38
Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыс (proctracted social conflict) ирак күрділері ...
елдерді қоныстанған күрді диаспораларының
мәселелері жайлы зерттеулер базасы кең-ақ.
Дегенмен, сецессионистік
қозғалыс концеп
-
циясы аясындағы жүргізілген зерттеулер саны
салыстырмалы түрде шамалы. Тек, бірнеше
авторлар ғана бұл тақырыпқа ұқсас мәтіндік
тұрғыдан зерттеу жүргізген. Солардың бірі Хан
-
на Фрейдж (Hanna Yousif Freij) болып табыла
-
ды. Фрейдж ирак күрділерінің саяси күштерін
ішінара партиялар әлеуеті деңгейінде сараптай
келе күрді сецессионистік қозғалысының тари
-
хи әр кезеңдегі әлеуетін қарастырады. Алдымен,
Күрді демократиялық партиясы (КДП), сосын
осы партиядан
идеялық айырмашылыққа бай
-
ланысты бөлініп шыққан Күрдістан Патриоттар
Одағының (КПО) саяси әрекеттерін талдайды.
Соңғы жарты ғасыр бойы қалыптасқан
саяси
күштердің идеологиялық негіздерінің даму саты
-
ларын, идеологиялық бағытты қалыптастыруға
әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды
анықтай сипаттама беруге тырысады. (Freij,
1998) Ізін ала, Ханнес Черны (Hannes Černy)
Ирак күрділері саяси күштерінің сецессионистік
қозғалысқа қатысты бірігушілік мәселесін
қозғайды. Ирак күрділерінің тәуелсіз мемлекет
құруға қатысты позицияларының ортақ тұстары
мен қарама-қайшы тараптарын табуға тырыса
-
ды. Черныдың сипаттауынша, Ирак күрділерінің
сецессионистік
позициясының ортақтығы мен
қарама-қайшылығы саяси күштердің сырттан
келетін қолдауға тікелей байланысты. (Černy,
2014) Ал, Зеки Сарыгыл (Zeki Sarigil) мен Экрем
Каракодж (Karakoc) Ирак күрді сецессионистік
қозғалысының қолдайтын көршілес және өзге
де мемлекеттердің мүдделерінің болмысын
ашуға талпынады. Әсіресе, АҚШ және Израиль,
Түркия мемлекеттерінің мүдделері негізделеді.
Сарыгыл мен Каракодждың сипаттауынша дәл
сыртқы фактор – үшінші тарап (мүдделі мемле
-
кеттер) сецессионистік қозғалыстың сәтті/сәтсіз
аяқталуына ең басты рөлді ойнайды. (Sarigil &
Karakoc, 2016)
Джихан Мохаммед (Jihan A. Mohammed)
және Абдулла Альреб (Abdullah F. Alrebh)
2017 жылғы референдумнан кейінгі Ирак күрді
сецессионистік қозғалыстың не үшін сәтсіздікке
ұшырағандығын саяси және экономикалық
аспектілері тұрғысынан түсіндіруге тырыса
-
ды. Мохаммед және Альребтың сипаттауын
-
ша, қазіргі кезеңдегі Ирак күрділерінің саяси
және экономикалық жағдайы саяси партия
-
лар арасындағы өзара байланыстар мен тиесілі
партияға қатысты адалдыққа (loyalty) негіз-
делген. Бұл жағдайда ортақ ұлттық мүдде мен
бірыңғай идеялар шешу және маңыздылық
жағынан екінші деңгейде қалады. Ғалымдардың
пікірінше, Ирак күрділері дәл осы дәстүрлі
әлеуметтік-саяси құрылымдық барьерден өте
алмай келеді. Осылайша Ирак күрдтерінде
тәуелсіздікке жету үшін біртұтас көзқарас,
идеология және орталықтанған басшылық не
-
месе күшті лидер жоқ. Саяси тұрғыдан күрді
партиялары референдумның
мерзімдері мен
заңдылығына қатысты өзара келісімді таба алма
-
ды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Ирак күрді
басшылығы Ирак Күрдістан Автономиялық
аймағында (ИКАА) 2017 жылғы референдумға
реакция ретінде енгізілген санкцияларға төтеп
бере алатын тұрақты саяси экономика құра ал
-
мады. (Mohammed & Alrebh, 2020)
2) Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстар
тақырыбына қатысты зерттеулер
Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстар тақы-
рыбына қатысты зерттеулерді тақырыптық және
ғылыми бағыты бойынша бірнеше топқа бөлуге
болады.
Алдымен, ұзақ мерзімді әлеуметтік қақты-
ғыстардың болмысы мен табиғатын, шығу
факторларын сипаттайтын зерттеулер тобын
атауға болады. Бұл топтың негізгі өкілі ретінде
Э. Азарды (Edward Azar) келтіруге болады.
(Azar, Jureidini & McLaurin, 1978; Azar & Chung
In Moon, 1986) Себебі, ұзақ мерзімді әлеуметтік
қақтығыстар феноменін ғылыми түрде зерделеп,
жүйелеген Э. Азар болып табылады. Азар ұзақ
мерзімді қақтығыстардың алғышарттарына көңіл
бөледі. Бұл қақтығыс феномені кездейсоқтықтан
пайда болмайтындығын, оның қалыптасуы мен
дамуына алғышарт
бола алатын факторларға
байланысты екендігін атап өтеді. Ізін ала, Оли
-
вер Рэмсботэм (Oliver Ramsbotham) Азардың
концепциясын қолдай отырып, ол қырғи-қабақ
соғыстан кейінгі халықаралық және әлемдік
сая си үдерістердегі ірі қарулы қақтығыстардың
ұзақ мерзімге созылу көздерін түсіну үшін
пайдалы нұсқаулар ұсынады деп бағалайды.
(Ramsbotham, 2005)
Ұзақ мерзімді әлеуметтік қақтығыстар
тақырыбына қатысты зерттеулердің екінші
легі осы қақтығыстарды реттеу және шешу
механизмдеріне бағытталған. Дин Пруит (Dean
Pruitt) және Ким Сун Хи (Kim Sung Hee) ұзақ
мерзімді қақтығыстың
шешімі ретінде орын
алған қақтығыстан «жеңімпаз» жақтың шығуын
нұсқайды. Осы бағытты жалғастыра, «жеңімпаз»
тараптың шығу үдерісін Филип Шрод (Phillip
A. Schrodt) түсіндіреді. Шродтың пікірінше,
қақтығыстың шығуы мен оның ұзаққа созы
-
39
С. Парпиев, У. Омарова
луы қақтығыс қатысушыларын (субъектілерін)
жан-жақты титықтатады. Ал, бейбіт бітімге
келудің (компромисске келу) құны қақтығысты
жалғастыру құнынан артық болады. (Schrodt,
1983) Бұл тараптарды өз мүддесін қолдайтын
сыртқы күштерге жүгінуге итермелейді.
Тараптардың қайсы бірі екіншісіне қарағанда
күштірек қолдау тапса, «жеңімпаз» анықталады.
(Pruitt & Kim, Sung Hee, 2004) Себебі, әрқашан
кез келген қақтығысқа қатысты өз мүддесі бар
үшінші тарап – сыртқы күш табылады.
Қорыта келе, Ирак күрділердің сецессио-
нистік қозғалысы
мен ұзақ мерзімді қақты-
ғыстарға қатысты зерттеулер өзіндік тақы-
рыптық мағынаға ие және болашақтағы
зерттеулерге тиімде база бола алады. Ирак
күрділерінің сецессионистік қозғалысының
шығу себептерін ұзақ мерзімді қақтығыстар
тұжырымы тұр ғысынан түсіндіру бұл зерттеудің
өзге зерттеулерден айырмашылығын көрсетеді
және қазақ тілді халықаралық қатынастар
саласындағы алғашқы зерттеулердің бірі бо
-
лып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: