Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет102/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Кіші эпилепсиялық ҧстама 
(petit mal) – кенеттен қысқа уақытқа сана 
сӛнуімен тырысусыз ҧстама, бҧл уақытта науқас қҧламайды, бастапқы 


~ 162 ~ 
қалпында қалады. Ҧстама бірнеше секундқа созылып, толығымен 
амнезияланады.
Ҥлкен және кіші эпилепсиялық ҧстамалар генуиндік және 
симптоматикалық эпилепсияның клиникалық кӛрінісін қҧрайды.
Джексон ҧстамасы
– бір жақтық тырысулық ҧстама, анық сана 
жағдайында бір қол немесе аяқта пайда болып, дененің бір жартысына 
генерализацияланады. Ҧстаманың жоғарғы шегінде сана кҥңгірттенуі 
мҥмкін. Мҧндай ҧстама бас миының органикалық зақымдануының белгісі.
Невротикалық синдромдар
Невротикалық синдромның ерекшелігі бҧзылыстар деңгейінің терең 
еместігі болып табылады, мҧнда тек астениялық, аффективті симптомдар 
және невротикалық (обсессивті, фобиялық, истериялық, сандырақсыз 
ипохондриялық) бҧзылыстар жатады. Бҧл паталогияның айырмашылығы 
психикалық бҧзылыстардың парциальдылығы, оларға деген сыни 
кӛзқарастың болуы, дертті тҥсіне білу, қоршаған ортаны адекватты қабылдау 
және 
психикалық 
функцияның 
әлсіздігімен 
бірге 
жҥретін 
мол 
соматовегативті симптоматика. Невротикалық синдромдар қҧрылымында 
заттық сана бҧзылыстары, сандырақ идеялар, галлюцинациялар, деменция, 
маниакальды жағдай, ступор, қозу болмайды. Нағыз невротикалық 
бҧзылыстар кезінде тҧлға қасиеті сақталады. Сонымен қатар, қоршаған орта 
зиянды әсері тҧлға, оның реакциялары, оның әлеуметтік болмысы арқылы 
іске асады. Кӛрсетілген барлық ерекшеліктер осы бҧзылыстарды норма мен 
патология, соматикалық және психикалық аурулар арасындағы шекарада 
орналасқан 
шекаралық психикалық патология 
деп квалификациялауға 
мҥмкіндік береді.
Әрбір невротикалық синдромдардан сәйкес невроздың клиникалық 
кӛрінісі қамтылады. Алайда әрбір невротикалық синдром психоз шеңберінде 
анықталуы мҥмкін – психопатологиялық симптоматиканың әлсіз кҥрделенуі 
жағдайында. Бҧл жағдайларда олар 
невроз тәрізді
деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет