С. Парпиев*, У. Омарова



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198403
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Ирак күрділері мен мемлекеттің халық­
аралық байланысы
1) Түркиямен байланыс
ИКАА-ның 1992 жылдан бастап де-факто 
тәуелсіз квази-мемлекеттік субъект ретіндегі 
әрекет етуі оның Саддам Хусейн режимі 
құла ғанға дейін де, пост-саддамдық кезеңде 
халықаралық байланыстар орнатуына, келіссөз 
жүргізуіне мүмкіндік берді. Әсіресе, Түркия 
ИКАА-дағы болып жатқан өзгерістерді әрқашан 
өз бақылауында ұстап отырды. Түркия шын 
мәнінде, күрді мәселесіне қатысты жағдайларға 
аса ұқыптылықпен қарауға мәжбүр. Себебі, өз 
аумағында да әр түрлі дереккөздерге сүйенсек 
15-25 миллиондай күрділер өмір сүреді. Жалпы, 
күрділердің жалпы ұлттық интеграциясы Түркия 
үшін мемлекеттік қауіпсіздік деңгейіндегі 
маңызды қауіп болып табылады.
Алайда, соған қарамастан соңғы 30 жыл 
бойы Түркия үкіметі ИКАА-ға қатысты 
байыпты саясатты жүзеге асырып отырды. 
Түркия үшін ИКАА экономикалық тұрғыдан 
таптыр майтын серіктес болып саналады. Әрине, 
Түркияның ИКАА-мен байланысының мотивы 
әр түрлі. ИКАА Түркияның Сириямен шекаралас 
аумақтарымен салыстырған барынша тұрақты 
аумақ болып табылады. Жалпы, Сириядағы 


47
С. Парпиев, У. Омарова
кризистен кейінгі босқындардың Түркия аума-
ғына үздіксіз ағылуы, Түркия аумағында 
террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан 
жұмысшылар партиясының (КЖП) Сириямен 
шекаралас аймақтарында әрекет етуі сияқты 
мәселелер Түркия үшін бас ауыртарлық жағдай 
болып табылады. (Back Matter, 2017) Осы 
жағдайлармен салыстырған Солтүстік Ирактағы 
ИКАА-ның саяси тұрақты болуы Түркияға 
аймақтағы жағдайларды бақылауда жеңілдіктер 
береді. Сонымен қатар, Түркия соңғы 30 жылда 
Ресей мен Ираннан келетін энергетикалық 
ресурстарды Таяу Шығыстан Еуропа және 
Атлантикалық аймаққа өткізуде көліктік хаб 
қыз метін атқарып келді. Таяу Шығыстағы кез 
келген тұрақсыздық пен хаостық жағдай Түр-
кияға экономикалық тұрғыдан да орасан шығын 
алып келеді. Ал, ИКАА-мен қауіпсіз байланыс 
және экономикалық қарым-қатынасты дамыту 
Түркияның экономикалық қарым-қатынасын 
диверсификация жасауға мүмкіндік береді. 
ИКАА үшін де Түркия ең негізгі экономи-
калық серіктес болып саналады. Түркия ИКАА 
аумағындағы ең үлкен шетелдік инвестор. 
ИКАА аумағындағы тұрмыстық тауарлардың 
80% Түркияның үлесінде. Түркия мен ИКАА-
ның арасындағы тауарайналым 2009 жылы 4 
миллиард доллар болса, 2015 жылы 8,5 милли
-
ардты құрады. (Ekurd Daily, 2014) Қауіпсіздік 
тұрғысынан қарағанда ИКАА басшылары 
Түркияға Ирак пен Сирияның шекаралас ау
-
дандарында жасырынған КЖП өкілдерін жа
-
залау шараларын жүзеге асыруда үлкен қолдау 
білдіреді. 
2) АҚШ­пен байланыс 
ИКАА-ны қоспағанда, Ирак 2003 жылы 
АҚШ және оның одақтастарының интервенция
-
сынан кейін үлкен өзгерістерге ұшырады. Елдегі 
ұлт және дінаралық зорлық-зомбылық қарым-
қатынастар АҚШ күткендегідей нәтижелерге 
алып келмеді. Ирактың Орталық Үкіметі АҚШ 
белгілеген көптеген саяси талаптарды орын
-
дай алмады. Алайда, 2003 жылғы соғыстың 
қорытындысы бойынша Күрділер бұрынғыдан 
да көп автономияға ие және елдің қалған бөлік-
теріне тән өз аумағында діни зорлық-зомбы-
лықтан зардап шекпеді. 
АҚШ-тың мүддесі бойынша тәуелсіз күрд 
мемлекетін құру АҚШ-тың құндылықтарына 
сәйкес келетін зайырлы, өзін-өзі қолдайтын 
демо кратиялық субъекттің пайда болуы
-
на мүм кіндік жаратар еді. Сол кездегі АҚШ-
тың пре зиденті Дж. Буш Иракта және Таяу 
Шығыстың қалған бөлігінде демократияның 
таралуы Ирак соғысының және АҚШ-тың 
Иракқа интервенциясының негізгі себебі деп 
дәйекті түрде мәлімдеді. Демократияның та
-
ралуы гуманистік тұрғыдан моральдық мақсат 
болса да, демократияның ұлт және дінаралық 
қақтығыс деңгейі жоғары аймақтарда өркендеуі 
екіталай құбылыс. Ал, Күрді аумағының 
тәуелсіздігін қолдау демократияның тұрақты 
аймақта орнығуына мүмкіндік береді. Соны
-
мен қатар, ИКАА-ның Ирактың кез келген 
бөлігіне қарағанда демократиялық басқаруға 
қатысты тәжірибесі көп. 1992 жылдан бастап 
Күрдістанда бес парламенттік сайлау өтті. Егер 
АҚШ Таяу Шығыста демократияны таратуға 
шынымен дайын болса, күрд мемлекеттілігін 
қолдау – бұл жерде демократияның қалай 
өркендейтінін көрсетудің ең жақсы мүмкіндігі 
ретінде қарастырылды. (Hadji, 2009:537)
ИКАА-дағы көп партиялық жүйе мен за
-
йырлы демократия америкалық құндылықтарды 
бейнелейді. Зайырлылық пен діни сөз бос-
тандығы – АҚШ конституциясында берік бекі-
тілген негізгі гуманистік құндылықтар болып 
есептелінеді. (Hadji, 2009:538) Ал, керісінше, 
билік басына келген Ирак араб-шииттері Ис
-
лам діні мен шариғат заңдары Ирак заңдарының 
негізі болуы керек деп санайды. Үкіметтегі 
діннің тиісті рөлі туралы өзара келіспеушіліктер 
Ирактың барлығына жауапты кез келген орта-
лықтандырылған Үкіметтің тиімділігіне кедергі 
келтіреді. 
АҚШ-тың позициясы бойынша тәуелсіз 
күрді мемлекеті халықаралық қауымдастық 
үшін қаржылық ауыртпалық тудырмайды деп 
күтілді. Бұған ИКАА-ның соңғы жылдары 
Ирак мемлекетінен бөлек, тәуелсіз саяси субъ
-
ект ретіндегі шетелдік пайдалы қазбаларды 
өндіретін, экспорттайтын трансұлттық компа
-
ниялармен дербес келіссөз жүргізуі, әлеуметтік-
экономикалық тұрғыдан дербес өмір сүре алуы 
бұған дәйек бола алады. Осы факторлар, АҚШ 
пен ИКАА арасындағы өзара сенім білдірушілік 
қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет