7.
Инициаторлық кодон
- ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей –АУГ және
метионин аминқышқылын анықтайды (код -инициатор).
8.
Мағыналы-кодтаушы (трансляцияланатын) учаске
- полипептид тізбегі
туралы ақпарат жазылған учаске.
9.
Репликацияға
- ДНҚ молекулаының өздігінен екі еселену қасиеті.
10.
Репарация
- ДНҚ молекулаының зақымданулардан кейін өздігінен қайта
қалпына келу қасиеті
Глоссарий №3
1.
Репликация
- ДНҚ молекуласының екі еселену процесін ДНҚ
репликациясы деп атайды. ДНҚ репликациялануы салдарынан тұқым
қуалаушылық ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз тепе-тең мөлшерде беріліп,
ұрпақтардың жалғасуы қамтамасыз етіледі. ДНҚ репликациясы жасуша
циклінің S – синтетикалық кезеңінде жүзеге асады.
2.
Геликаза
- полимеразалық кешеннің ең алғашқы іске кірісетін ферменті.
Ол аналық ДНҚ молекуласының қос ширатпасының ашылып, жіпшелердің
бір-бірінен ажырасуын қамтамасыз етеді.
3.
Топоизомераза
- түйіндер алдындағы ДНҚ тізбектерінің біреуін үзеді де,
оның бір ұшынан өзіне бекіндіреді, ал екінші ұшы шыр айналып түйіннің кері
ширатылуына алып келеді. Содан кейін тізбек үзіндісі қайта жалғанады.
4.
SSB-ақуыз
- ажырасқан әрбір тізбекпен ерекше SSB-ақуыздар
байланысады, олардың қызметі бір-бірінен ажырасқан жіпшелерді керіп, күні
бұрын жанасып, қос ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады.
5.
РНҚ-праймаза
- активтенген праймаза бір жіпшелі ДНҚ-ның тиесілі
учаскесін матрица (қалып) ретінде пайдаланып қысқа “РНҚ-ұйтқыны”
(праймерлерді) синтездейді.
6.
Достарыңызбен бөлісу: