Нишанбаева сабира зетбековна



Pdf көрінісі
бет5/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

философиялық аспектіде
құндылықтардың табиғаты мен мәні, рухани 
құндылықтар, отбасы институты мәселелері ғалымдар (И.Кант [15], 
В.Виндельбанд [16], Г.Риккерт [17], Э.Фром [18], М.Рокич [19], Ф.Ницше [20], 
Н.А.Бердяев [21], Ә.Н.Нысанбаев [22], С.Е.Нұрмұратов [23], Р.Б.Әбсаттаров 
[24] т.б.) еңбектерінде қарастырылады;

мәдени аспектіде
құндылықтар жүйесін әлеуметтік және этикалық 
тұрғыдан дәстүрлер, нормалар, рухани кодтар және адамның болмысы арқылы 
көрінетін құбылыс ретінде (Т.Х.Ғабитов [25], Б.С.Ерасов [26], отбасылық-неке 
қатынасын (Т.В.Бендас [27], К.К.Баздырев [28], т.б.) қарастырады;

тарихи-әлеуметтік аспектіде 
отбасының мемлекеттегі мәртебесі мен 
оның ерекшеліктеріне, қоғамның тыныс-тірішілігіндегі құндылықтарға назар 
аударады (М.Вебер [29], Э.Гидденс [30], М.Мид [31], Т.Парсонс [32], Г.К. 
Абдигалиева [33], В.П.Тугаринов [34], С.И.Голод [35], А.Ж.Сқақова [36] т.б.);
Соның ішінде, тарихшы Х.А.Арғынбаев «Қазақ отбасы» атты еңбегінде 
көшпелі қоғамдағы қазақ отбасыларының тұрмыс - тіршілігінің этнографиялық 
сипатына тоқталса [37], әлеуметтанушы З.Ж. Жаназарова «Қазақстандағы 
қазіргі заманғы отбасы және оның мәселелері» атты монографиялық 
зерттеуінде бүгінгі таңдағы қазақстандық отбасылардың жай - күйлеріне талдау 
жасайды [38], сонымен бірге З.К.Шәукенованың редакциясымен жарық көрген 
«Қазақстандық отбасы қоғамның негізгі құндылығы ретінде: жағдайы және 
даму үрдістері» еңбегінде [39], «Отбасы Қазақстан қоғамы тұрақтылығының 
факторы ретінде» атты ғылыми-зерттеу жобасында заманауи қазақстандық 
отбасының даму үрдістеріне өзіндік түсініктемелер беріледі.
Психология ғылымында
отбасылық қарым-қатынас психологиясын, 
құндылық бағдар мәселелерін шетел ғалымдары Г.Олпорт [40], Ж.Пиаже [41], 
З.Фрейд [42]; ресей психологтары С.Л. Рубинштейн [43], В.И.Мясищев [44], 
т.б. қарастырады. Соның ішінде, отбасы психологиясын зерттеуші ғалымдар 
(А.Г. Харчев [45], А.И. Антонов [46], т.б.) еңбектерінде отбасының маңызды 
функцияларының қатарына ата-ананың үгіт-насихаты мен өнегесі, сонымен 
қатар отбасының психологиялық жағдайы арқылы балалардың әдеттері мен 
мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалай алу өлшемдері қалыптасатыны ашып 
көрсетіледі. 
Жоғары оқу орындары «Отбасылық өмір этикасы мен психологиясы» 
(И.В.Гребенников [47], С.В.Ковалев [48],); «Отбасылық қарым-қатынас 
психологиясы» (Л.Б.Шнейдер [49]) атты арнайы пәндерді енгізді. 
Педагогика ғылымында
отбасы мәселесінің әдіснамалық және теориялық 
негіздері, отбасы тәрбиесі, рухани-адамгершілік құндылықтар, отбасылық 
өмірдің ерекшеліктері, некелік қатынас, болашақ отбасы иесін даярлау 
мәселелерін ресейлік ғалымдар П.Ф. Каптерев [50], А.С.Макаренко [51], 
В.А.Сухомлинский 
[52], 
Н.Е.Щуркова 
[53], 
аксиологиялық 
тұғыр
(М.С.Мацковский 
[54], Е.В.Горбунова [55]), қазақстандық ғалымдар 
Қ.Б.Жарықбаев [56], К.М.Төлеубаева [57], Қ.Т.Әтемова [58], Қ.Ғ. Жүнісова-


Елшібаева [59], С.С.Қоңырбаева [60], А.Е. Манкеш [61] зерттесе, ал 
отбасындағы тәрбиенi ұйымдастыруда қазақтың халықтық педагогикасының 
материалдарын пайдалану (С.Ғаббасов [62], Г.И.Сейлхан [63], Е.С.Коянгалиев 
[64], 
Т.С.Сламбекова [65], А.А.Таутенбаева [66], рухани-адамгершілік 
құндылықтар (Р.К.Төлеубекова [67]), құндылық бағдар (Г.Қ. Нұрғалиева [68]) 
мәселелерiн қарастырады. 
Жоғарыдағы ғылыми зерттеу жұмыстары мен әдебиеттерді талдау бүгінгі 
таңда жаһандық деңгейде қоғамдағы және ұлттық деңгейде мемлекетіміздегі 
әлеуметтік-экономикалық тенденцияларға байланысты отбасының әлеуметтік-
педагогикалық қызметтерінің өзгергендігін көрсетеді. Жаңа әлеуметтік-
экономикалық жағдайлар мен көпұлтты Қазақстандағы демографиялық 
дағдарыстар отбасылық қатынастар мен құндылықтар, отбасы тәрбиесі 
саласында өскелең ұрпақты өз отбасын құруға, ата-ана болуға дайындау 
мәселелерінің өзектілігін айқындай түсуде. Біздің зерделеуімізде теориялық-
қолданбалы мазмұндағы зерттеу жұмыстары, ондағы теориялық қағидалардың, 
қорытындылар мен тұжырымдардың студенттердің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастыру мәселесін ашып көрсетуде маңызы зор екенін 
және айтарлықтай тәжірибе жинақталғандығын көрсетеді. 
Дегенмен ғалымдардың еңбектерін саралау барысында педагогикалық 
жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы – адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыру мәселелері өз деңгейінде зерттелмегендігі айқындалды.
Осы тұрғыдан алғанда қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени өзгерістер 
жағдайында педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда: 
- қоғам мен мемлекеттің өскелең ұрпақта отбасы құндылықтарын 
қалыптастырудың объективті әлеуметтік сұранысы мен қазіргі қоғамдағы 
отбасы мәртебесінің нақты алатын орны, қоғамдағы әлеуметтік институттың, 
отбасындағы ата-ананың рөлінің төмендеуі мен білім беру мекемелерінде 
оларды қалыптастыру үрдісінде жаңа әлеуметтік-экономикалық шарттардың 
ескерілмеуі арасында; 

педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-
адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың қажеттігі және бұл үрдісті 
ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік және технологиялық негіздерінің 
жеткілікті зерттелмеуі арасында;

отбасы-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы студенттің 
субъективті белсенділігі мен зерттелінетін үрдісті ұйымдастыру бойынша 
бірлескен іс-әрекетке кәсіби дайындығы арасында қарама-қайшылықтар 
туындап отыр.
Зерттеу мәселесінің өзектілігі мен жоғарыда аталған қарама-
қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру зерттеу жұмысының тақырыбын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет