Зерттеу әдістері:
-
теориялық:
зерттеу
мәселесі
бойынша
философиялық,
әлеуметтанушылық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді талдау, контент-талдау, жіктеу, жинақтау, нақтылау, ойша
эксперимент, салыстыру, құрылымдау, модельдеу әдістері;
-эмпирикалық: бақылау, сауалнама, отбасы-адамгершілік құндылықтарға
арналған
тесттер,
диагностикалау,
математикалық
статистикалық:
эксперименттік мәліметтерді өңдеу, сапалық және сандық тұрғыда сараптау
әдістері қолданылды.
Зерттеу
көздері.
Зерттеу
мәселесі
бойынша
философтардың,
әлеуметтанушылардың, психологтар мен педагогтардың еңбектері; Қазақстан
Республикасының ресми құжаттары мен Білім және ғылым саласындағы
нормативтік құжаттар (стандарттар, оқу кешендері, тұжырымдамалар, типтік
оқу бағдарламалары және т.б.); шетелдік және отандық педагогтардың ғылыми
еңбектері мен тәжірибелері, ғылыми мерзімді басылымдар, автордың
педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу кезеңдері
Бірінші кезең (2015-2016жж.) –
зерттеу мәселесі бойынша материалдар
жиналып, жүйеге келтірілді, ғылыми аппарат айқындалды, педагогикалық
жоғары оқу орындарының озық тәжірибелері жинақталып, талқыланып
қорытындыланды, эксперимент жұмысының бағдарламасы дайындалды,
отбасы, құндылық, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелеріне
арналған ғылыми еңбектер мен әдебиеттер зерделенді.
Екінші кезең (2016-2017жж.) –
педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері
бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың психология-педагогикалық
идеялары сараланды. Эмпирикалық материалдар жинақталып, ғылыми
дәйектер
қорытындыланды,
студенттердің
отбасы-адамгершілік
құндылықтарын
қалыптастырудың
теориялық-әдіснамалық
негіздері
айқындалды, зерттеудің негізгі идеялары мен нәтижелері тексеруден өткізілді.
Үшінші кезеңде (2017-2018жж.) –
педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру бойынша
элективті курс бағдарламасы, тренингтер топтамасы дайындалып тәжірибеге
ендірілді, диссертациялық зерттеудің рәсімделуі аяқталды.
Зерттеудің
Достарыңызбен бөлісу: |