Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет119/331
Дата22.12.2023
өлшемі5,77 Mb.
#198708
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   331
Байланысты:
Психиатрия(каз)(@kaz medical students)

Функциональды жаттығу
мақсаты – қалыптасқан дертті жҥріс-тҧрыс 
стериотипін жаттығулар арқылы бҧзу және жаңа сау стериотип 
қалыптастыру. Дәрігер бақылауымен және оның белсенді араласуымен фобия 
немесе 
истериялық 
бҧзылыстармен 
науқастар 
біртіндеп 
ӛзіндегі 
бҧзылыстардан алшақтайды, ӛз әрекеттері саласын кеңейте тҥседі. Мысалы, 
агорофобия кезінде алғашында науқас дәрігердің қолдауымен, дәрігермен 
бірге аулаға шығады, келесі кҥні аула ортасына дейін жетеді, келесі кҥні 
кӛшеге шығады. Кейінірек ол осы әрекеттерді ӛзі жасайды, мҥмкіндіктерін 
ҧлғайтып отырады. 
Сергектік жағдайындағы сендіру
дәрігердің кҥшті ерік-қайратты 
ықпал етуі арқылы жҥргізілетін психотерапия әдісі. Әдіс науқастың 
эмоциональді-еріктік сферасына бағытталған, науқас сенгіштігі жоғары 
болған сайын тиімдірек. Бҧл әдіс әсіресе балаларда эффективті, ал 
ересектерде истериялық, фобиялық, неврастения белгілері болғанда 
қолданылады. Сендіру әдісі дәрігер кабинетінде немесе палатада жҥргізіле 
береді. Науқас бҧл кезде жатады немесе кӛзін жҧмып жартылай отырған 
кҥйде болады. 
Сендіру формуласы гипнозда қолданылатын сендіру әдісіне ҧқсас. 
Сеанстардың жалпы саны 15-20 рет. 
Гипноздық ұйқы жағдайындағы сендіру
– кеңес психологы К.И. 
Платоновтың анықтамасы бойынша «психотерапияның негізгі діңгегі». Әдіс 


~ 185 ~ 
мәні емдеу мақсатында адамның жоғары сенгіштігін ӛз қалауы бойынша 
гипноз жағдайына енгізуде қолдану. Гипноз қҧбылысының физиологиялық 
тҥсініктемесін И.П Павлов зерттеулері берді, бҧл «парциальды» ҧйқы 
жағдайы деді, бҧл кезде ҥлкен ми қыртысының терең тежелуі фонында 
дәрігермен раппортты қамтамасыз ететін «кҥзет пунктының» жекеленген 
белсенділігі сақталады деп тҥсіндірді. Психоз жағдайындағы науқастарға 
гипнотерапия қолданылмайды. Гипнотерапия шекаралық психикалық 
бҧзылыстар, психосоматикалық аурулардың кең кӛлеміне (бронхиальды 
астма, гипертония ауруының бастамасы, экзема, стенокардия т.б.), алгиялық, 
агриппниялық 
синдромдар, 
алкоголизм, 
наркоманияны 
емдеуде 
қолданылады. Психотерапияны бастамас бҧрын науқасқа әдістің мәнін 
тҥсіндіріп, оған салмақты қарау керектігін айтады және оның сенгіштік 
дәрежесін анықтайды. Терапияны ӛткізу ҥшін арнайы жабдықталған (дыбыс 
изоляциясы, кӛмескі жарық, ыңғайлы орындық, еденде кілем және т.б.) 
бӛлме қажет. Сендіру сеансы 3 сатыдан тҧрады: 1) науқасты гипноздық 
ҧйқыға енгізу; 2) гипноздық ҧйқы және осы жағдайда сендіру; 3) гипноздық 
ҧйқы жағдайынан шығару. Науқасты гипноздық ҧйқыға жылдамырақ енгізу 
ҥшін сӛздік сендіруден басқа метроном дыбысы, жауын шуы, теңіз толқыны 
шуылын, науқас терісін сипау, науқасқа жылтыр затқа кӛздерін бекітуді 
ҧсынады және т.б. тәсілдер де қолданылады. Алдымен науқасты 
тыныштандырып, босаңсытады, содан соң денедегі жайлы сезімдермен 
жҥретін ҧйқы жағдайына енгізеді. Келесі сеанстарда науқасты мазалайтын 
тақырыптар қозғалады, оларға дҧрыс баға беріліп, аурудан сауығып 
кететініне сендіреді. Гипноздық ҧйқыдан шығу дәрігер командасымен іске 
асырылады.
Гипноздық ҧйқы сатылары: І – қалғу жағдайы; науқас бҧл кезде 
сендіруге қарсы тҧра алады; ІІ – гипотаксия, сендіруге пассивті кӛну; оны 
қозғалыссыз отыруға кӛндіруге болады, бірақ қоршаған ортаны бағдарлау 
сақталады; ІІІ – сомнамбулизм, дәрігерге толық бағыну, оянған соң болған 
оқиғаны толық ҧмыту. Емдеу мақсатында гипноздың І, ІІ сатыларын 
қолданады. Гипноздан кейін әлсіздік, сирек – естен тану, тырысулық ҧстама 
(истерияда), гипнозға әдеттену болуы мҥмкін. Кейде раппорт жоғалуы 
байқалып, гипноздық ҧйқы физиологиялыққа ауысуы мҥмкін. Мҧндай 
жағдайларда физиологиялық ҧйқыны бірден бҧзбайды, тек жарты сағат ӛткен 
соң гипноз сеансынан кейінгі әдіспен оятады. Ем курсы гипноздың 10-15 
сеансынан тҧрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   331




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет