С. Парпиев*, У. Омарова



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198403
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ары қарай
– КПО) құрды. [McDowall, 
2004:307]
1960 жылдан бастап Араб әлемінің бірігуі мен 
панарабтық қоғалыстың сәтсіздігі белгілі болды. 
БАР ыдырап, Мысыр және Сирия мемлекеттері 
жеке тәуелсіз мемлекеттер болып қалыптасты. 
Бұл Касемге бұдан былай Ирактың тәуелсіздігіне 
панарабтық қозғалыстан келетін қауіптің 
сейілгендігін аңғартты. Оның үстіне Ирактың 
солтүстігіндегі күрділер қоныстанған аймақта 
күрді әскери күші – «Пешмерга» әлеуетінің 
өсуі, КДП рөлінің нығаюы Касем үшін Ирактың 
егемендігі мен аумақтық біртұтастығына үлкен 
қауіп төндіретіндігі мәлім болды. Оның үстіне, 
Касемнің Күрді автономиясына қатысты берген 
уәдесі Ирак күрділері арасындағы моральдық-
материалдық дайындық үдерісін күшейтті. 
Касем үкіметі мен Барзани бастаған КДП 
партия өкілдері арасындағы күрес осы тұстан 
басталды. 1961-1968 жылдар арасындағы Ирак 
мемлекеттік армиясы мен күрділер арасындағы 
қақтығыстар Ирак күрділерінің пайдасына 
ше шілді. Бұл Касем және оның ізбасарлары 
арасындағы өзара түсініспеушілік және қарама-
қай шылықтар, Ирак күрділерін жазалаушы 
жорық тардың дұрыс ұйымдастырылмауымен 
бай ланысты болды. Бұл 1968 жылы Өкімет 
басына БААС партиясы өкілдерінің келуімен 
аяқталды. 
БААС үкіметі мемлекеттің ішінде арабтан-
дыру саясатын белсенді қолға алды. Саддам 
Хусейн басшылығымен БААС Үкіметі 1970 


44
Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс (proctracted social conflict) ирак күрділері ...
жылдары азшыл ұлт өкілдері тығыз қоныстанған 
аймақтан ұлт өкілдерін қудалау әрекетін жүзеге 
асырды. Нәтижесінде бір ғана 1978 және 1979 
жылдары 600 күрді ауылы өртеніп, 200 000-ға 
жуық күрд елдің басқа аймақтарына күштеп жер 
аударылды. Арабтандыру саяси кампаниясы 
араб-күрді ұлтаралық қақтығыс сипатында 
жүзеге асты. Күрділерден босатылған елді-
мекендерге араб ұлт өкілдері қоныстандырылды. 
Осы үдерістер барысында Ирак күрділерінің 
ұлттық қаһарманына айналған Мұстафа Барзани 
қаза тапты. Ал, партия басшылығы оның баласы 
Масуд Барзаниға өтті. 
Иран-Ирак соғысы кезінде Ирак үкіметі 
қайтадан күрділерді жазалау саясатын іске 
асырды. Саддам Хусейн күрділерді Иран-Ирак 
соғысында Иранды қолдады деп айыптады. Күр-
ділерді жазалау операциясы барысында Ирак 
Үкіметі тарапынан күрділерге қарсы химия лық 
қарулар қолданылды. Бұл күрділер ара сында 
орасан адам шығынына ұшыратты. Саддам 
Хусейннің бұл әрекеті халықаралық қауым-
дастықта резонанс тудырды. Алайда, халық-
аралық қауымдастық тарапынан Ирак үкіметіне 
қатысты еш шара қолданылмады. Халық аралық 
қауымдастықтың 
немқұрайлы 
реак циясы 
Саддам Хусейн үкіметіне күрділерді жаза лау 
операциясын жалғастыруына мүмкіндік берді. 
Күрділерге қатысты жазалау шараларының 
екінші, ең ауқымды толқыны 1987 жылғы 29 
наурыздан 1989 жылғы 23 сәуір аралығында 
жүргізілді. Жазалау операциясы «Анфаль» 
деп аталды. Саддам Хусейн мен Али Хасан 
Аль-Маджидтің басшылығымен ирак әскері 
күрділерге қарсы тағы да жаппай химиялық 
қаруды кеңінен қолданып, соның нәтижесінде 
2000-ға жуық күрді елді-мекендері жойылды 
және 50 000-ға жуық ирак күрділері қаза тапты. 
Күрдтердің ірі қаласы Кала Дизех (халқы 70 
000 адам) Ирак армиясының шабуылынан кейін 
толығымен жойылды. Бұл миллионға жуық 
күрділердің әп-сәтте босқын болуына алып 
келді. [Leezenberg, 2005:636]
1991 жылы Парсы шығанағы соғысынан 
кейін күрділердің мәселесі Біріккен Ұлттар 
Ұйымы (
ары қарай
– БҰҰ) деңгейінде қаралып, 
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 688 резолюциясы 
қабылданды. 688 резолюцияға сәйкес, АҚШ 
және оның одақтастары тарапынан Ирактың 
солтүстігінде – Ирак Күрдістан аумағында 
ұшақ ұшпайтын режимін орнатылды және күрді 
босқындарына баспанамен қамту мәселесін 
шешу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 
1991 жылдың соңына дейін аймақтан Ирак 
әскерлері шығарылды. Бұл Ирак Күрдістанының 
өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. 
[Leezenberg, 2005:636]
Ирак Күрдістанда де-факто автономиялық 
аймақ қалыптастырылды. Жаңа құрылған 
автономиялық аймақтағы басқару құқығы КДП 
мен КПО-ға жүктелді. Масуд Барзани мен 
Жалал Талабани бастаған екі партияның өкілдері 
автономиялық аймақтағы билік пен басқару 
жүйесін қалыптастыруға кірісті. Аймақты 
басқару билігі екі саяси блок тарапынан теңдей 
екіге бөлінді. Демек, Ирак күрділері ұзақ 
кезеңді қақтығыстар мен күрес арқылы де-факто 
мемлекеттік институтты қалыптастыра алды. 
Оның үстіне, Халықаралық қауымдастықтың 
Ирак Күрдістан аумағына Ирак үкіметінің қол 
салуы және араласуын тоқтатуын қадағалауы 
ИКАА-ның оқшаулануына алып келді. ИКАА 
де-факто өз аумағында жеке мемлекет ретінде 
өмір сүруіне мүмкіндік алды. 
Ирак күрділері АҚШ және оның одақтас-
тарының Иракқа қарсы соғысында маңызды 
рөл атқарды. Күрд партиялары 2003 жылдың 
көктемінде соғыс кезінде Ирак үкіметіне қарсы 
коалиция күштерімен бірікті.
2005 жылы Саддам Хусейн режимі құлаған 
соң Ирактың федеративті мемлекет ретінде ай-
қындайтын жаңа Конституция қабылданды. 
Жаңа Конституцияға сәйкес, Ирак өзіндік авто-
номдық құқығы бар аймақтар мен мухафа-
залардан тұрды. Ал, Күрді автономиялық ай-
мақта 1992 жылы қалыптастырылған аймақ тық 
басқару жүйесі мен заңнамалары консти ту-
циялық тұрғыдан мойындалды. Демек, Ирак 
күрділерінің автономиялық аймағының (ИКАА) 
мәртебесі алғаш рет мемлекеттік заң дең-
гейінде бекітілгендігін аңғаруға болады. Жаңа 
Конституцияға сәйкес, Ирактағы кез кел ген 
аймақ Ирак ішіндегі басқа аймақтармен бірі-
гуге немесе бөлінуге құқығы бар. Алайда, 2015 
жылдың аяғына дейін Иракта ешқандай жаңа 
аймақтар пайда болған жоқ және ИКАА Ирак-
тағы жалғыз аймақтық үкімет болып қала берді.
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет