Рецензенттер: тарих ғылымының докторы Кәрібаев Б. Б



Pdf көрінісі
бет30/42
Дата20.12.2023
өлшемі1,72 Mb.
#197719
түріМонография
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
annotation110059

«от-эне»
бүрку (тура мағынасында от
-
ана, үй құдайы), 
«
jайыку
» (ата
-
бабаға табыну, үй құдайы), «
аржан-сууға
» барады 
(емдік су көзі). Үлкен ұлының отбасындағы үшінші ер баланы 
шоқындырған 
– 
ол бала кезінен мүгедек, қатты науқас (АДМ 
2008 ж. Усть
-
Коксинский ауданы. Алтай Республикасы). 
Демек, баланы шоқындырғаннан кейін жаңа ат берген кезде, 
бұл салт дәстүрлі мәдениет шеңберінде есім ауыстыру ретінде 
қарастырылады да, баланың тағдырына өзгеріс әкеледі деп 
саналады. Яғни, салттың бұрынғы қорғау міндеті сақталады. Осы 
тұрғыдан алғанда, есімге қатысты дәстүрлі түсініктер мен 
христиандық көзқарас қабысып жатады. Шоқынған да, 
шоқынбаған да алтайлықтар арасында балаға берілген үй аты да, 
шіркеу аты да өзіндік сакральды сипатқа ие болады. Улагандық 
жеткіншек
-
респондент өзінің шіркеу берген атын атаудан бас 
тартып, 
онысын 
атын 
бөгделерге 
айтуға 
тыйым 
салынғандығымен түсіндірген оқиғасы орын алған. Ал шоқыну 
кезінде берілген есім құпия емес екендігі аян. Бір қызығы, 
Үндістанда
да екі ат қою дәстүрі бар: бірі 

оны тірілер 
социумына жатқызатын кәдуілгі аты, екіншісі тек өз отбасына 
белгілісі [13, 55 б.]. 
Егер адам орта жаста, өз көзқарастары мен дүниетанымы бар 
тұлға
ретінде қалыптасқан кезде шоқынса, мұндай шешімнің 
уәждемесі, сөзсіз, ғылыми қызығушылық туғызады. Сауалнама 
нәтижелері келесіні көрсетеді. 
Әдетте, 
адамдар 
дінін 
қиын 
жағдайлардан, 
ауыртпалықтардан, ауыр науқастардан соң жиі ауыстырады екен. 
Бұған оларды өмірде орын алатын түрлі оқиғалар мен 
тұрмыстағы байланыстар итермелейді. Көптеген қиындықтардан 
соң жақындары оларға шоқынуға ұсыныс жасап жатады. 
Шоқынғаннан кейін олар бұрынғы ортасынан ажырап, осы 
әрекеті
арқылы жаңа өмірге аяқ басады. 
Христиандықты қабылдағанымен, олар көп жағдайда 
дәстүрлі алтайлық әдет
-
ғұрыптарынан бас тартпай, бастапқы 
дүниетанымын сақтап қалады. Олар ресми түрде шоқынғанымен, 


217 
іс жүзінде осыған дейін ұстанып келген дінінде қала береді де, 
«селқос» православтарға айналады: діни жораларға бармайды, 
дұғаларды білмейді, діннің көптеген догматтарын түсінбейді. 
Олардың көпшілігінің «білмеймін» сөзінің артында «онша білгім 
келмейді» сөзі тұрады. 
Дінді таңдаған кезде белгілі бір конфессияға сенетін діндар 
тұрғындармен арадағы байланыс та рөл ойнайды. Усть
-
Кан 
ауданының информанты NN
-
ның айтуынша, орыс деревнясында 
өскен
ол 20 жасында өз еркімен шоқынған. Бұл жерде оның 
баянсыз аяқталған отбасылық өмірі, ажырасу мен көңіл күйзелісі 
үлкен
рөл атқарған. Сонымен қатар оның орыстардың арасында 
өскені
де маңызды болған секілді. Анасы оны жас кезінде 
әжейлермен
сөйлестіргенде, олар барлық жоралғылар православ 
дініндегілерге ғана мықты әсер ететінін айтқан(АДМ 2009 ж. 
Усть
-
Канский ауданы. Алтай Республикасы). 
Республиканың ауылдық жерлерінде өздерін «батырылған» 
православтар деп атайтын адамдар да ұшырасады. Священниктер 
институты тыйым салынған кеңес кезінде, біреудің өміріне қауіп 
төнген кезде епископтың батасын алған (немесе көп жағдайда 
оның батасынсыз
-
ақ) шоқынған адам оны үш мәрте суға батыру 
және дұға оқу арқылы оны шоқындыратын болған. Кейін оны 
шіркеуге енгізу, яғни шіркеуде шоқындыру рәсімі өткізілген. 
Бүгінде мұндай адамдардың көпшілігі сол «батырылған» күйі 
қалғандықтан, оларды сөзсіз православты деп айтуға келмейді. 
Дегенмен олардың
христиандық конфессияға жататынын да 
жоққа шығаруға болмайды, сеебі олар өздерін «православты 
батырылғандар» деп санайды. 
Шоқынған алтайлықтар арасында православ дұғаларын білу 
өте
төмен деңгейде. Адамның өтініш немесе алғыс ретінде айтқан 
сөздері дұға ретінде қабылданады. Әдетте, мұндай «дұғалар» 
қиын, жауапты сәттерде айтылады.. Бүгінде дін адамдардың 
көпшілігі үшін «құтқару шеңберіне» айналған. Қазір жастардан 
«шіркеуге сесия алдында барамын», «әлдеқандай жағдайға 
шырақ қоямын», «Құдайға өз білгенімше сенемін» дегенді естуге 
болады [14, 66

67 бб.]. 
Діни қызметтерге бару сирек жүзеге асырылады. Бұл түрлі 
себептермен түсіндіріледі: «уақыт жетпейді» немесе «шіркеуде 
өзімді
қалай ұстауды білмеймін». Іс жүзінде христиандыққа 
деген мұндай көзқарас алтайлықтардың менталитетінен және 


218 
бәлкім, алтайлық ортада православиенің берік дәстүрлерінің 
жоқтығынан туындайды. 
Балалардың шоқындырылуы, сөзсіз, ата
-
анасының шешіміне 
байланысты. Ата
-
аналар христиандардың діни тәжірибесімен күн 
сайын кездесетін жағдайда, православтық орта мен тұрмыстық 
байланыстар шоқыну туралы шешім қабылдауға айтарлықтай 
әсер
етеді. Шоқынғандар мен шоқынбағандардың көршілес өмір 
сүруі екі жақтың да христиандыққа деген көзқарасына өзгеріс 
енгізбей қоймайды. Зерттеу кезінде конфессионалдық белгісіне 
қарай
«өзімдікі» 

«бөтен» қатынасы қарастырылды. Осыған орай 
түрлі пікірлер ұшырасады. Усть
-
Канский ауданындағы
NN 
әжей
былай деген еді
: «
Аспанда Құдай біреу. Оған әркім өзінше сене 
берсін. Бірақ біз орыстардың (православтардың) салт
-
дәстүрлерін сыйлауға тиіспіз, сеебі көп жыл қатар тұрып, көп 
нәрсені басымыздан бірге кешірдік». Тағы бір респондент былай 
дейді: «қазір неше түрлі уағызшылар қаптап кетті, бірақ олармен 
таласудың қажеті жоқ. Оларға өз дініміз, өз жолымыз бар екенін 
түсіндіруіміз қажет» (АДМ 2008 ж. Усть
-
Канский ауданы. Алтай 
Республикасы). Мұндай толерантты пікірлерді мемлекет 
тарихындағы атеистік кезеңді басынан кешірген қарт адамдар 
айтады. Жастар мен орта жастағылар конфессияаралық қарым
-
қатынасқа
байланысты ойларын тіке айтуға бейім. Бұл жағдайда 
елдегі демократиялық өзгерістер мен респонденттердің жастары 
маңызды рөл атқарады деп санаймыз. 
Улаган с. тұрғындары мынадай ақпаратпен бөлісті: «Біздің 
ағамыз Усть
-
Канский ауданының қызына үйленді. Біз «құдалап» 
барғанбыз, ал біздің құда түсу салтымыз бөлек болғандықтан, көп 
жәйтті түсінбестен, өзімізше істедік. Нәтижесінде мынадай 
сөздерді естідік: «Бұл улагандықтардан не сұрайсың, олардың 
барлығы православ дінін ұстанады емес пе, ата діндерін 
білмейді». Бұл жағдайда басымдық қарсы келудің діни сипатына 
емес, этноаумақтыққа жасалған тәрізді (Усть
-
Кан 
– 
Улаган). 
Мұндай қазіргі заманғы алтай қоғамынан байқалғанымен, бұл 
жәйт Улаган теленгиттерінің православиесімен арадағы берік 
байланыстан сыр береді
В.В. Радлов ХІХ ғ. қағазға түсіріп кеткеніндей, «шоқынған 
алтайлықтарды діннен безгендер деп жек көреді (зайсандар

Н.Т.) 
және реті келгенде шеттетуге тырысады. Ал шекаралас 
деревнялардағы орыстар шоқынған алтайлықтарды өздеріне тең 


219 
адам санамайды …» немесе «алтайлық көшпенді христиандықты 
қабылдағандардың барлығын сатқын деп есептейді» [15, 182, 184 
бб.]. Біздің байқауымызша, бүгінгі алтайлық ортада өз 
ауылдасының алтайлықты шоқындыруы әдеттегі жағдай 
саналады. Алтаныстарының бірі дәстүрлі емес діни ұйымға 
мүшелікке өтсе, жұрт оған сенімсіздікпен, кекете және 
түсінбестікпен қарайды. 
Байқауымызша, өскелең ұрпақтың діни ұстанымы көп 
жағдайда анасына байланысты. Бүгінде ана дәстүрлер мен 
моральдық ұстанымдардың жалғаушысы болып табылады. Егер 
ана баланың санасына қандай да болмасын дін туралы білімді 
жеткізсе, бала өз өмірінде осы дін догматтарын міндетті түрде 
ұстанады. Еркектер
-
әкелер бүгінде көп жағдайда селқос 
«көрермендер» рөлін атқарады. 
Мәселен, Усть
-
Коксинский ауданының информанты NN
-
ның 
айтуынша, оның әкесі туғаннан Балыктуюльский шіркеуінде 
шоқындырылғанымен, шоқынбаған алтайлық қызға үйленген. Ол 
отбасында православтық жөн
-
жоралғыларды ұстанбайды, діни 
қызметтерге
бармайды, ауыз бекітпейді, қиын сәттерде көмекті 
дұғамен емес «алкыш сурап jат» («игі ниет сұрайды»

Н.Т.). Ол 
жөнінде әйелінің айтуынша, ол «орто jолдо», яғни «орта жолмен» 
жүріп келеді. Үлкен балалары шоқынбаған, тойларын дәстүрлі 
әдет
-
ғұрыптар бойынша атқарған, немерелері де шоқынбаған. 
Кіші қыздары NN 14 жасында өз бетінше шоқыну туралы шешім 
қабылдаған. Ол мұнысын әкесінің өнегесімен түсіндіреді. Бұдан 
бұрын өкіл анасымен шіркеуге барған. NN
-
ның түсіндіргеніндей, 
оған православиенің мәнін түсіндіретін ешкім болмағандықтан, 
ол дінді үстірт ұғады. Балалардың ішінде жалғыз өзі әкесі 
ұстанатын
дінді қабылдаған және православие жолына түскен 
кезде жанында оған көмектесер жан болмаған. Алдағы уақытта 
ол бұрынғыдай анасы істейтін әдет
-
ғұрыптарға қатыса бермек: 
аршын түтіндету, отқа табыну, ескі және жаңа айды сақтау (АДМ 
2008 г. Усть
-
Коксинский ауданы. Алтай Республикасы
).
Немесе
Усть

Канский ауданында тұратын
NN-
ның мысалы. 
Балалық шағында ауырған оны шоқынбаған ата
-
анасы 
шоқындырмақ болады. Ол 
– 
«батырылған». Ол айқаршық 
(крестик) таққанымен, некесін шіркеуде қидыруға ниеті жоқ. Ол 
өзін
алтайлық санайтындықтан, дәстүрлін ұстануға тиіспін деп 
есептейді. 


220 
Христиандықты қабылдаумен тубалардың, кумандиндықтар 
мен челкандықтардың бір бөлігінің жағдайы мүлде басқаша 
болды. Ертеректе қаралғандай, Солтүстік Алтайдағы миссияның 
қызметі
анағұрлым интенсивті еді және таралып болған соң 
христиан діні ХХ ғ. басында солтүстік
-
алтайлық ортада берік 
орнықты.
Хабаршылардың естеліктері бойыншаХХ ғ. 30
-
шы жж. 
дейін солтүстік аудандардағы барлық алтайлық отбасылар 
негізінен шоқынған болатын. Шоқыну сәбилік немесе балалық 
кезеңде орын алды. Бұл ғұрып шіркеуде қызметші арқылы жүзеге 
асты. ХХ ғ. 40
-
шы жж. бастап шоқыну «суға кіру» жолымен іске 
асты, ғұрыпты православтық әжелер орындады. Ол туралы былай 
деп айтылады: «Мені және бауырымды шоқынуға әжем ертіп 
апарды, мен ол кезде 3
-
4 жаста едім, тек есімде қалғаны, біздің 
ауылымыздың қарт әжесі мені суға малып алды, мен қорықтым 
және қатты жыладым. Үйге келгенде менің анам әжемді қатты 
сөкті, анам коммунист болатын, аулдық кеңесте қызмет етті».
Басқа бір хабаршы өзінің шоқыну мотивтерін келесідей 
түсіндіреді: «Шіркеулік шоқынуды егде жасымда қабылдадым
бұның екі себебі. Біріншісі 
– 
менің ата
-
анам православтық дінді 
ұстанды; екіншісі 
– 
біз православтық мемлекетті өмір сүреміз 
және мемлекет саясаты бірлікке бағытталған».
ХХ ғ. 40
-
50 жж. туылған тубалардың
арасында суға 
кіргендер көп болды және олар христиандық дәстүрлердің иелері 
болып табылды. Бәлкім, бұны олардың отбасындағы 
православтық дәстүрлердің күштілігімен түсіндіруге болатын 
шығар, себебі әжелер мен аталар да, ата
-
аналар да шоқынған 
болатын. Сондықтан балалық кезде қабылданған тәрбие, 
мәдениет арғы уақыттағы, ересек кездегі дінді таңдауда өзіндік 
рөл атқарды.
Тон руынан (кумандиндық) шыққан хабаршы 50 жасында 
шоқынғанын және таңдауды жеке өзі жасағанын айтады. Алайда 
оның ата
-
анасыжәне ата
-
әжелері православтар болғанын, 
отбасында христиандық дәстүрлерді ұстанғанын ескере кету 
керек. Осылайша ол үшін христиандық жат және бейтаныс 
болған жоқ, оған қоса таңдау оның пайдасына жасалған еді. 
Хабаршының балалары да шоқынған, яғни бұл отбасыда 
христиандық дәстүрге айналған.


221 
Сөзсіз, шоқынудың басқа да мотивтері кездеседі. Мысалы, 
Шабалин ауданындағы Ялав руынан шыққан НН 24 жасында 
шоқынған, және бұған оны өмірдің сынақтары әкелді. Оның 
есептеуінше, шоқынудан ол бірінші ретте қорғанысты іздеді, ал 
басқа діндер оны бере алмады. Өзінің таңдауын ол әжелерінің 
шоқынғандығымен 
және 
ауылдарында 
православтық 
дәстүрлердің күшті болғандығымен түсіндірді. Дәстүрлі алтай 
мәдениеті болса тек соңғы уақытта қайта жандануда.
Осылайша, бүгінгі таңда алтайлықтардың, тубалардың, 
кумандиндықтардың ортасында хритиандықты қабылдаудың 
түрлі мотивациялары бар. Бірінші жағдайда дәстүрлі алтайлық 
нанымдарға сүйеніп, оларды христиандық догматтармен 
үйлестіре
отырып шоқынады, ал тек ерекше жайттарда ғана қатал 
христиандарға айналады. Басқа жағдайда христиандық 
отбасылық дәстүр ретінде көрінеді. Саналы жаста дінді таңдауда 
үлкен
рөлді этникалық сана
-
сезім ойнайды деп ойлаймыз, ол 
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адам өз халқының наным
-
сенімдеріне берік болып қала бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет