Нишанбаева сабира зетбековна


Жарық көрген ғылыми еңбектер



Pdf көрінісі
бет11/88
Дата20.12.2023
өлшемі3,49 Mb.
#197849
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88
Байланысты:
Nishanbayeva disser

Жарық көрген ғылыми еңбектер:
диссертациялық жұмыс тақырыбы 
бойынша барлығы 12 ғылыми жұмыс жарық көрген. Оның 3-уі ҚР БжҒМ Білім 
және Ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, 1 
мақала Scopus базасына енген ғылыми журнал басылымында, 5 мақала 
халықаралық конференциялар материалдары жинақтарында, 2 мақала алыс-
жақын шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында жарияланып, 
1 оқу-әдістемелік құрал жарық көрді.
 
Диссертацияның құрылымы: 
Диссертация кіріспеден, 2 тараудан, 
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде 
зерттеу тақырыбының көкейкестілігі дәлелденіп, 
ғылыми аппараты: нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші 
идеясы, теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен 
базасы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары, ғылыми жаңалығы мен 
теориялық және практикалық маңыздылығы, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, 
мақұлдануы, тәжірибеге ендірілуі көрсетілді.
«Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы – 
адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
теориялық-
әдіснамалық негіздері» 
атты бірінші тарауда зерттеу мәселесінің теориялық-
әдіснамалық негіздері анықталады. «Отбасы-адамгершілік құндылықтар» 
ұғымының мәні нақтыланады. Педагогикалық жоғары оқу орындары 


студенттерінің 
отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудағы 
әдіснамалық тұғырлар мен қағидалар басшылыққа алынады. Отбасы, 
отбасылық құндылықтардың құрылымы ұсынылып, оларға мазмұндық 
сипаттама беріледі.
«Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы - 
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру әдістемесі» 
атты екінші 
тарауда 
қазіргі 
заманғы 
әлеуметтік-мәдени 
өзгерістер 
жағдайында 
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын 
қалыптастырудың 
құрылымдық-функционалдық 
моделі 
жасалынып, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері айқындалады. 
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары нақтыланады. 
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік 
құндылықтарының қалыптастыруды диагностикалау жұмыстары жүргізіледі.
«Қазіргі заманғы отбасының құндылықтары» атты элективті курстың 
бағдарламасы және «Отбасылық өмірге дайындаудағы психологиялық 
тренингтер» топтамасы, «Студенттердің отбасы-адамгершілік құндылықтарын 
қалыптастыру негіздері» атты оқу-әдістемелік құралы әзірленеді. Тәжірибелік-
эксперименттік жұмыстың ұйымдастырылу барысы мен нәтижелері 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет