Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет111/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

тосқауылдық (тежеу, басу) терапия
стационарда әрбір жеке жағдайға максимальды қажетті дозада жҥргізіледі, ал 
кейде (науқастың әлеуметтік бейімделуіне зиян келтірмес ҥшін) 
амбулаторлық жағдайда жҥргізіледі. Жедел кезең ӛткен соң, психотропты 
дәрілердің тӛмен мӛлшерімен 
сүйемелдеуші терапия
алу ҥшін науқас 
диспансерлік бақылауға шығарылады. Бҧл терапия пайда болған ремиссияны 
тереңдету, болуы мҥмкін психоз асқынуының алдын-алу және науқастың 
әлеуметтік қарым-қатынасын жеңілдету ҥшін қажет. сҥйемелдеуші терапия 
ҧзақтығы мен белсенділігі әрбір жеке жағдайда әртҥрлі. Кейбір науқастарға 
бҧл терапияның 2-3 аптасы жеткілікті, ал кейбіреулерінде ол бірнеше жылға 
созылады, емдеуді тоқтату немесе дәрі-дәрмектің мӛлшерін ӛздігімен азайту 
науқас жағдайын нашарлатады.
Терапиялық тактиканы белсендендіру, емдеу нәтижелілігінің ӛсуі 
психикалық аурудың әлеуметтік аспектілеріне әсерін тигізді. Қазір 
психикалық ауруларды дауасы жоқ дерт ретінде қабылдау тҥсінігі жойылды. 
Психиатриялық ауруханалар есінен адасқан бейкҥнә жандарға лық 
толмайтын болды. Науқастардың қозуын жою арқылы психиатриялық 
стационарларда қолайлы, жайлы жағдай жасауға, дәрілік емес терапияны 
кеңінен қолдану (психотерапия, еңбек терапиясы, музыка терапиясы, емдік 
дене тәрбиесі және т.б.), науқастардың бос уақытын, кӛңіл кӛтерулеріне 
жағдай туғызуға мҥмкіндік пайда болды. Кейбір стационарлар мен 
ауруханалар бӛлімшелері ашық есік тәртібіне кӛшті. Психиатр бақылауы мен 
психиатриялық стационарларға шекаралық психопаталогиялық жағдаймен 
(невроз, психопатия) науқастар жиі тҥсе бастады, бҧл нозологиялық 
формаларды кеңінен зерттеуге мҥмкіндік пайда болды. Науқастардың 
стационарларда емделу мерзімі азайды. Науқасқа стационарлық және 
амбулаторлы мамандандырылған жәрдем беру мәселесі бірінші кезекке 
шықты. Сонымен бірге психикалық аурулармен кҥресу бойынша іс-
шараларды іске асыруда психоневрологиялық диспансерлердің рӛлі ӛсті. 
Науқастардың әлеуметтік бейімделу дәрежесі мен олардың ӛндірістік 
қажеттілігі артты.
Уақыт ӛткен сайын психофармокологиялық терапияның кемшіліктері 
де анықталды. Психотропты дәрілерге сезімталдығы жоқ белгілі бір 
науқастар тобының терапиялық резистенттілігі ӛзекті мәселеге айналды. 
Мысалы, депрессивті науқастар арасында олар 15-30% қҧрайды. 
Резистенттілікті жою ҥшін дәрілердің максимальды мӛлшері қолданылады, 
бірі екіншісіне, белсендірек тҥріне алмастырылады, әртҥрлі дәрілер 
ҥйлестіріліп беріледі, оларды парентеральды (инъекция, кӛктамыр 
ішіне,тамшылатып) енгізу, емді бірнеше кҥнге кҥрт тоқтату арқылы ағзада 
соматикалық және вегетативті ӛзгерістер шақырады (тоқтату синдромы), 


~ 175 ~ 
дәрілер мӛлшерін ӛзгертеді (зигзагтар әдісі) және т.б. әдістер қолданылады. 
Ем тиімділігін жоғарылатып, резистенділікті жою ҥшін соңғы кезде 
пиротерапия мен шок әдістері (әсіресе электро тырысулық терапия) кеңінен 
тағайындалуда, оларды қолдану психотропты дәрілерді қолдану жоғарылау 
кезеңінде шектелген болатын.
Ем әсеріне қанағаттанбау терапияның зияндылығы жӛнінде ой 
туғызады. Белсенділігі жоғары психотропты дәрілер айқынырақ жанама 
әсерлер мен асқынулар шақырады деген заңдылық бар. Бҧл ҥнемі мінсіз 
психотропты зат іздеуге итермелейді, ал ол зат мынадай талаптарға сәкес 
келуі керек: айтарлықтай әсер ету кҥші, ҧзақтығы және психикаға таңдамалы 
әсері, қолдануға қолайлы, науқастың соматикалық, жалпы жағдайын 
нашарлатпауы керек, науқастың емделуі кезеңінде әлеуметтік ортада 
бейімделуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
Созылмалы аурулармен ауыратын науқастардың наризалығын емге 
психологиялық тәуелділік және кӛп жылдар бойы кҥн сайын кӛп мӛлшерде 
дәрі қабылдау қажеттілігі туындатады. Соңғы мәселені пролонгирленген әсер 
кӛрсететін препараттарға кӛшу арқылы шешуге болады. Мәселен, модитен-
депо (фтор-феназин-деканоат) атты нейролептикалық препарат иъекциядан 
кейін 2-4 апта ӛзінің антипсихотикалық әсерін береді. Тек дәрігер ғана емес, 
науқас та ем тиімді болуы ҥшін табандылық танытып, кӛп еңбек етуі керек. 
Бҧл табандылық ҥдемелі ағымдағы психикалық ауруларды белсенді емдеу 
барысында оның тек жасырын қолайлы тенденцияларын (мысалы, 
ремиттирлеуші 
ағымға 
бейімділікті) 
ғана 
емес, 
қолайлы 
емес 
тенденцияларының алдын-алуға мҥмкіндік береді. Шизофренияның ҥздіксіз-
ҥдемелі ағымымен науқастардың терапиялық ремиссияға ауысқан 
жағдайлары, ем әсерінен ақаулы кҥйлердегі симптоматиканың кері дамуы, 
қатерлі формалардың психопатологиялық ӛнімдерінің қатерсіз (мысалы, 
гебефренді қозудың маниакальды тәрізді қозуға кӛшуі) тҥрге ауысуы сияқты 
жағдайлар жиі кездеседі. Психофармокологиялық терапия қанша қарапайым 
болып кӛрінгенімен белсенді шокты терапиямен салыстырғанда аса 
индивидуальды тәсілді талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет