Тақырыбы: «Этнопедагогикалық жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар» тобы: мдб-н-20



Дата10.11.2023
өлшемі204,72 Kb.
#190945
Байланысты:
Этнопедагогика


Модуль /пән атауы:
КМ 06. Білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне қатыстыру
Этнопедагогика
 
Тақырыбы:
«Этнопедагогикалық жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар»
тобы: МДБ-Н-20
Аймақтық биосфера, ландшафт адамдардың шаруашылық-өндірістік іс-әрекетінің тәсілдері мен ерекшеліктеріне, олардың әлеуметтік қарым-қатынасына, тұрмыстық әдет-ғұрпына, мәдени және рухани-адамгершілік қасиетіне, халық тәрбиесінің мазмұны мен құралдарын қалыптастыруға адамзаттық қатынас пен іс-әрекеттің басқа да салаларына ықпал етеді (Л.Н.Гумилев). Әр ұлттың этнопедагогикасы. Этнос, ұлт, этнографиялық топ, этникалық топ, ұлттық топ. Педагогика – жалпы: оқыту мен тәрбие әдістері, заңдары мен заңдылықтары, қағидалары туралы жалпылық сипат береді. Этнопедагогика – ерекше: этникалық өзіндік ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық білім береді. Қазақ этнопедагогикасы – бірегей: нақты тарихи этноәлеуметтік жағдайда құрылған қазақтың этникалық тәрбиесінің ерекшеліктері. Әрбір халықтың тәрбие жүйесі өзіндік ерекшелікке ие, яғни әр түрлі тілдер, ұлттық мінез, психикалық тәртіп, ұлттық сана-сезім, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дін. Қазақтың халық педагогикасы. Қазақ этнопедагогикасы қазақтың халық педагогикасын зерттейді. Қазақ этнопедагогикасының нысаны: ұлттық және дәстүрлі-тұрмыстық, этнопедагогикалық мәдениет. Қазақ этнопедагогикасының пәні: қазақтың этникалық тәрбиесі үздіксіз үрдіс тұрғысынан адаммен өмір бойы жүреді. Нәтижесі: этникалық құндылықтарды, этноәлеуметтік рөлдерді, этникалық нормаларды меңгеру, этникалық сана-сезімін, өзінің халқына, оның тарихына, тіліне, мәдениетіне жағымды қатынасын қалыптастыру.
Қазақ этнопедагогикасының атқаратын қызметтері
Қазақ этнопедагогикасының мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық ғылымдар жүйесінде қазақ этнопедагогикасының орнын анықтау, қазақтың этникалық тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу, тәрбиенің этноұлттық мәнін айқындау, ұлттық мінез және өзіндік санасын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу.
Негізгі қызметтері:
- Танымдық: ата-баба тәрбиесі зандарының мәні, халық тәрбиесінің мақсатын, әдістерін, тәжірибесін және т.б. сипаттау және талдау;
- Ұлттық дүниетанымын және ұлттық ділін қалыптастыру;
- Патриотизмге, қазақ халқының тілі мен тарихын аялап, сақтап, дамытуға тәрбиелеу;
- Ұлттық мәдениет құндылықтарына тәрбиелеу;
- Отбасындағы этникалық тәрбиенің жағымды тәжірибесін насихаттау;
- Қазақ халқының этникалық тұрмыс-тіршілігін сақтау. Жалпы ғылыми әдістері: талдау, жинақтау, индукция, дедукция, аналогия, идеализация, салыстыру, бақылау, өлшеу және т.б.
Қазақ этнопедагогикасының атқаратын қызметтерін нәтижелі жүзеге асырушы қазақ этнопедагогикасының негізгі қағидалары:
-Әлемнің объективтілігі мен танымдылығы
- Даму және тарихилық
- Теория мен практиканың бірлігі
- Кешенділік, тұтастық және жүйелілік
- Ұлттық, мәдениеттілік, табиғилық
- Жас және жас ерекшеліктерін ескеру
- Туыстық қатынастың басымдылығы
- Үлкендерді құрметтеушілік
- Этникалық пен әлеуметтіктің арақатынасының мақсаттылығы, т.б
Маған педагогикалық шығармашылығымды дамытуға не көмектеседі?
Мен бүгін жаңаша бағытта
не көрдім?
Бүгінгі жұмыстан маған не ұнады?
Болашаққа қандай жоспарлар құраймын?
Үшбұрыш
Жұмыс бойынша рефлексия:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет