229
5.4 Қайтыс болған адамды жерлеу дәстүрі
Саян
-
Алтай түріктерінің жерлеу
-
ғұрыптық салттарының
трансформациясына христиандандыру саясаты және орыс
халқымен ұзақ уақыттардан бері тығыз орналасуы әсер еткен.
Христиандандыру саясатының басталуымен байланысты
алтайлықтардың, хакастардың, кейінірек тувалықтардың
жерлеу
ғұрыптарында
«новация», «әсер ету», «кірігу» орын алды, атап
айтсақ олардың қатарында арнайы қорымда жерлеп, ескі алу
күндерін өткізу рәсімдері бар. Бұл бір жағынан дәстүрлі
нанымдар жүйесіндегі «табыну» сенімінің сақталуымен де
байланысты. Осы тұрғыдан, өлгеннен кейінгі «күнә», «тозақ»
ұғымдарының
түсініктемесін іздеуге болады.
Хакастардың мифтік
-
діни рәсімдік кешендерінен христиан
дінінен енген дұға оқу, «крест» қою сияқты «марқұмның
рухын
\
жанын жеңілдетен» халықтың танымындағы белгілерден
көрінеді [21, 135 б.] Мысалы, Тувада бойжеткен жас қыздардың
және жасійелдердің бейітіне ерін далабын, қызыл шарап
шөлмегін, ер адамның бейітіне
–
сақыл қыратын станок, иіс су,
темекі қорабын қояды. Бұл жеде бейіт басына қойылатын «ілеспе
инвентарлардың» қатарынла алкагольды сусынның болуы орыс
ортасының әсерінен болғаны анық [22,82 б.].
Еске алу күндерінің мерзімдерінің әртүрлілігі де қызығу
-
шылық тудырады, бұл күнде этнографиялық әдебиетерде еске
алу күндерінің таңдалу себебін түсіндеретін мәліметтер жоқтың
қасы. Сондай
-
ақ бұл рәсімде праславиемен қатар, буддизмнің де
әсері болғаны байқалады.
Алтайлықтар еске алу күндерін 3, 7, 40 күн болғанда, одан
кейін бір жыл өткенде өткізеді. 3
-
ші күні марқұмның жаны өз
«
аилына
» қайта келіп, басына қалдыруға ұмыт қалған заттарды
іздейді. 7
-
ші күні ғана «марқұм» өзін өлген адам санайды, сол
кезде ол құсқа айналып, көк шөпке келіп қонады, шөп сабағының
өзі құстың салмағын сезбейтінін, сабақтың майыспайтынын
көреді.
4-
шы күні марқұмның жаны жерасты
\
үстіндегі
Эрлик
әлеміндегі тіршілікке көшеді.Соңғы рет марқұмның жанын
«жылдық рәсімде» құрметтеп, ас береді.
Басқалар да 3, 7, 40 күндік еске алу рәсімдерін өткізеді.Олар
да марқұмның жаны үш күн ішінде өз отбасының айналасында,
өмірінің басталған кезінен соңғы күніне дейінгі
өмір сүрген
231
жерлерінен крест қойылған жеке тұрған зираттарды табуға,
көруге болады[26, 190 б.].
Шоқынғандарды жалпыға танымал христиандық нормаларға
сай жерлеген, Қайтыс болған адамды сол күні жуындырып (бұл
міндетті туысы емес адамдар атқарған) таза және арнайы
орыстың көйлек, жейде, орамал сияқты киімдерін кигізен,
мойнына крест таққан. Ағаш табытқа салынған мәйітті үйден
басымен шығарып, көрді жерден терең етіп қазбаған. Аяқ жағына
да крест қойған. Жерлеу орнын (зиратты) қоршаған. Кейде зират
үстіне бірнеше қабаттан тұратын тік немесе пирамида түріне
ұқсас ағаш ескерткіш орнатқан. Мәйіт жатқан үйдің бөлмесіне
шырақ жаққан, икон қойып, дұға оқыған. Дұға оқуды дін
қызметкері ғана емес, жерлеуге қатысқа немесе дұға білетін басқа
адамдар да оқыған. 9
-
шы, 40
-
шы күндері еске алу күндерін
өткізген.
Бұл күндері жерлеу ғұрпында маңызды рәсімдер сақталады:
егер өлген адам көзі тірісінде діни қағидалар мен діни
ұстанымдарды
атқармаса, ұстанбаса да, егер ол өлген адам
шоқынған болса болды, оны христиандық жерлеу салтымен
жерлейді. Жаңа киіммен, арнайы табыт жапқышпен
жабады,
крест қояды, шырақ жағады.
«
Достарыңызбен бөлісу: