41
С. Парпиев, У. Омарова
ласып, қақығысушы үкіметтің
немесе азшыл
топтардың мүддесін қолдайды. Сол арқылы
қақығысты біржолата шешуге ұмтылады.
Себебі, жаһандану заманында халықаралық
үрдістердегі «шекаралардың» әлсіреуі кез кел
-
ген қақтығыстың бір аумақтан екінші аумаққа
ауысу мүмкіндігін жоғарылатады. Сондықтан,
араласушы өзге мемлекеттер қақтығыстың сол
аумақтан сыртқа шығып кетпеуін қамтамасыз
ету мемлекеттік қауіпсіздіктің басты міндеті са
-
найды. (Azar &
Chung In Moon, 1986:399)
Кейде, керісінше, мемлекеттердің өзге
мем лекеттегі ішкі қақтығыстарға араласуы –
реалистік тәсілмен түсіндіріледі. Қақтығысқа
араласу арқылы мемлекет көрші мемлекетті
әлсірету, ондағы бар ресурстарды өз мүддесіне
пайдаланып қалуға ұмтылады. Көрші мемле-
кеттегі дағдарыс арқылы сол мемлекеттің өзіне
тәуелділігін күшейту қақтығысқа араласушы
мемлекеттің негізгі мүддесі болуы да мүмкін.
Осылайша, қақтығысушы екі тарап сыртқы
байланыстар арқылы үшінші тараптан (жекеле
-
ген мемлекеттен
немесе алпауыт держава дан,
халықаралық ұйымдардан) көмек, қолдау алады.
Үшінші тараптан көрсетілетін қолдау – қаржылай,
әскери түрде, кейде саяси-эконо микалық санкция
жасау арқылы жүзеге асады. Соның нәтижесінде
қолдау алған екі тарап арасындағы қақтығыс одан
әрі шиеленісе түседі. Сәйкесінше қақтығыстың
мерзімі одан әрі ұзара түседі.
Жоғарыда талқыланған тұжырымдарға
сүйене отырып, бұл зерттеу Азардың ұзақ мер-
зімді әлеуметтік қақтығыстың туындау кон
-
цепцияларын Ирак күрділері сецессионистік
қозғалысының алғышарты тұрғысынан талдауға
ұсынады. Осыған байланысты, топтардың
қоғам дық құрылымы (communal content), адами
негізгі қажеттіліктерінің қамтамасыз етілмеуі
(deprivation of human needs),
басқару және
мемлекеттің рөлі (governance and the state’s
role), халықаралық байланыс (international
linkages) элементтері негізінде Ирак күрділері
сецессионистік қозғалысының қалыптасуы мен
орын алуын сараптайды.
Достарыңызбен бөлісу: