Рибосомалық РНҚ – рибосома құрамына кіреді. Бұл р-РНҚ ядрошықта
түзіледі. Қызметі: нәруыз синтезіне қастысады және құрылымдық
материал болып табылады. РНҚ молекулаларының жиынтығының 85%-
пайызын кұрайды.
Рибосомалық РНҚ-лар рибосома субъединицаларының (үлкен және кіші)
құрамына кіреді. Олардың 4 түрі белгілі: 5S-р РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 18S-р
РНҚ, 28S-р РНҚ. Рибосоманың кіші бөлшегі 18S-р РНҚ – ның 1
молекуласынан және 30 ақуыз молекулаларынан құралған. Рибосоманың
үлкен субъединицасы (бөлшегі) - 3 әртүрлі рРНҚ молекулаларынан-5S-р
РНҚ, 5,8S-р РНҚ, 28S-р РНҚ және 45 ақуыз молекулаларынан тұрады.
РРНҚ молекуласының ерекшелігінің бірі-гуанин (Г) және цитозин (Ц)
сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда әлде қайда
көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі,
мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеозидтер. Р-РНҚ-ның екінші
реттік құрылымында қостізбекті учаскелер және ілмекшелер де көптеп
кездеседі.
25-сұрақ Жасушада РНҚ түрлері. РНҚ қызметі. т-РНҚ кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері құрылысы. РНҚ-да ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері
болып рибонуклеотидтер саналады. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық
негіздер-А, Г, Ц, У, бір фосфор қышқылының қалдығы кездеседі.
Нуклеотидтер 5` , 3` – фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан.
РНҚ – негізгі қызметі ДНҚ-дағы сақталынған ақпаратты көшіру, ақуыз
биосинтезін қаматамыз ету.
РНҚ атқаратын қызметі мен құрылысына қарай 3 түрге бөлінеді:
•
Ақпараттық РНҚ – а РНҚ
•
Тасымалдаушы РНҚ – т РНҚ
•
Рибосомалық РНҚ – р РНҚ
Тасымалдаушы РНҚ – ядрода түзіледі
. Көлемі бойынша ең кішкентай
РНҚ. Қызметі: цитоплазмадағы аминқышқылдарды рибосомаға жеткізеді.
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық, яғни әр-бір аминқышқылына 1-
ден 5-6 ға дейін Т-РНҚ –лар болады.
Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер
кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер
көптеп кездеседі-13-15 % , олар: