40
Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс (proctracted social conflict) ирак күрділері ...
алауыздыққа» алып келеді. Үкімет пен топтар
арасындағы мүдделер қақтығысы қоғамдағы
зорлық-зомбылықтың
қайнар көзі болып табы
-
лады. (Azar, Jureidini & McLaurin, 1978:57)
Бұл алғышарт көптеген адамдардың әлеу-
меттік топтарға тәуелділігін де білдіреді. Ұзақ
мерзімді әлеуметтік қақтығыстар орын алатын
аймақтардағы үкіметтер көбінесе белгілі бір ұлт
өкілдерін немесе әлеуметтік топтардың негізгі
адами қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмайды.
Үкіметтің осыған қатысты қабілетсіздігі неме се
елемеушілік әрекеттері адамдардың тұрақ тылық
үшін өздерінің әлеуметтік топтарына жүгінуіне
мәжбүрлейді. Нәтижесінде
пайда болған әлеу-
меттік топ пен мемлекеттің идеялық және
материалдық тұрғыдан бөлінуіне алып келеді.
Бұл мемлекеттік биліктегі белгілі бір жеке
топтардың басқаларға қарағанда үстемдігіне
әкеледі. Үстем топ өзін басқа топтардың қажет-
тіліктерінен оқшаулайды. Ал, оқшаулану
этникалық топтың ішінара немесе жалпы
қоғамдық фрагментациялануына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: