Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет110/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

F7 Кемақылдық: 
 
F70 – жеңіл дәрежелі кемақылдық 
F71 – орташа дәрежелі кемақылдық 
F72 – ауыр дәрежелі кемақылдық 
F73 – терең дәрежелі кемақылдық 
F78 – басқа 
F79 – анықталмаған 
F8 Психологиялық даму бҧзылысы: 
 
F80 
– 
сӛйлеу дамуының бҧзылысы 
F81 – мектептік дағдылар дамуының бҧзылысы 
F82 – қимылдық функциялар дамуының бҧзылысы 
F83 – дамудың аралас бҧзылыстары 
F84 – балалық аутизм және дамудың жалпы бҧзылыстары 
F88 – дамудың басқа бҧзылыстары 
F89 – анықталмаған 


~ 172 ~ 
F9 Әдетте балалық және жасӛспірімдік шақта басталатын жҥріс-
тҧрыстық және эмоциональды бҧзылыстар: 
 
F90 – гиперкинетикалық бҧзылыс 
F91 – жҥріс-тҧрыс бҧзылысы 
F92 – жҥріс-тҧрыс пен эмоцияның аралас бҧзылысы 
F93 – ҥрейлі, фобиялық және басқа бҧзылыстар 
F94 – әлеуметтік функциялау бҧзылысы 
F95 – тикозды бҧзылыстар 
F98 – энурез, энкопрез, кекештену, тамақтану бҧзылысы 
F99 Анықталмаған психикалық бҧзылыс
 
 
11 ТАРАУ
ПСИХИКАЛЫҚ НАУҚАСТАР ТЕРАПИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 
 
Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар 
терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері 
Психиатрияның 
заманға 
сай 
даму 
ерекшеліктері 
оның 
психофармакологиямен органикалық тығыз байланыста болуы. Біздің 
ғасырымыздың 50-ші жылдарға дейін «психофармакологиялық терапия» 
ҧғымы мҥлде болған жоқ. Психозбен науқастарды шок әдістерімен 
(инсулиншокты, тырысулық терапия, атропинді кома) емдеп, пиротерапияны 
қолданды. Қозуды седативті дәрілер, ҥлкен мӛлшерде ҧйықтататын 
дәрілермен, наркотикалық заттармен, гидропроцедуралармен басатын. 
Симптоматикалық дәрілік және медикаментті емес терапияны (физио-, 
психо- және еңбек терапиясы) кеңінен қолданды. Жедел психоз жағдайларын 
басу мақсатындағы белсенді терапия аса ауқымды болды; кӛрсетілімдеріндегі 
шектеулерге және қарсы кӛрсетілімдеріне байланысты тек науқастардың 
кейбір бӛліктері ғана қамтылды. Максимальды тҥрде алынған терапиялық 
эффект жиі толық емес немесе тҧрақты болмады, біршама уақыт ӛткен соң 
науқас психиатриялық стационарға қайтып оралатын. Шок терапиясының 
қайталамалы курстары олардың тӛмен тиімділігі мен асқынулар қаупінің 
жоғарылығына байланысты ӛте сирек жағдайларда ӛткізілетін. Психоз 
уақытының ӛсуіне байланысты белсенді терапияның тиімділігі тӛмен 
болатыны дәлелденгендіктен, оның созылмалы тҥрге ауысуы науқастың 
әлеуметтік-белсенді қызметке оралуына деген ҥміттің ҥзілгендігін білдірді.
Психофармакологиялық терапияның дамуы фенотиазин мен оның 
тҥрлерін зерттеу мен синтездеуден басталған. Фенотиазиндік қатарға 
жататын аминазин мен басқа да дәрілік заттарды қолдану тәжірибесіне 
байланысты қысқа уақыт аралығында, тек жедел ағымдағы емес, сонымен 
қатар созылмалы ағымдағы психикалық ауруларға едәуір әсер кӛрсететін, 
психикалық сфераға бағытталған әсері бар дәрілік заттың табылғандығы 
мәлім болды. Қазіргі уақытта психикалық қызметке кеңінен (нейролептиктер, 


~ 173 ~ 
транквилизаторлар) 
және 
де 
таңдамалы 
тҥрде 
әсер 
ететін 
психофармакологиялық белсенділігі бар (антидепрессанттар) әртҥрлі дәрілік 
затардың ҥлкен мӛлшері ӛндірілді. Бҧл препараттардың ерекшелігі олардың 
медиаторлық алмасуға салмақ тҥсіруінде: қандай-да медиаторлардың 
синтезін немесе ыдырауын кҥшейту немесе басу, медиаторлар бӛлініп 
шығуын кҥшейту немесе тежеу, олардың синапстық саңылауда жиналуына 
әсер кӛрсетеді және т.с.с. Бҧл препараттардың әсер ету механизмін біле 
отыра біз науқастың психикалық жағдайын реттеп, оның жҥріс-тҧрысын 
әртҥрлі дәрілер комбинациясын қолдану арқылы қалыпқа келтіре аламыз. 
Осылайша, психофармакологиялық терапия әдісінің пайда болуы мен 
дамуының негізгі мәні психикалық науқастарға медициналық жәрдем 
кӛрсету мҥмкіндіктерінің кеңеюінде жатыр.
Психиатрия патогенетикалық дәрілік терапияның тиімді әдісімен 
толықты. Психофармакологиялық кезеңге дейін психозбен ауратын 
науқастарды белсенді емдеуді дәрілермен емес, коматозды, қызбалық, 
тырысулық - жағдайлармен жҥзеге асырды. Науқасты осындай тӛтенше, 
ӛмірге қауіпті жағдайға жеткізу арқылы ағзаның қорғаныс кҥштерін 
мобилизациялауға қол жеткізеді, бҧл жағдай жиі психоз жағдайынан шығуға 
ықпал етеді. Барлық шокты әдістер әсері осыған негізделген. Бҧл емдеу 
әдісіне шокты жағдай қандай жолмен шақырылғанының еш маңызы жоқ. 
Мысалы, тырысулық терапияны ӛткізгенде бастапқыда ағзаға камфора 
немесе коразолдың кӛп мӛлшерін енгізген, кейін келе бҧл мақсатта электр 
тоғын (электро тырысулық терапия) қолдана бастады. Бҧл әдістермен 
салыстырғанда психофармакологиялық терапия дәрілік заттарға, олардың 
аурудың клиникалық кӛрінісіне сәйкес тікелей әсеріне бағытталған. 
Идеологиялық тҧрғыда бҧл фактқа баға беру қиын: соматикалық ауруларға 
кӛрсетілетін медициналық кӛмекті, психиатриялықтан ажырататын соңғы 
шекара сӛне берді. Бҧған дейін аурудың этиологиясы мен патогенезін зерттеу 
арқылы психикалық аурулар соматикалық аурулар шақырған себептермен 
шақырылуы мҥмкін екендігі, ал соматикалық, психикалық салада да 
кҥрделенетін патогенетикалық механизмдер тҥбі бір екендігі дәлелденді, 
ӛйткені олар адам ағзасының қоршаған ортаның қолайсыз, зиянды 
әсерлерінен қорғаанысын және бейімделуін кӛрсетеді. Нақ осылайша 
психикалық аурулар мен олардың терапиясы жӛнінде жаңа білім игеру 
арқылы адам патологиясының жалпы теориясы негізінде психикалық 
аурулар жӛнінде ілімнің материалды негіздері беки тҥсті.
Психофармакологияның дамуына байланысты науқастардың қозу 
жағдайын басу проблемасы толық шешілді. Қалыптасқан дағды кӛмегімен 
кез-келген қозуды жоюға болады. Кӛп жағдайда қозу жойылған соң науқас 
жағдайы қалыпқа келеді, оларды тасымалдау, емдеу мҥмкіндігі туып, 
реабилитациялық іс-шараларды ӛткізуге қолайлы жағдайлар туады. Қозумен 
тиімді кҥресу арқылы психикалық науқастардың қоғамға зиянды 
әрекеттерінің қаупі азайды.


~ 174 ~ 
Психотропты заттар кӛмегімен екінші және ҥшінші кезектегі 
психопрофилактика мәселелерін шешуге болады. Психозды ерте анықтау 
және емдеу психопатологиялық симптоматиканы дерттің бастапқы 
кезеңдерінде ҥзуге мҥмкіндік береді - яғни инициальды кезеңде немесе 
манифестация сатысында. Бҧл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет