46
Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс (proctracted social conflict) ирак күрділері ...
топтық мүдделері ұлттық-діни ерекшеліктерге
негізделді.
Әсіресе, араб-сунниттердің елдегі барлық
үдерістерден түбегейлі оқшаулануы араб-сун-
нит тердің басшылығымен 2014 жылы ИШИМ-
нің бас көтеруіне алып келді. Саддам Хусейн
режимі кезінде шешуші саяси посттарда қызмет
еткен зиялылар, әскерилер, діни басшылар ел-
дегі биліктің араб-шииттердің қолына өтуіне
қарап тұра алмады. ИШИМ бой көтерген
2015-2017 жылдар аралығында Ирактағы
орын хаостан аман қалған тек қана ИКАА ғана
болды. Ирак күрділерінің жасақтары болып
табылатын Пешмергалар автономиялық аумақ-
тың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алды.
ИШИМ-ның себебімен Ирактың мемлекет ретін-
де өз аумағындағы саяси тұрақтылық пен қауіп-
сіздігін қамтамасыз ете алмауы, ал, керісінше,
ИКАА-ның тұрақтылықты сақтап қалуы Ирак
күрділерінің сецессионистік қозғалысы идеясын
оятуына алып келді.
3.
Басқару және мемлекеттің рөлі
1970 жылғы Ирак Конституциясы бойынша
заң шығарушы орган ретінде Ұлттық Ассамблея
(Әл-Меджлис Әл-Ватани) құрылды. Ұлттық
Ассам блеяның басым бөлігін негізі араб-суннит-
тер ден тұратын әскерилер құрады. Алайда,
Ассамблеяға қатысты сайлау тек 1980 жылы
маусымда Ирактың жаңа әскери президенті
Саддам Хусейннің тұсында өтті. 1989-2003
жылдар аралығында жалпы жағдаят өзгере
қойған жоқ.
АҚШ және оның одақтастарының интер-
вен циясынан кейін 2005 жылы Саддам Хусейн
режимі құлаған соң, Ирактың саяси мемлекеттік
құрылымы үлкен өзгерістерге ұшырады. Елдегі
федеративтік парламенттік жүйе қалыптас-
тырылды. Саяси жүйе бір партиялық жүйеден көп
партиялы жүйеге ауысты. 2005 жылы 15 қазанда
Ирак Конституциясы ратификациялау үдерісі
сәтті аяқталғаннан соң, ізін-ала 15 желтоқсанда
275 мүшеден тұратын Ирак Парламентінің
жалпы сайлауы өтті. (Iraqi Election Commission
Fact Sheet, 2005)
Сайлаушылар партиялар мен партиялар
коа лициясының тізіміне сүйене отырып дауыс
беру мүмкіндігін алды. Парламенттік орын
әрбір мухафазаға пропорцианалды өкілет тілік
принципі бойынша бөлінді. Сайлау қоры тын-
дысына орай, Біріккен Ирак Альянсы пар-
тиясы (араб-шииттік блок) 41,19% пайыздық
көрсеткішпен жеңіске жетіп, Парламенттегі 128
орынды иемденді. Ал, Күрді партияларының
коалициясы – Күрдістанның демократиялық
пат риот тық Альянсы 21, 67% көрсеткішпен 53
орынды иемденді. (Iraqi Election Commission
Fact Sheet, 2005) Сайлау нәтижесі бойынша араб-
шииттік блок саяси үстемділікке ие болып, Нури
әл-Малики бастаған коалициялық үкіметтің
құрылуына әкелді.
Күрділердің одан кейінгі сайлаулардағы
көрсеткіші төмендей бастады. 2010 жылғы
парламент сайлауында күрді альянсы 14.59%
көрсеткішпен 43 орынға ие болса, 2014 жылғы
сайлауда КДП 6,55% көрсеткішпен бар-жоғы
19 орын, КПО 6,07 % көрсеткішпен 19-орынды
иеленіп, бұрынғыдан да төмен саяси позицияға
жайғасты. (Chulov, 2010) Бұл, бірте-бірте Ирак
күрділерінің Ирактағы саяси салмақтарының
азаюына, ИКАА-ға қатысты мемлекеттік саяси
шешімнің жасалу үдерісіне қатысты ықпалының
азаюына алып келді.
Ал, 2014 жылғы ИШИМ-ның бас көтеруімен,
Ирактың мемлекеттік басқару жүйесіндегі хаос
жағдайы мен мемлекеттік саяси құрылымындағы
дағдарысы ИКАА-ның елдегі саяси жағдайдан
толықтай оқшаулануына әкелді. Оның үстіне,
елдегі саяси билік бірте-бірте араб-шииттердің
қолына өтуі – Ирак күрділердің бұдан әрі
Конституцияда бекітілген құзіреттіліктердың
орындалу үдерісін қиындатты.
4.
Достарыңызбен бөлісу: