Қарауытқан жағдай – терең сана бҧзылысының
әртҥрлі ҧзақтықтағы пароксизмдері, қабылдау
шеңберінің кенеттен тарылуымен, осы шеңбер
деңгейінде кҥрделі әрекеттер жасау мҥмкіндігімен,
қоршаған ортаны бағдарлау бҧзылысымен және
осы кезеңнің толық амнезиясымен жҥреді.
Қарауытқан
жағдайларға
амбулаторлық автоматизм ҧстамалары жатады, бҧл уақытта сана
бір сәтте жоғалып, науқас автоматталған, сырттай
кӛзге дҧрыс кӛрінетін әрекеттерін жалғастыра
Аментивті қозу береді: кӛшеде жҥру, транспортты қолдану, қағаз
бетіне қаламсаппен жазу, киім тігу. Есін жинаған кезде, ол ӛзінің таныс емес
кӛшеде не істеп жҥргенін білмейді, ӛз іс-әрекеті нәтижесіне таң қалады, не
болғанын есіне тҥсіре аламайды. Амбулаторлық автоматизмнің ҧзағырақ тҥрі
транс деп аталады: науқас бӛтен қалаға кетіп қалады, саяхат жасайды, басқа
жҧрттың кӛңілін аударатындай әрекет жасамайды. Балалық және
жасӛспірімдік шақта сомнабулизм («лунатизм») жағдайлары болуы мҥмкін –
тҥнгі ҧйқы кезінде ӛте кҥрделі автоматтандырылған қимылдар жасау. Сана
қарауытуы жағдайындағы науқас әрекеттерін басқаратын елестер шеңбері
дертті ӛнімдерден тҧрады – галлюцинация, сандырақ, жедел қорқыныш және
ашу аффекті. Мҧндай жағдай кҥтпеген жерден айналадағыларға мотивсіз
шабуылдармен, қатігездікпен кісі ӛлтірумен, ызалы қозу жағдайымен
кӛрінеді. Қарауытқан жағдайдан шығу оның басталуы тәрізді кенеттен
болады.
Сананың қарауытқан бҧзылыстары эпилепсиялық ҧстамалардың
эквиваленті болып табылады және тырысуларға бейім адамдарда пайда
болуы мҥмкін – эпилепсияда, бас миының органикалық патологиясында.
~ 161 ~
Ҧстамалар Ҧстамалар – кенет дамитын, қысқа уақыттық, қайталануға бейім, сана
бҧзылысымен, тырысулармен немесе басқа да еріксіз қозғалыстармен және
вазовегативті реакциямен кӛрінетін ҧстамалар.