму жолдары, еуропалық
әсерлердің
ресей қоғамы үшін тиімсіздігі мен зардаптары туралы
ойларын бүгінгі қазақ қоғамына да қолдануға болады.
XІX ғасырдың алғашқы жартысындағы ресми дворяндық
тарихнама өкілдері Н.М. Карамзин [
48
], М.П. Погодин [
49
] Ресей
тарихының ерте кезеңіне арналған еңбектерінде көшпелілер мен
Русь арасындағы қарым
-
қатынастар мәселесіне тек князьдар мен
көшпелілердің күресі шегінде ғана қарады. XІX ғасырдың екінші
жартысынан бастап мемлекеттік мектеп өкілдерінің арасында біз
қарастырып
отырған мәселе бойынша екі бағыт байқала
бастайды. Тарихи процестегі жағрапиялық факторға көп көңіл
бөлген С.М. Соловьев Ресей тарихын «отарланушы ел» тарихы
ретінде қарастырды. «Основное содержание этой колонизации
–
борьба леса со степью, длительная борьба русского народа с
кочевыми вторгавшимися из Азии в южнорусские степи
»,-
деп
жазды [
50,
647 б
.
]. Зерттеуші бұл күресті Азия мен Еуропаның
бәсекелестігі, отырықшы халықты көшпеліге, мәдениет пен
азаматтылықты көшпелілердің
салтына қарсы қоя отырып
сипаттады
.
Бұл көзқарсты
одан әрі қарай В.Ю. Ключевский
жалғастырды:
«
Борьба со степным кочевником, половчином,
злым татарином, длившаяся с VІІІ почти до конца XVІІ века
самое тяжелое историческое вспоминание русского народа…
Тысячилетное и враждебное соседство с хищнымстепным
азиатом
–
это такое обстоятельство, которое одно может покрыть
не один европейский недочет в русской исторической жизни
»
[51
]. Бұдан әрі В.Ю. Ключевский Рустің көшпелілермен күресі
Еуропа өркениеті үшін үлкен маңызға ие болғанын, себебі Русь
осы күресімен еуропалық шабуылдың сол қанатын жауып
қалғанын
айтады [
51].
Осындай сыңаржақ пікір кеңестік кезеңде де өзгермегені
белгілі. Әрине, кеңестік кезеңдегі жалпы зерттеулердің барлығын
жоққа шығаруға болмайды, дегенмен осы үрдіс ХХШ ғасыр
басында да сақталып қалғанын көреміз. Мәселен, белгілі
академик Д.С. Лихачев «орыс мәдениетін Еуропа мен Азия
арасындағы, Батыс пен Шығыс арасындағы аралық ретінде
196
сипаттайды, бірақ бұл шекаралық жағдай егер Руське Батыстан
қарағанда
ғана көрінеді. Шындығында азиялық көшпенді
халықтардың отырықшы Руське тигізетін әсері өте аз. Византия
мәдениеті Руське оның рухани
-
христиандық сипатын, ал
Скандинавия негізінен әскери
-
жасақтық ұйымен берді» [
52, 17-
18 бб.],
-
деп тұжырымдайды.
Алайда, мәдени бірігу мен мәдени өзара әсерлесу мәселелері
біртіндеп айқындалады. Алтынордалық Дешті Қыпшақ және
монғолдың жаулап алған жерлері сияқты, жоғарыда аталған,
қосылған
тарихи дербес аймақтардың тарихи кезеңін бағалау
уақыт өте келе біртіндеп біржақты терістен барынша
объективтіге дейін өзгерді. Осы жұмыстарда алтын Орда
тарихының оның территориясында және іргелес жерлерде пайда
болған дербес халықтардың және мемлекеттік пайда болулардың
тағдырларына тигізетін әсерлерінің аспектілері назарға алынады.
Зерттеушілер Г. Потаниннің «ғалымдардың дала халықтарын
елемеуі ғылым дамуын ақсатады. Осы мәдениет жауларының
рөліне және рухани
-
мәдени алыс
-
берістер тарихына дұрыс
көзқарастардың қалыптасуына біздің арийлік менмендігіміз,
нәтижесінде барлық айтылған христиандық апокрифтер
христиандық көзқараста, кертартпа көзқарасқа
және кертартпа
сенімге бағынған таным өзгермеушілігі танылған жалған тарихи
келешекбөгет жасайды. Ортағасырлық әдебиет тарихын Батыс
Еуропада славян ескерткіштері пайдаланбаған, оларды маңызды
емес деп есептеген кез де болды: енді славян жазбаларының
маңызы бағаланды: ортағасырлық әдебиеттің кейбір фактілері
тек славян ескерткіштерінің көмегімен ғана айқындалды. Бәлкім,
дала аңыздарына қатысты да осындай бетбұрысты күтуге
болатын шығар.Бәлкім, дала аңыздарын елемеудің соншалықты
ғылым
үшін пайдасы жоқтығы мойындалатын шығар» [
53].
Ал орыс мемлекетінің қалыптасуының негізінде федеративтік
және монархиялық бастаулар күресі жатты деп есептеген екінші
бағыттың өкілі Н.И. Костомаров орыс мемлекетінің
қалыптасуында
күш басымдылығы монархиялық бастау жағына
ауып кеттті деп есептейді. Себебі федеративтік бастаудың
өкілдері
оңтүстік орыс және украиндермен салыстырғанда
монархиялық бастаулардың өкілдері орыстардың жеңуіне
көшпелілер әсер етті. Бірінші тұрғыда көшпелілердің көне
Рустегі өркениетке әсері (өркениет ұғымы XІXғасырдың
60-
197
жылдары тек мәдениет қана емес, қоғамдық өмір элементтерін де
жинақтаған
–
М.Н.)туралы айтады. Н.И. Костомаров бойынша
Ростың жағасына орналасып, орыстармен араласқан печенегтер,
торктер, брендейлер әлі қатайын үлгермеген жас орыс
өркениетіне
жаңа жабайы элементтер енгізіп, өркениеттің
дамуын бәсеңдетті [
54].
1884 жылы П.В. Голубовскийдің
“ Печенеги торки и половцы до нашествия татар. История
южнорусских степей в ІX
-
XІІІ вв ” атты төңкеріске дейінгі
тарихнамада алғаш рет Русь пен көшпелілер арасындағы қарым
-
қатынастар
мәселесіне тікелей арналған зерттеу еңбегі жарық
көрді.Мұнда зерттеуші негізгі назарын Рустің түркі
тайпаларымен қарым
-
қатынасына аударады. Ол бай фактілік
материалдар негізінде Рустің печенегтермен, қыпшақтармен
қарым
-
қатынасын толықтай қарастырған. П.В. Голубовский қара
клобуктар деп аталып кеткен, оңтүстік славяндар ортасына сіңіп
кеткен халықтар туралы жаза келе, жаңа түркілік элементтердің
славяндарға мәдени тұрғыдан зор әсер еткенін жазады.
Зерттеушінің пікірінше
,
егер көшпелілер Рустің сыртқы
жауларымен ғана күресіп, олармен тек бейбіт қарым
-
қатынастар
орнатса, онда олардан көп пайда көруге болатын еді. Себебі
көшпелілер славяндармен салыстырғанда біршама жоғарғы
мәдениет пен тұрақты өмір салтының өкілдері еді деп есептейді
[55, 152-158
бб.]. Автор көшпелілердің тұрмысы, мәдениеті,
қоғамдық
құрылысы туралы жазады. Бірақ бұл тарау фактілік,
әсіресе
археологиялық материалдардың жетімсіздігінен әлсіз
шыққан [
56
]. Алайда бұл еңбек ұзақ уақыттар бойы Русь пен
көшпелілердің
қарым
-
қатынастарын зерттеудегі бірден
-
бір іргелі
еңбек болып қала берді.
Кеңестік тарихшылар ішінде бірінші болып бүл мәселеМ.Н.
Покровский еңбектерінде көтерілді. М.Н. Покровский Киев Русі
мен көшпелілер арасындағы жауластық қарым
-
қатынасты
мойындай отырып, Рустегі княздық қырқысулардың халық үшін
қыпшақтар
жорығынан да анағұрлым қасіретті болғанын жазады.
Ал, орыс
-
қыпшақ байланыстары (әскери одақ, аралас неке, т.б)
өзара
ерекше қарым
-
қатынастар негізін құрады. Сондықтан
“
Представлять себе половцев в виде некой … темной азиатской
силой, тяжелой тучей висевшей над представительницей
европейской цивилизации
-
Киевской Русью, у нас не будет ни
малейшего основания. ” [
57, 102-103
бб.]. Бұл пікірімен М.Н.
198
Покровский дала тарапынан төніп тұрған үздіксіз қауіп
-
қатер
туралы қалыптасқан дәстүрлі пікірге күмән келтірді. Сондай
-
ақ
зерттеуші Қара
Теңіз жағалауы далаларының көшпелі тайпалары
“мәдени жағынан славяндардан жоғарырақ” болды, ал “соңғы
жылдардағы археологиялық зерттеулер “жабайылардың” ежелгі
Руске қаншалықты әсер еткенін көрсетіп отырғанын” айтады.
Автор өз ойын “Степной Восток был для русских в ІX
-X
вв тем,
чем впоследствии для Московского государства и петровской
Россий стала Западная Европа,”
-
деп қорытындылайды [
57].
Әрине, кейінгі еңбектерде
М.Н. Покровскийдің түркі
халықтары мәдениетінің деңгейін және олардың Руске тигізген
мәдени ықпалын “тым асыра көрсеткені” баса айтылды [
58]. 1939
жылы шыққан “Против исторической концеции М.Н.
Покровского” атты даттау жинағында Киев Русінің тарихы
бойынша бас маман деп саналатын Б.Д. Греков
оны
: “
Біреулердің
есебін түгендеу мақсатында Россияны қайдағы бір солтүстік
-
шығыстағы варварлар өлкесінде қалыптасқан жабайылар өлкесі
ретінде қарағысы келген кім? Содан Русті Еуропалық
мемлекеттер қатарына жеткізе алмайтын мемлекетер қатарына
жатқызған. Осылайша Киев мемлекеттілігін жоққа шығаратын
фактілермен бізді өзіміздің одақтың халықтарының бұрыннан
бағындырудағы күшті күрес құралынан айырады” [
58],-
деп сынға
алды. Бұл сынның өзі кеңестік тарихнаманың көшпелі
халықтардың тарихы мен мәдениетіне деген көзқарастардың
сипатын ашып көрсетеді деп ойлаймыз. Бұл пікірлер Кеңес
Одағындағы барлық халықтардың “аға
-
інілік тең дәрежедегі
сыйластық қарым
-
қатынасы” туралы тезистің шын мәнінде
басқаша сипат алғанын көрсетсе керек. Дегенмен, М.Н.
Покровскийдің еңбектері өз кезегінде біз қарастырып отырған
мәселенің ерекше көтеріліп, одан әрі зерттелуіне мұрындық
болды. Зерттеушінің осы мәселе бойынша пікіріне жақын пікірді
В.А. Порхоменко ұсынды. Ол 1927 жылы Херсонесте өткен
археологтар конференциясында сөйлеген сөзінде Русь пен
қыпшақтардың
қарым
-
қатынасы туралы қалыптасқан пікірді
қайта
қарастыруға шақырды. Қыпшақтардың “до сих пор
рассматривались как народ дикий … с бедной, грубой,
однообразной культурой, а также
как минус в историй культуры
и катострофа для Киевской Руси,”
-
деп біржақты бағаланғанын
атап көрсетеді [
59,
49 б.]. Зерттеуші орыс
-
қыпшақ қарым
-
199
қатынастарында
тығыз байланыстар мен экономикалық
алмасулар болғанын жазады. Ол өз пікірінің дәлелі ретінде
Константин Багрянародныйдың қыпшақтар одағынсыз Киевтің
Византиямен сауда жасай алмағандығы туралы мәліметтерін
келтіреді [
59, 317-337
бб.]. Автор "XІІ ғасыр басындағы
қыпшақтармен
Рустің әлеуметтік топтарының арасындағы
тығыз, жақын байланыстарды орыс жылнамаларының
мәліметтері дәлелдей алатындығын
”
айтады. Зерттеушінің
пікірінше
“жылнамалар”
“көшпенді
қыпшақтар
түрлікүрестермен қатар, олардың өзара некелері т.б. туралы
мәліметтерді сақтаған.
Орыс жылнамаларындағы қыпшақ эпосының “іздері” де
“орыс
-
қыпшақ мәдени байланыстарының жан
-
жақтылығын
көрсетеді” [
60, 391-
393 бб.]. Мұның бәрі В.А. Пархоменкоға
“Рустің даламен мәгілік, принципті күресі туралы идея
шындығында қолдан жасалған, жалған” деген пікірге келуіне
негіз болды [
61, 69-
71,113 б.].
30-
50 жылдары кеңестік тарих
ғылымы Русь пен көшпелілер
мәселелерінде XІX ғасырдағы ресми тарихнамада қалыптасқан
пікірді жалғастыра отырып, біршама жаңа бағытты дамытты.
Атап айтқанда көшпелілер мен Русь арасындағы “мәңгілік
күресте” күш басымдылығының Киев Русі жағында болғандығы,
себебі көшпелілердің қоғамдық құрылысы, саяси бірлестігі,
мәдени даму деңгейінің төмендігі туралы пікір орнықты.
Алайда 40
-
жылдары 20
-
30 жылдардағы В.А. Порхоменко
еңбектерінде көрініс берген пікірлер біршама жалғасын тапты.
В.А. Гордлевский В.А. Порхоменконың соңынан оны қолдап,
қыпшақ
шапқыншылықтарының күйретуші ықпалын жоққа
шығарды. Зерттеуші екі халық арасындағы тығыз достық қарым
-
қатынастар
туралы жазады: “Это переросло в посведневный быт.
Одновременно шло духовное взаймодействие: легко
просачивался на Русь и тюркский фольклор, его отзвуки
встречались в русских летописях и в “Слове
о полку Игореве
”
[62, 317-337
бб.].
Монғолдың жаулап алған жерінің нәтижелерін бағалаудағы
сияқты, Алтын Орданы бағалауда да қалалардың гүлденуі,
ауылшаруашылығының және қолөнер өндірісінің қайт дамуына
оң әсер факторлар ескеріледі. Бұл факторлар ретінде Алтын
Орданың ұзақ уақыт бойы билік етуіне мүмкіндік беретін сауда
200
дамуыныңынталандырылуы, далаға орталықтандырылған билік
бастамасының келуі, түрлі экономикалық тұрмыс салттардың
қосылуын
атап өтуге болады.
Түркі
-
моңғол дәуіріндегі социомәдени ықпалдастықтың
немесе түркі
-
моңғолдардың Руське әсерінің алғашқы формасын
діни салада көруге болады.
Орсы жерлерін жаулап алудың қырып
-
жою, қирату және т.б,
кері зардаптарамыне қатар жүрген нәтижелері бытыраңқылыққа
ұшыраған
орыс князьдіктерінің бойында үрей мен қайғы
-
қасірет,
болашаққа деген күмәнді көзқарас тудырғаны анық. Жаулап
алушылықтың психологиялық салдарлары адамдады болған
оқиғаның себептері неде деген сұрақтарға жауап іздеуге
итермеледі.
Саяси,
әлеуметтік
-
экономикалық
және
демографиялық зардапқа ұшыраған халық жаулап алушыларды
«Құдайдың жіберген қарғысы» немесе өз тағдырларын «қарғысқа
ұшырағандардың
үлесі» ретінде бағалады. Осындай жағдайда,
әрине, бар беделінен айырылған билеушілерден гөрі праворслав
шіркеуі адамдарға жақын болды. Осылайша, қим
-
қиғаш дүрбелең
оқиғаларға толы заманда православ шіркеуінің рөлі өсе түсті.
Саяси дербестіктен айырылған тұста орыс шіркеуі діни ғана емес
ұлттық
бірегейліктіңтұтас көрінісі ретінде рөл атқара бастады
[63].
Мұның басты себебі, әрине барлық зерттеушілер атап
көрсетіп отырған Алтын Орда билеушілерінің бірінші кезекте
конфессионалдық таңдау мәселесіндегі төзімділігі. Алтын Орда
хандарының діни төзімділігі аталған мемлекеттің құрамын
кірген
барлық халықтарды дамытудың оң факторы ретінде көрініс
бергені анық.
Орыс шіркеуінің көтерілуі де осы факторға тығыз
байланысты болды. Алтын Орда хандары шіркеулерге арнайы
жарлықтар берді. Мысалы, өзінің мұсылманшылдығымен
танымал Берке хан ресми түрде провослав шіркеуін барлық
салық міндеткерліктерінен босатты
[64].
Бұл дегеніміз Алтын
Орда билеушілерінің шіркеуді ресми рүрде өз қамқорлықтарына
алғандығыан көрсетеді.1257 жылы өткен санақкезінде діни
қызметкерлерге
санақтан өтпеуге рұхсат беріліп, олар мәжбүрлі
еңбек етуден және әскери міндеткерліктен босатылды
[65].
Батудан басталған бұл дәстүр одан әрі сақталып қалды.
Сондықтан, басқа билеушілер де діни қызметкерлерге құрмет
201
көрсетіп, шіркеулерге үлкен жеңілдік берді: оларды барлық
алым
-
салықтардан, міндеткерліктерден босатты. Бұл саясат
шіркеуді басып алушылармен жақындастырды және шіркеу
құрылысының
бұрын болып көрмеген гүлденуіне алып келді.
Мысалы,XIV жүзжылдықта екі жүзден астам шіркеу салынды.
Дәл осы уақытта мұнараларымен шетелдіктерді таң қалдырған
«Әулие Русь» аталған монастырьлар мен шіркеулер елі пайда
болды. Алексий митрополитінің Жәнібек ханның Тайдула атты
әйеліне
ғашықтығы баяндалатын аңыз орыс шежірелерінен
белгілі. Ол өз кезегінде алғыс ретінде митрополитке кейіннен
«Ғажайып монастырь» деген атқа ие болған шіркеу салынған
Кремльден жер телімін бөліп бергені белгілі [
66].
Алтын Орда билеушілерінің орыс шікеуіне берген
жарлықтарының нәтижесі әрине терең мәнге ие болды. Түптеп
келгенде осы саясатқа байланысты орыс шіркеуі өз тархында
бірінші рет князьдік биліктен біршама тәуелсіз болған кезеңді
басынан өткерді. Осылайша, Алтын Орда кезеңінде православ
шіркеуінің орталығы қай жерде орналасса, сол аймақ біртіндеп
орыс жерлерін біріктірудің, біртұтас орыс мемлектінің негізіне
айналудың айқындаушы факторы ретінде де көрініс берді.
Осылайша Алтын Орда дәуіріндегі түркі
-
славяндық мәдени
бірігу православие шіркеуі мен оған қатысты Алтын Ода
билеушілерінің ұстанған бағытына байланыстымүмкін болды.
Әрине, ислам өркениеті Жошы ұлысының саяси және мәдени
дамуының анықтаушы күші болды. Алайда, түркі
-
славяндық
мәдени бірігу дәл осы салада көрінеді. Соңғы жылдары осы
кезеңнің Рустік шіркеу сәулетіндегі исламшылдық белсенді
зерттелуде. Зерттеушілер «200 жыл бойы Алтын Орданың саяси
протекторатында болған ортағасырлық орыс князьдігінің сәулеті,
анық көрінетін мәдени және экономикалық теңсіздік және батыс
шекаралардағы «темір перде» жағдайларында мұндай
үдерістердің
болуы сөзсіз болғанымен, татар (түркі
-
монғол,
авт.еск.) беталысы тұрғысынан
іс жүзінде зерттелмеді» [
67, 173
б.] деп атап өтті. Рустік шіркеу сәулетін талдау мысалында үш
ғасырлық
Алтын Орда мәдениетімен және басқа татар киіз
үйлерімен
өзара әрекеттесу үдерісіне орыс сәулеті көптеген
түркі
-
монғол, мұсылман элементтерін барлық деңгейде өзіне
сіңіргенін орыс зертетушілері де мойындап отыр.
202
Сонымен қатар католицизммен күрес те орыс шіркеуін
монғолдармен ынтымақтастыққа жетеледі. Орда мен Русьтің
Литва мен неміс Орденіне қарсы күресінде өзара білінбейтін
мәдени жақындасу үдерісі орын алды.
Ордалық фактордың Мәскеу мемлекетінің құрылуына
тигізген әсері де ресейлік тарих ғылымындағы басты
мәселелердің бірі болып табылады. Тарихшылар арасында ХIХ ғ.
басталған түрлі пікірталастар әлі күнге дейін жалғасуда.
Дегенмен, көптеген зерттеушілер Ресейдегі жаңа ресейлік
бірегейліктің қалыптасуы және еуразиялық дүниетаным негіздері
орыс тарихының монғолдық кезеңінде қалыптасты деген
көзқараста. Бұл кезең мәскеулік ұлы князьдардың «Шыңғысхан
ұрпақтарына» бетбұруымен аяқталады
[68
, 89 б.].
Ордада өмір сүрген орыс князьдары мен боярлары біртіндеп
хандар мен бектерге еліктей бастады. Олар парша халаттар, атлас
шалбарлар, сапиян етіктер киіп, өздерінің жылқыларын парша
ертоқымдармен әшекейлеп, қолға үйретілген қырандармен аң
аулады. 1252 жылы Константинопольден Қырым арқылы король
Людовик IX
-
дың елшісіРубрук өзінің нөкерлерімен Батыйдың
ордасына өтті, Донның төменгі ағысымен жүре отырып, ол былай
деп жазды: "Татарлардың арасында бүкіл жерде русьтіктердің
ауылдары орналасқан; русьтіктер татарлармен араласып
кетіпті...олардың тәртіптерін, сонымен қатар киімдерін және өмір
сүру салттарын меңгеріпті...»
[69].
Осылайша, зерттеуші М.Г. Комаровский XIV ғасырдың
ортасынан бастап Мәскеуге орданың әсері сән мен киім үлгісінде
ғана
емес, көркемөнер стилінде де үлкен өзгеріске ұшырады деп
атап өтеді. Одан әрі, зерттеуші бұл өзгерісті «Жаңа Қыздар»
монастырының «Млекопитательница» Құдай ана» мүсінінің
алтынмен әдіптелген «цитаталық» өзара алмасулардың сипатын
куәландырады деп баяндаған. Оның нақышталған ою
-
өрнегі
көп
рет қайталанатын ұлы «Алла» сөздерінен құралған.
Алтынордалық стильдіЖелтиков пен Кирилло
-
Белоозерский
монастырларының безендірулінен декөруге болады. Мұнда
Ордалық Қырым мен Еділ бойының қолөнер дәстүрлерінің әсері
де бар. Бүгінгі күні Алтын орда кезеңінде жасалған мәскеулік
қару
-
жарақ палатасында және петербургтік Эрмитажда сақталған
тұрмыстық заттар мен қару
-
жарақтардың көптеген ескі
203
үлгілерінен
орыс дулығалары мен сауыттарында нақышталған
«Алла» атын кездестіруге болады [
70
, 205 б.].
ХХ ғасыр
басында
-
ақ, Ф.В. Баллод Сарай, Укек және т.б.
төменгі Еділ бойы қалаларына жүргізілген археологиялық
зерттеулердің нәтижелері бойынша шығыстық типтегі «Азия мен
Еуропа халқының біршама интеллигент элменттерінің» еңбегі
нәтижесінде пайда жоғарғы қалалық мәдениет болғандығы
туралы қорытынды жасаған [
71].
Дегенмен, жоғарыда атап өткеніміздей кеңестік тарихнамада
Алтын Орданың мемлекетттілігінің көшпелі сипатына баса мән
беріліп, оның түрлі институттары амарфты деп сипатталды.
Сондықтан, исламның таралуы мойындалғанымен, ол ішінара тек
қала
тұрғындары арасында таралады, далалық көшпелі ру
-
тайпалар сол күйінде тәңіршілдік, шамандық дінде қала берді
деген ұстаным басым болды. Археолгиялық зерттеулер мен
кешенді деректанулық талдаулардың әлісіздігінен туындаған
мұндай тұжырымдар бүгінгі таңда да өз жалғасын тауып келе
жатқанын көруге болады.
Алтын Орда дәуіріндегі түркі
-
славян ықпадасығының бірте
-
бірте бірте арта түскендігін орыс жерплерін басқару әдісінің
өзгреуінен
көруге болады. Мысалы, орыс жерлері Алтын Орда
хандарының билігін мойындаған алғашқы кезеңдерде орыс
жерлерін басқару негізінен басқақтар қызметі арқылы жүзеге
асырылғаны белігілі. Басқақтар алғашқы кзеңде орыс жерлерінде
орналасты, олар салық жинау, әскерге алу қызметімен қатар орыс
князьдерінің
күнделікті тыныс
-
тірліктерінде қатаң қадағалағаны
белгілі. Бірақ, уақыт өте келе басқақтар қызметін даруғалар
алмастырды. Басқақтармен салыстырғанда даруғалар орыс
князьдерін Сарайда отырып қадағалады. Салық жинау мен әскери
міндеткерліктерге қатысты қызметті орыс княьздары атқара
бастады. Бұл өзгерістерді кейінгі біртұтас орыс мемлектінің
қалыптасуына
ықпал жасаған маңызды фактор ретінде көрсетуге
болады.
Орданың ресейдің мемлекеттік құрылымына алып келген
үлкен
жаңалықтарының бірі халық санағы болады. Алғашқы
халық санағы 1257 жылы жүргізілгені белгілі. Негізінен
қытайлардан
алынған бұл дәстүрді Алтын Орда хандары одан әрі
жетілдірді. Бүкіл империя көлемінде жүргізіліп тұрған халық
санағы салықтар мен әскери міндеткерліктерді реттеп қана
204
қоймай, мемлекттік аппараттың тиімді жұмыс атқаруына үлкен
ықпал жасады. Америкалық зертеуші Дастин Хоссейни халық
санағын жүргізу Еуропда 19
-
шы ғасырға дейін кең көлемде
тарала қоймағандығын атап өтіп, Мәскеудің бұл дәстүрді 1480
жылдан кейін Алтын Орда билігінен құтылған кезеңде де
жалғастырабергендігіп атап өтеді. Халық чанағын өткізу әйгілі
ортағасырлық
еуропалық
саяхатшы
Сигизмунд
фон
Герберштейннің де таңданысын туғызған. Осылайша автор,
Алтын Ордадан келген халық санағы Ресей үшін моңғол
империясының мемлекеттік басқару жүйесінен қабылданған
айқын ықпалы және Ресейүшін
бұдан кейін күшті бір орталыққа
бағынған үкімет құруға мүмкіндік бергені анық деген
қортытындаға
келген
[72].
Моңғол империясында өз заманындағы ең дамыған
жәмшіктер қызметі деҰлы
Петр заманына
дейін сақталды.
Сондықтан, Ресейге моңғол империясы, Алтын Ордадан енген
көптеген институттардың Алтын Ода құлағаннан кейін де қызмет
атқара бергенін көріп оырмыз. Олар, кейінгі империялық Рсейдің
күрделі бюрократиялық аппаратының қалыптасуы мен дамуына
өзіндік ықалын тигізді.
Көріп отырғанымыздай, Алтын Ордада қалыптасып дамыған
әкімшілік
және салық жүйесі орыс князьдарына мұраға қалды.
Орыс жерлеріне ықпал жасау үшін Ұлы князь атағын сақтап қалу
жолында орыс билеушілері Алтын Орда хандарының ықыласын
өздеріне аударуту үшін күресті. Нәтижесінде Тверь мен Мәскеу
арасындағы күрес нәтижесінде Қалталы Иван (Иван Калита)
Өзбек
ханның сеніміне ие болды. Ол бірде Ордада, бірде
Мәскеуде тұрып, бірте бірте орыс жерлерінің солтүстік
-
шығыс
бөлігін Мәскеу төңірегіне топтастыра білді. Калталы Иван
тұсында «Ұлы тыныштық» заманы орнады. Нәтижесінде, Алтын
Орда мен орыс жерлерінің барлық сала бойынша өзара
интеграциясы жүзеге асты. Орыс жерлері Алтын Орданың ішінде
өмір
сүруге бейімделді. Осылайша, болашақ жаңа Ресей
мемлекетінің, жаңа қоғам мен жаңа мәдениеттің бет
-
бейнесін
қалыптастыруға
бағытталған жағдай туындады. Бұл үдерісті
әлеуметтік
синтез деп атауға болады. Бұл үдеріс бойынша түркі
-
славяндық дәстүрлердің өзара ықпалдастыға мен әсерлесуі
жүзеге асты.
205
Қорыта
келе, Алтын Орда кезеңінде екі этностың өзара
мәдени әсерлесуі және өзара жақындасуы нәтижесіз өткен жоқ.
Бұл нәтижелер жоғары билік белгілерінде, тұрмыстық мәдениет
ескерткіштерінде орыс аристократиясына ауысқан шыңғыс
ұрпақтарының
қызметтерінде, орыс тілінің
түркішілдігінде және
т.б. қалды. Алтын Орда кезеңінде түркі
-
славян мәдени өзара
әрекеттесуі
бұл түркі
-
славян мәдени бірігуінің жалғасы болды.
Осы өзара қатынастар көпжақты әрі көбінесе қазіргі Алтын Орда
мұрагерлерінің «еуразиялық стилін» алдын ала анықтан үдеріс
болғаны белгілі.
1.
Самойлович А.Н.К вопросу о классификации турецких
языков.//Самойлович А.Н. Тюркское языкознания. Филология. Руника.
-
М.:
Вост. лит., 2005.
-
1053 с.
2.
Бердібай Р.Алғысөз.// «Едіге батыр» жыры(Оқулыққа қосымша).
-
Алматы: Шеге
-
Тас., 1
999.-
365 б./3 б./.
3.
Радлов В.В.Образцы народной литературы северных тюркских
племен. ҮІІ. 1896.
4.
Записки Семипалатинского Подотдела западно
-
Сибирского отдела
Императорского русского Географического общества. Выпуск. Х.
Семипалатинск,1915.
5.
Турецкая хрестоматия. Составленная профессором С.
-
Петербургского Университета И.Березином.Т.3. Спб.1890.
6.
Магомет Осмонов. Хрестоматия ногайская и кумыкская.Спб,1883.18
декабря. Типография императорской Академии наук. 1883.
7.
Биқожаұлы Қ. Едіге // Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.
–
ІІІ т.
–
Алматы, 2001.
8.
Тизенгаузин В.Г. СМИЗО.
–
Т. ІІ.
9.
Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.
–
ІІІ т.
–
Алматы, 2001.
10.
Қазақтың батырлық эпосы.
–
Алматы, 1994.
11.
Трепавлов В.В. История Ногайской Орды.
–
Москва., 2002.
12.
Материалы по историиКазахских ханств в
XIII-XVIII
вв. (Извлечение
из персидских и тюркских сочинений).
-
Алматы, 1969.
13.
Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение.
–
Москва
-
Ленинград., 1950.
14.
Сыдықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның
Жылнамалар жинағы.
–
Алматы, 1991
.
15.
Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь.
–
Москва 1992.
16.
Қазақ Совет энциклопедиясы. Т. VII.
–
451 б. Т. VIII.
–
392 б.
17.
Бартольд В.В. Работы по истории и филологии тюркских и
монгольских народов.
–
М.: Вост. лит.,2002 г.
-
757 с.
18.
Шараф ад
-
Дин Йазди. Зафар
-
наме.
–
Ташкент, 1972.
19.
Низам ад
-
Дин Шами. Книга побед. // Прошлое Казахстана в
письменных источниках
V
в. до н.э.
– XV
в. н.э.
(
извлечение из источников
).
Сост. Ермуханов Б.Б.
–
Алматы: Өлке, 1997.
206
20.
Муин ад
-
Дин Натанзи. Аноним Искандера // Прошлое Казахстана в
письменных источниках
V
в. до н.э.
– XV
в. н.э.
(
извлечение из источников
).
Сост. Ермуханов Б.Б.
–
Алматы: Өлке, 1997.
21.
Прошлое Казахстана в письменных источниках
V
в. до н.э.
– XV
в.
н.э.
(
извлечение из источников). Сост. Ермуханов Б.Б.
–
Алматы: Өлке,
1997.
22.
Юрий Селезнев. Русские князья при дворе хановЗолотойОрды.
Издательство "Ломоносовь", Москва
-2017.
23.
ПСРЛ. Т.
XII.
24.
Всемирная история. Т.
III.
25.
СГГиД. Ч.
II.
26.
Диваев Ә. Тарту.
–
Алматы, 1992.
27 Толыбеков С. Қазақ шежіресі.
–
Алматы, 1992.
28
Утемиш Хаджи. Чингиз
-
наме. Алматы, 1992
29 Қазақтың батырлық эпосы.
30 Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь.
–
Москва 1992.
31 Тынышбаев М. Великие бедствия.
32 C
ИЭ.
–
Т. 10.
33
Л.Н.Гумилев Экземплярский А.В. Великие и удельные князья северной
Руси и татарский период с 1238 по 1505 гг. Т.
XII
. СПб.
34 C
ИЭ.
–
Т. 7.
35 Покровский М.Н. Русская история.
–
Т. 1.
36 Тоқтамыс // Қазақ Совет энциклопедиясы. Т. 11.
–
Алматы, 1977.
37 Тизенгаузин В.Г. СМИЗО.
–
Т. І
38 Иванинин М. О военном искусстве при Чингиз хане
и Тамерлане. 2
-
изд.
–
Алматы: Санат, 1998.
39 Тамерлан. Жизнь и деяния
.
Хроника великих завоеваний.
–
Алматы,
ИД «Кочевники».
– 2003.
40 Лянглэ Л.
Тамерлан.
Жизнь Тимура: Жизнь и деяния
.
Хроника великих
завоеваний.
–
Алматы, ИД «Кочевники».
– 2003.
41
Зимин Л. Подробности смерти Тимура. // Тамерлан. Жизнь и деяния
.
Хроника великих завоеваний.
–
Алматы, ИД «Кочевники».
– 2003.
42 Этнопсихология. Учеб. Пособие /
Под ред.К.Б. Жарықбаева.
-
Алматы:
Қазақ
ун
-
ті, 1998.
–
132 с.
43
См.: Федоров
-
Давыдов Г. А. Общественный строй Золотой Орды.
-
М.,
1973.
44
Егоров В. Л. Золотая Орда: мифы и реальность.
-
М., 1990.
45
Куник
А. О тюркских печенегах и половцах по мадьярским источникам
с указанием на новейшие исследования о черноморско
-
торкских народах от
Аттилы до Чингисхан
//
Учен.
зап. АН по первому и третьему отд
-
ниям, 1856.
Т.3. вып.
5.–
714 с.
46 Данилевский Н.Я. Россия и Европа.
-
М.: Книга, 1991.
–
573 с.
47 Социологическая мысль в России: Очерки немарксистической
социологии последней третьи
XIX-
нач.
XX
вв / Под ред. Б.А. Чагина.
-
Л.: Наука,
1978. –
416 с.
48
Карамзин М.Н. История государства Российского.
–
М.: Наука,
1997. –
248 с.
49
Погодин М.П. Исследования, замечания и лекций русской историй.
-
М.
:
Универ. типог., 1857.Т. 5. Период удельный
. –
464 с.
50
Соловьев С.М. История России с древнейших времен.
-
М.: Соцэкгиз,
1960. -
Кн. 2
. –
811 с.
207
51
Ключевскии В.О. Курс русской истории
//
Соч.
:
в 8
-
ми т.
-
М.:
Госполитиздат, 1956. Т. 1,
ч.1.
–
427 с.
52
Лихачев Д.С. Руссская культура.
-
М.: Искусство, 2000.
53
Потанин Г.Н. Восточные мотивы в среднеевропейском эпосе. Изд. геог
-
го от
-
я императорского общества любителей естествознания, антропологии и
этнографии. На средства пожертвованная Ю.И. Базановой.
-
М.
:
Типт
-
литография Товарищество И.Н. Кушнерова и К. 1899.
–
877 с.
54
Костомаров Н.И. Черты народной южнорусской истории.
//
В кн:
Исторические монографии и исследования
.-
СПб
.,1903. -
Т.1. кн.1.
–
С. 96
-138.
55
Голубовский П.В. Печенеги торки и половцы до нашествия татар.
История южнорусских степей в ІX
-
XІІІ вв.
-
Киев,
1884. –
254 с.
56
Плетнева С.П. Печенеги торки и половцы в южнорусских степях
//
МИА
.
–
М.
–
Л.,
- 1958. -
№ 62.
-
С. 151
-226.
57
Покровский М.Н. Русская история с древнейших времен.
-
Л.,
1924.
Т.1.
–
331 с.
58
Мавродина Р.М. Русь и кочевники: Печенеги, торки, половцы.
-
Л.:
Наука, Ленингр. отд
-
ние, 1983.
–
86 с.
59
Пархоменко В.А. Киевская Русь и печенеги
.
К
вопросу о
взаимоотношений Киевской Руси со степью.
//
В кн
.
: Вторая конференция
археологов СССР в Херсонесе.
10-
13 октября 1927 г. по случаю столетия
Херсонесских раскопок 1827
-
1927 гг.
-
Севастополь,
1927.-
С
. 49-52.
60
Пархоменко В.А. Следы половецкого эпоса в летописях.
//
В кн
.:
Проблемы источниковедения.
-
М.
-
Л.: Наука,
1940.–
422 с.
61
Пархоменко В.А. У истоков русской государственности (VІІІ
-
XІ вв)
-
Л.
:
Наука,
1942. -
326 с.
62
Горделевский В.А. Что такое “Босый волк?” (К
толкованию “Слова о
полку Игорове”)
//
Изв.
АН
СССР
.
Отд
-
ниелит
.
и
яз
.,- 1947.
Т
.6,
вып
, 4. -
С. 45
-
67.
63 Riasanovsky, Nicholas V. A History of Russia. Sixth ed. New York: Oxford
University Press, Inc. 2000.
64 Ostrowski, Donald. Muscovy and the Mongols: Cross-Cultural Influences on
the Steppe Frontier, 1304 – 1589. Cambridge, England: Cambridge University Press,
1998.
65 Hosking, Geoffrey. Russia and the Russians: A History. Cambridge, MA: The
Belknap Press of Harvard University Press, 2001.
66
Москва Татарская [Электронный ресурс] / Москва, 2010.
–
Режим
доступа:
http://www.moskvatatar.ru
Достарыңызбен бөлісу: |